Редакция таңдауы
«Жасыл» – жақсылықтың жаршысы ма?
Атырау облысы бірнеше апта бойы «қызыл аймақта», одан соң «сарыда» тұрақтаған еді. Енді 9 ақпандағы мәліметке сәйкес, «жасыл аймаққа» өтті. Алайда сол тәулікте 49 адамның қауіпті вирусты жұқтырғаны белгілі болып отыр.
11 Ақпан, 2021
Геологиялық барлауға тың көзқарас қажет
Минералдық-шикізат базасын нығайтуда геологиялық барлау жұмыстарының маңызы зор. Қазақстан пайдалы қазбалар (вольфрам, хром, уран, марганец, мырыш және қорғасын) қоры жағынан әлемде жетекші елдердің қатарында болғанымен жаңадан ашылған кен орындары жоқтың қасы. Осы тұрғыдан алғанда, жер қойнауына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізудің қаншалықты маңызды екенін бағамдай беруге болады.
11 Ақпан, 2021
Қанша қазақстандықтың банкке қарызы жоқ?
Елдегі бөлшек несиелеу көлемі күрт төмендеген. 2019 жылы оның көлемі 20 пайыз болса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша небәрі 9 пайыз өсім көрсеткен. Бірінші кредиттік бюро мәліметі бойынша, 2020 жылы бөлшек несие портфелі 7,1 трлн теңгені құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Ақпан, 2021
Жансейіт Түймебаев лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Ақпан, 2021
Н.Нығматулин интеграциялық құрылымдарда Қазақстанның біркелкі өкілдігіне қатысты пікір білдірді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин интеграциялық бірлестіктердің жұмыс органдарында Қазақстанның біркелкі өкілдік ету қағидатының сақталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz
10 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» спорт кешені сүрілуі мүмкін
Қазіргі таңда спорт кешені апатты жағдайда тұр. Елордадағы «Қазақстан» спорт кешені сүрілуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Қазір спорт кешені апатты жағдайда тұрғаны анықталды.
10 Ақпан, 2021
Спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен жауапты қызметке тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің жетекшілігіне танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Ақпан, 2021
Алматыда 5000 түп ағаш заңсыз кесілгені рас па?
«Құрылыс-2» ЖШС мердігер ұйымының өкілі Арман Ахметов Алматының Бостандық ауданындағы Үлкен өзенінің жоғарғы ағысында сел ұстайтын бөгет салу кезінде жасыл желектерді кесуге қатысты қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
10 Ақпан, 2021
ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бұйрығымен Шалқар Мұқашұлы Қожаев 2021 жылғы 10 ақпаннан бастап Президенттің Баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
10 Ақпан, 2021
Қарағандыда ер адам кассирді өртеп жібермек болды
Қарағандыда қарақшылар қаладағы шағын несие ұйымдарының бірінің кассиріне шабуыл жасап, үстіне бензин құйып, жағамыз деп қорқытқан, деп хабарлайды Egemen.kz
10 Ақпан, 2021
Әлия Юсупова жаңа қызметке тағайындалды
Әлия Юсупова Гимнастикадан ҚР федерациясының басшысы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz
10 Ақпан, 2021
Жаһанды қалпына келтірудегі көпжақты әріптестік
Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы төменде жариялаған мақалалар топтамасында коронавирус дағдарысымен күрес мәселелері сөз болады. Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Сенегал президенті Маки Салл, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйеннің авторлығымен шыққан «Жаһанды қалпына келтірудегі көпжақты әріптестік» атты мақалада дағдарыспен күрестегі маңызды мәселелер сөз болады. Мақалада пандемиядан кейінгі әлемді қалпына келтіру үшін жаһандық әріптестік қажет екені айтылады. Сондай-ақ әлем көшбасшыларының ортақ мәмілеге келуінің маңызына тоқталған. Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің халықаралық саяси экономика профессоры Дани Родрик өз мақаласында Африкадағы және кедей елдердегі технологиялық дилемма жөнінде ой қозғайды. Автордың айтуынша, аз жұмыс күшін қажет ететін, бірақ көп өнім шығаратын заманауи технологиялар табысы төмен елдерге тиімсіз болып отыр. Айта кетейік, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
10 Ақпан, 2021
Спорт сарқыты Ақ Азиаданы тамашалауға мәжбүр болған түлкі
Осыдан 10 жыл бұрын 30 қаңтарда Азия ойындары басталды. Ақ Азиадаға дейін Қазақстанда мұндай спорт додасы болмағаны анық. Спорт – тек сайыстардан тұрмайтындығына сол күндерде кезекті рет көзіміз жеткен. Осы бір тынымсыз екі апта санамызда өшпестей болып жатталды. Күтпеген жеңістер, өкініші өзек өртер жеңілістер – осының бәрі де спорт шежіресіне енді. Қазақстанда өткен қысқы Ойындарда алтын мен күміс жүлденің арасы жарты секундқа да толмаған жарыстарға куә болдық. Қас-қағым сәт деген осы! Қарсыластың қателігінен жеңіске емес, керісінше жеңіліске душар еткен оқиғалар да баршылық. Сондай-ақ Азиада-2011 талай спортшының жұлдызын жақты. Еліміздің спорттық шежіресіне жаңа есімдер енді. Оған дейін ұлттық спорт ойындарының ішінде аса танымал болып көрмеген жаңа спорт түрлері тұсауын кесті. Бұл топтамада Азиаданың қызықты сәттерін, елең еткізер тұстарын еске алып отырмыз.
