Редакция таңдауы
Қарағанды облысында жыл сайын 19 мың бала дүниеге келсе, оның 7%-ы мерзімінен бұрын туады екен. Шала туған сәбилерге көмекті алты перинаталдық орталық көрсетеді. Мысалы, солардың біріне жататын мекеме облыстық клиникалық аурухананың базасында жұмыс істейді және жылына 5 мыңға жуық ананы аман-есен босандырады.
27 Қыркүйек, 2021
Ізгілікке үндеген іргелі бастама
XXI ғасырдың басында Қазақстан алғаш рет зайырлы мемлекет әрі халықаралық құқық субъектілерінің бірі ретінде іргелі бастама көтеріп, жаһандық және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасында үнқатысу мен бейбіт пікір алысуды нығайту, сондай-ақ өркениетаралық қарым-қатынастар мен өзара түсіністікті жолға қоюға бағытталған аса жауапты миссияны іске асыруға белсене кірісіп кетті.
27 Қыркүйек, 2021
Табиғаты көркем, сулы, нулы Ақмола облысында туризм саласын дамытуға мол мүмкіндік бар. Сала серпін алса, ел экономикасына қосылар үлес көбейіп, әлем елдерімен байланыс дами түспек.
27 Қыркүйек, 2021
Екпе алғандарға – екі Chevrolet
Өңірдегі коронавирус инфекциясымен күрес, вакциналау жағдайы туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров хабарлады.
27 Қыркүйек, 2021
Электр энергетикасы: Іркіліс пен ізденіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте елдің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты екенін атап өткені мәлім. Бүгінгі таңда электр энергиясына тарифтерді көтеру мәселесі өзекті болып отыр.
27 Қыркүйек, 2021
Италия «Талибанды» мойындауға қарсы
Италияның Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майо Ауғанстандағы «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) үкіметін мойындау мүмкін емес деген мәлімдеме жасады. Дегенмен министрдің айтуынша, ауғандықтар өткен айда қарулы топ билік басына өткеннен кейін тоқтап қалған қаржылық қолдау алуын қайта жалғастыруы керек.
27 Қыркүйек, 2021
Соңғы жылдары елімізде шағын және орта бизнес субъектілері санының артып, жергілікті өнім өндірушілер қатарының толығып келе жатқанына дер кезінде қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың қосқан үлесі зор.
27 Қыркүйек, 2021
Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар жазаланады – Асхат Аймағамбетов
Мұғалімдерді санақ жұмыстарына тартқандар тиісті жазасын алады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
БАҚ туралы заңды бұзған 6 шетелдік сайттың жұмысы тоқтатылды – ақпарат министрі
Аида Балаева БАҚ-та ақпарат тарату кезіндегі құқықбұзушылықтар жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
Алексей Цой вакцинадан кейін қанша адамның қайтыс болғанын айтты
1 ақпаннан бері коронавирусқа қарсы вакцина алған 482 адам індеттен көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды
Компания Директорлар кеңесінің шешімімен Айымбетов Айдын Ақанұлы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
Ashyq-тағы «жасыл» мәртебе қанша уақыт сақталады?
ҚР Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді, деп жазады Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
Қазақ музыканты Англияда өткен байқаудың бас жүлдесін иеленді
Қазақстандық музыкант Англияның Лидс қаласында өткен беделді байқауда бас жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
«Astana Media Week – 2021» медиа апталығы басталды
«Astana Media Week – 2021» жыл сайынғы медиа апталығы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
Елордада атпен серуендеуге арналған орталық ашылды
Нұр-Сұлтанда жасыл белдеу аумағында ат спорты кешенінің құрылысы аяқталды. «Туристік маршрут» деп аталатын жаңа нысан (жасыл белдеу аумағындағы атпен жүруге арналған соқпақ жол) қала тұрғындары мен қонақтары үшін ең тартымды орындардың біріне айналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қыркүйек, 2021
Тағдыры темірдей шыңдаған қайраткер
Нығметжан Есенғарин есімі тек республикаға ғана емес, одан тысқары жерлерде де жақсы таныс. Өзінің еңбек жолын қарапайым байланыс монтері ретінде бастаған ол тынбай ізденуінің арқасында КСРО Жол қатынастары министрінің орынбасары, одан кейін тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Көлік министрі, Премьер-министрдің бірінші орынбасары деңгейіне дейін көтерілді.
26 Қыркүйек, 2021
Шектеуде ширыққан шағын бизнес
Пандемия басталғалы шағын бизнестің де тынысы тарылып, бұған дейін өркендеп тұрған талай шағын кәсіпорындардың өндірісі тұралап, табысы ортайып қалғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында бұл жағдайға ерекше тоқталып, күрделі кезеңнің қиындығын еңсеру үшін 700 мыңнан астам кәсіпкерге түрлі жеңілдіктер мен жаңа мүмкіндіктер берілгенін, бұл мақсаттағы мемлекеттік қолдау әлі де жалғасатынын айтты. Індетке қарсы карантин шаралары бірде қатайып, бірде жібіңкіреп тұрған елең-алаң кезеңге қарамастан, ел ішінде білек түріп бизнес ашып, шағын да болса кәсібін дөңгелетіп әкеткен азаматтар жүр. Шектеуде ширыққан талапты жандардың істеп жатқан тіршілігі көңілге мұз көбесін жарып шыққан жауқазындай жылу ұялатады.
26 Қыркүйек, 2021
Өмір, шіркін, сынаптай сырғып өтеді. Көп нәрсе ұмытылып жатады. Тәжікстандағы азаматтық соғыстың аяқталғанына да аз уақыт болған жоқ. Әйтсе де, Раджан Батырханов қабырғадағы портретінен бізге бәз-баяғы жас қалпында көз тастап тұрған сыңайлы. Оның анасы, бауырлары мен мектептегі кезінде тай-құлындай тебісіп өскен достары, туған өлкесі Катон-Қарағайдан шығып, күркіреп аққан Пяндж өзеніндегі «ыстық нүктені» иық тіресе жүріп бірге қорғаған жауынгерлер арамызда жүр.
26 Қыркүйек, 2021
Вакцина коронавирус қаупін сейілте бастады
Әлемді әбігерге салған коронавирус әлі де аптығын басар емес. Кейінгі бірнеше күнде індет жұқтыру қарқыны саны сәл саябырсығанымен, тәулігіне 500 мыңға жуық адам қауіпті дерттің тырнағына ілінеді. Осыған байланысты көптеген елде әлі де карантиндік талаптар жеңілдетілген жоқ. Әйтсе де, вакцина салдырғандар саны көп елдер шектеу шараларын босаңдата бастады.
26 Қыркүйек, 2021