Редакция таңдауы
Бизнесті берекелі еткен бес жыл
Бұрын бизнес саласына екінің бірі бара бермейтін. Өйткені көпшіліктің түсінігінде кәсіпкерлікпен қалталылар ғана айналысады және бұл қара халыққа қол емес. Санаға сіңіп қалған осы бір қасаң қағиданы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы жетекшілік ететін «Бастау Бизнес» жобасы біржола бұзып, халықтың түсінігіне сілкініс әкелді. Қазір жағдай мүлдем өзгерген. Шағын және орта бизнеспен жас та, жасамыс та, жарлы да, малды да айналыса алады. Бастысы ниет болса болғаны. Қолдау түрлері де көп. Сондықтан болар, осы күні ел ішінде жеке бизнесін ашып, берекелі іспен айналысуға бел буған отандастарымыздың қатары қалың. Ал ниеттілердің нөпірі әлі де толастар емес.
07 Желтоқсан, 2021
Паганини, сенің не сиқырың бар осы?.. Жын иектеп кеткендей сахнада еркінен тыс елегізіп, бақсыдай аласұрған өнер иесінің өмірі бал мен удың қосындысындай еді. Бірақ оны ешкім білмеді. Оның жалынды темпераменті және көз ілеспес жылдамдығы залда отырған көрерменді өртеп жіберердей ыстық болатын. Содан да болар, оны жұрт «XIX ғасырдың долы бораны» санады.
06 Желтоқсан, 2021
Мұрат Жұрынов: Елдің келешек дамуы ғылым деңгейімен айқындалады
Биыл ғылымның қара шаңырағы – Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 75 жыл толды. Осы жылдарда академия кеңестік басқару жүйесінен Батыс Еуропа үлгісіне көшіп, қоғамдық қор ретінде жұмысын жалғастырып келеді. Алпыс жылдан астам еңбек жолын білім мен ғылымды дамытуға арнаған ғалым, елімізге және шетелдерге танымал академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат», «Барыс» ордендерінің иегері, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА президенті Мұрат Жұрыновпен әңгімемізде отандық ғылымның дамуына қатысты мәселелер айтылды.
06 Желтоқсан, 2021
Сапалы білім беру мәселесі қозғалды
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Қазақстан азаматтарының білім беру саласы бойынша Конституцияда бекітілген құқықтарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Комиссия төрағасы Игорь Роговтың жетекшілігімен өткен жиында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баяндама жасап, осы бағытта атқарылған ауқымды жұмыстарға кеңінен тоқталды.
06 Желтоқсан, 2021
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Ашаршылық. Голод. 1928-1934. Документальная хроника» жинағының IV-V томдары көпшілікке таныстырылды. Биыл мамыр айында осы еңбектің алғашқы үш томы Сенаттың ұйытқы болуымен Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында жарық көрген еді.
06 Желтоқсан, 2021
Еліміздің бас басылымында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты отыз жылдық белеске көз жіберіп, парасатты ой қорытқан мазмұнды мақаласы жарық көрді.
06 Желтоқсан, 2021
Ұлттық қор тарыққанда демеу болады
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығының басында Қазақстан ресурстар мен тәжірибе жинақтап, экономикалық жаңғыртуды, инфрақұрылымды жаңартуды және шикізаттық тәуелділіктен алшақтауды жүзеге асыра бастағанын атап өтеді. Осы күрделі міндетті шешу процесінде жаңғыруға жол ашатын ресурстарды жинақтаудың негізгі құралына айналған Қазақстанның Ұлттық қоры маңызды рөл атқарады.
06 Желтоқсан, 2021
Азаттықтың қадірін әр азамат түсінуі керек
Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында атап көрсетілгендей, егемендік жолы жеңіл болған жоқ. Ал тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейін елдің еңсе тіктеуі, тығырықтан шығуы да біраз күш-жігерді қажет етті.
06 Желтоқсан, 2021
Тарихшы Талас Омарбеков өмірден өтті
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков өмірден өтті, деп жазады Egemen.kz.
