Редакция таңдауы
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде Елбасының жеке топтамасындағы жәдігерлер, мемлекет басшылары мен олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, өнер туындылары және мәні зор тарихи құндылықтар жинақталған. Біз осы жолы музейдің «Даңқ» галереясындағы экспозициясын сөйлетсек дейміз. Онда Тұңғыш Президентіміздің жетекшілігімен жүзеге асқан Қазақстанның жаһандық саясатының дәлелдері жинақталып, 50-ден аса қоғамдық және жоғарғы мемлекеттік награда орналасқан.
03 Желтоқсан, 2021
ЭКСПО-2020: Қазақстанның ұлттық күні аталып өтті
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, EXPO 2020 Dubai дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысты.
03 Желтоқсан, 2021
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жамбыл апталығы» аясында «Жамбыл және түркі әлемі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті. Оған Қазақстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Болгария, Башқұртстан және Саха Республикасынан танымал жамбылтанушы, әдебиетші, тілші ғалымдар мен осы оқу орнының жастары қатысты.
02 Желтоқсан, 2021
Елорда төрінде жаңадан ашылған мекеме Мәдениет және спорт министрлігі Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының реставрация-консервация бөлімінде осыдан 112 жыл бұрын Петербор қаласында басылып шыққан Абай Құнанбаевтың құнды кітабы жаңғыртылып, жаңарған нұсқасы Семейдегі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне табысталды.
02 Желтоқсан, 2021
Кәсіпті нәсіп еткендер – елге құт
Тәуелсіздік алғалы ел саясатының басым бағытының бірі бизнесті қолдау болып келеді. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан – ТМД мемлекеттері арасында алғаш болып кәсіпкерлерге жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқан ел. Елбасы 1992 жылдың 5 мамырында Қазақстанда алғаш рет кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1992-1994 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады, шілде айында «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» заңға қол қойылды. Осылайша, Тұңғыш Президенттің бастамасымен орта және шағын кәсіпкерлікке қолдау көбейіп, қолайлы жағдай жасала бастады.
02 Желтоқсан, 2021
Студент – қаржы түсірудің көзі емес, тәрбиеленуші тұлға
Біз жоғары білімді жастарға болашақта ел экономикасының тізгінін ұстайтын, қоғамымызды алға бастыратын күш ретінде үмітпен қараймыз. Еліміздің бірлігін, ұлтымыздың мәдениетін, ана тілімізді, халқымыздың дәстүрлерін дәріптеп, жалғастыратын да солар.
02 Желтоқсан, 2021
Елордада газбен жүретін автобус сынақтан өтеді
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ержан Диханбаев газбен жүретін қоғамдық көліктерді сынау ниеті туралы айтты. Спикердің айтуынша, газ автобустарын сатып алу мәселесі зерделенуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021
Отандық кино нарығына 6 тарихи сериал қосылды
Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген тарихи телехикаялардың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021
Жалғас қарсыласын жазалауға дайын
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC жауынгері Жалғас Жұмағұлов «Ушатайка: Спорт-Экспресс» ютуб арнасына сұхбат беріп, алдағы жекпе-жегіне қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021
Мектептерде жаңажылдық ертеңгіліктерге рұқсат беріле ме?
Балабақшаларда немесе мектептерде жаппай ертеңгіліктер болмайды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес елімізде бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021
«Абайдың қара сөздері» фильмінің түсірілімі аяқталды
ҚР Президентінің телерадиокешені Абайдың 175 жылдығына арнап түсірген киножоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығынан» қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021
Балқаш көліне жауапты органдардың жұмысында бірізділік жоқ – Сенатор
Сенатор Рысқали Әбдікеров Балқаш көлінің таязданып бара жатқанына алаңдаулы. Осы мәселе төңірегінде депутат Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021
Ақтауды безендіруге 24 млн теңге жұмсалды
Қаланы мемлекеттік мерекелерде безендіруге 24 579 568 теңге бөлінген, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
02 Желтоқсан, 2021
Қазақстаннан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі 2021 жылғы 23 қарашадағы «Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тұңғыш Президент - Елбасы туралы кітабы португал тілінде шықты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Тарих сомдаған тұлға» атты кітабы португал тілінде шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2021
«EXPO 2020 Dubai» көрмесінде Қазақстанның ұлттық туы көтерілді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барып, «EXPO 2020 Dubai» дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық күні аясындағы іс-шараларға қатысты, деп жазады Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2021
Елбасы суреті бейнеленген жаңа 20 мың теңге айналымға шығады
Қазақстан Ұлттық банкі ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған номиналы 20 000 теңгелік мерейтойлық банкнотты айналымға шығарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2021
Қазақ жеріндегі шикізаттық қоры мол табиғи байлықтың бірі – мұнай. Әлемдік нарықта баррельмен бағаланған «қара алтынды» экспортқа тасымалдаудан түсетін табыс аз емес. Жеті қат жер астынан тонналап өндірілген мұнайды өңдейтін отандық кәсіпорынның бастауында Атырау мұнай өңдеу зауыты тұр. Қазір бұл зауыт жанар-жағармай түрлерін шығарумен шектелмейді. Мұнда жаңаруға жалғасқан жаңғыртудан кейін іске қосылған хош иісті көмірсутектер шығару кешенінде екі жаңа өнім алына бастады. Оның бірі – бензол, екіншісі – параксилол. Бұрын елімізде дәл осындай шикізаттық өнімдер шығарылмағанын ескерсек, мұны тәуелсіздіктің жемісі деуге болады.
30 Қараша, 2021
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев іргетасын қалап, байтағын берік бекіткен, байрағын биік көтерген тәуелсіздіктің әр таңы біз үшін аса арайлы! Терең тарихты зерделерге биік парасат керек. Ортақ мақсатқа ойлы қадам, жаңаша көзқарасқа айрықша серпін, жемісті жетістікке жүйелі жоспар жеткізеді.
30 Қараша, 2021
Мұғаллақ аспан ғана ұстынсыз. Ұлыс та, ұлт та, жалқы адам да ұстынсыз бола алмайды. Оның ұстыны – идеялар, концепциялар мен доктриналар, стратегиялар менен жоба-жоспарлар. Мұратына жеткісі келер әрбір мұғадалы кісі осының біріне ұмтылады. Өзін қазып табады, өзінен табылмаса өзгеден іздейді. Бірақ әлбетте ол оның болмысына нұқсан келтірмейтіндей болса ғана.
30 Қараша, 2021