10 Ақпан, 2021
Ыстық су, шатқал және соғды ерені туристік хабқа айнала ма?
Әдетте, Алматы облысындағы туризмнің дамуы туралы айтқанда алдымен тіл ұшына Алакөл жағалауы оралады ғой. Әрине, бұл заңдылық. Өйткені көл жағалауындағы демалыс маусымының қызған шағында бұл өлкенің аты әлемге таралады. Алайда туристер қатары сиремейтін табиғаты ерекше аумақтар өңірдің басқа аудандарында да жеткілікті.
10 Ақпан, 2021
Аттай бір жыл үзілістен соң «Astana Musical» мемлекеттік театрының жаңа маусымы «ЕНТ тапсырмаймын!» атты премьерамен ашылды. Драма жанрындағы жаңа туынды белгілі драматург Л.Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» атты шығармасына негізделген.
10 Ақпан, 2021
Өз заманының заңғар тұлғалары саналы жанның рухани кемелденуіне негіз болып, рухизаттың шөл басар кәусар бұлағына айналуымен биік. Олардың жүрек көзін ашар жауһар туындылары ұрпақ жадында гүлдеп, уақыт сандығында мәңгі сақталады. Сондай алыптардың қатарында түркі жұртының текті перзенті Әлішер Науаи де бар. Сол мүддені негізге алып, Халықаралық Түркі академиясы абыз ақынның 580 жылдығына орай «Шығыстың жарық жұлдызы» атты шара өткізді.
10 Ақпан, 2021
Қазақ тарихындағы ауыр зұлмат: Ашаршылық салдарына бүгінгі көзқарас
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылы 5 қаңтарда жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында еліміздің өткені мен бүгініне шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқындай түсті. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін мемлекетіміздің әр саладағы жетістіктерін саралай келе, алдағы уақытта атқаруға тиіс кезек күттірмес шаруаларды арқау етті.
10 Ақпан, 2021
Кедей елдердегі технологиялық дилемма
Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы төменде жариялаған мақалалар топтамасында коронавирус дағдарысымен күрес мәселелері сөз болады. Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Сенегал президенті Маки Салл, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйеннің авторлығымен шыққан «Жаһанды қалпына келтірудегі көпжақты әріптестік» атты мақалада дағдарыспен күрестегі маңызды мәселелер сөз болады. Мақалада пандемиядан кейінгі әлемді қалпына келтіру үшін жаһандық әріптестік қажет екені айтылады. Сондай-ақ әлем көшбасшыларының ортақ мәмілеге келуінің маңызына тоқталған. Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің халықаралық саяси экономика профессоры Дани Родрик өз мақаласында Африкадағы және кедей елдердегі технологиялық дилемма жөнінде ой қозғайды. Автордың айтуынша, аз жұмыс күшін қажет ететін, бірақ көп өнім шығаратын заманауи технологиялар табысы төмен елдерге тиімсіз болып отыр. Айта кетейік, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
10 Ақпан, 2021
О. Генри О. Генридің «Тынымсыз есік» (The Door of Unrest) әңгімесін оқи бастағанда әдебиетте жазыла-жазыла жауыр болған екі- мыңжылдық тарихы ескі фабулаға, көне канондық сюжетке тағы да жолыққандай екіұдай сезімде болғанымыз жасырын емес. Десе де, өзі айналдырған 36 сюжеттің (Ж.Польти) маңайын мың жылқы таптап өтсе де, мезгіл-мезгілімен ескі оқиғаның өзінен де жаңа бір мән табатын, жаңа бір идеямен ашатын жай да аз кездеспейді ғой. Әңгіменің соңына қарай бір тақырыпты көтерген екі оқиға қатар өрби бастағанда барып, кейіпкер өзінің соңғы сөзін айтқан тұста шығарманың жұмбағы ашылып сала береді. Сол тұста кеуде тұсың шым ете түседі. Тітіркенген бойыңда дызылдап, тамыр-тамырды қуалап белгісіз бір үрейлі ойлар ағыны абдыратып, абыржытып қояды. Жазушының шеберлігі деген де сол емес пе еді өзі?!
10 Ақпан, 2021
Әлеуметтік мекемелердегі әділетсіздік
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 20 мекеменің қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында қызмет алушылардың құқықтары бұзылғаны және орталықтардың қызметін ұйымдастырудағы бірқатар кемшілік анықталды.
10 Ақпан, 2021