06 Желтоқсан, 2021
Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға асықты
Соңғы үш күнде enpf-otbasy.кz платформасы арқылы біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға 46 мың өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Желтоқсан, 2021
«Egemen Qazaqstan» газеті мен «Российская газета» өзара келісім жасасты
Республикалық «Egemen Qazaqstan» газеті мен «Российская газета» баспасы өзара іс-қимыл туралы әріптестік келісімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Желтоқсан, 2021
Зейнетақы қорындағы артық қаражатты «Отбасы банкке» аударуға рұқсат етіледі
Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, БЖЗҚ-дағы артық қаражатты келесі жылдан бастап «Отбасы банкке» аударуға болады, деп жазады Egemen.kz.
06 Желтоқсан, 2021
Мұғалімдердің жалақысы қысқаратыны рас па?
Әлеуметтік желілерде жаңа жылдан бастап педагогтердің еңбекақысы қысқаратыны туралы бейресми ақпарат тарауда, деп жазады Egemen.kz.
06 Желтоқсан, 2021
Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұзарады
Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын кезең-кезеңімен ұлғайту қолға алынуда. Осыған байланысты 2022 жылдың қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 60 жас 6 ай болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
06 Желтоқсан, 2021
Отызыншы жылдары «Халық жауы» деп айыпталғандардың көбі керісінше, халықтың бостандығы үшін құрбан болғаны мәлім болды. Қалай дегенмен, тағдырға түскен таңбаны өшіру оңайға соқпас. Жуықта редакциямызға «атамды ақтағым келеді» деп Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылының тұрғыны Альмира Құрманбекқызы хабарласқан.
06 Желтоқсан, 2021
Алматының дамуы әртараптандырылады
Аlmaty Investment Forum-2021 қаланы дамыту, агломерация, урбандалу және цифрлы трансформацияның басым бағыттары мен құралдарын талқылауға басымдық берді. Жиында белгілі болғандай, енді Алматы экономикасы «мега-қала», «поли-сити» және «метро-қала» айналасында дамиды.
06 Желтоқсан, 2021
«Жамбыл жырау» – ұлттық операның рухани олжасы
Биыл 26 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының сахнасында өз мәресіне жетті. Мемлекеттік лауазымды тұлғалар, Қырғыз Республикасының жоғары мәртебелі делегациясы, мәдениет және өнер қайраткерлері, зиялы қауым, ақын ұрпақтары, Алматы қаласының тұрғындары қатысқан салтанатты жиын Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың Жамбыл жылында атқарылған шараларды жан-жақты қорытындылауға бағытталған баяндамасымен ашылды.
05 Желтоқсан, 2021
Оның аппақ сақалы Санта Клаустың сақалына ұқсайды. Ол Дүниежүзілік екі бірдей ұлы соғысты көріп, қан майданда қалам ұстаған жазушы. Шығармасын кейде сау, кейде мас күйінде жазды. Бірақ бірде-бір туындысында оқырманын жалықтырған емес. Қалам мен қаруды серік еткен ол Танзанияда аңшылыққа шығып, мүйізтұмсықтарды аулады. Былғары қолғап киіп, бокс өнерімен айналысты. Тағдыр оны бірнеше ұшақ апатынан аман алып қалды. Ең маңыздысы, ол өлмес шығармалар жазып, адамзат тарихындағы ең керемет жазушыға айналды. Оның аты – Эрнест Хемингуэй. Оның тарпаң тағдыры әртүрлі қиындықтарға мойымай, соны жеңумен күресе алды. Бір сөзбен айтқанда, Эрнесттің қаламы оның өзінің мінезі сияқты тентек, ойы ол кезген ұлан-ғайыр алқапқа ұқсас ұшы-қиырсыз болды.
05 Желтоқсан, 2021
Валютаға сұраныс артқанда, интервенция жүргізіледі
Қазақстанның валюта нарығы сыртқы нарықтардағы жағдайдың нашарлауы себепті шетел валютасына сұраныстың өсу кезеңін бастан өткеріп отыр. Биржалық валюталық сауда-саттықта жыл басынан бергі мәмілелердің ең жоғары көлемі тіркелді, теңге бағамы бір доллар үшін 436 теңге деңгейіне дейін әлсіреді. Бұған не себеп болды?
05 Желтоқсан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қырымды неге Ресейдің жері деп танымағаны туралы айтты
Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев уақытында Қырымды неге Ресейдің бір бөлшегі ретінде мойындамағаны туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Желтоқсан, 2021