Редакция таңдауы
Өткен тәулікте 1341 науқас індеттен емделіп шықты
Қазақстанда өткен тәулікте 1341 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 200964-ке жетті
Қазақстанда өткен тәулікте 920 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
13 Ақпан, 2021
Әлішер Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
12 Ақпан, 2021
Ермек Алпысов қызметінен босады
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ермек Алпысов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Ақпан, 2021
«AsiaCredit Bank» АҚ-ның лицензиясынан айырылуы банк секторына қалай әсер етеді?
12 ақпан күні қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «AsiaCredit Bank» АҚ-ны лицензиясынан айыру туралы шешімін жария етті. Банк пруденциялық нормативтерді және лимиттерді жүйелі түрде бұзған. Агенттіктің бірнеше мәрте ескертуі және талап етуіне қарамастан банк клиенттер алдындағы міндеттемесін орындамаған.
12 Ақпан, 2021
Білім және ғылым министрлігі 8 колледждің лицензиясын қайтарып алды. Осыған байланысты олардың қызметі толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz
12 Ақпан, 2021
М.Мақатевтың туғанына 90 жыл: Миллион кімге бұйырды?
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай Алматы қалалық Мәдениет басқармасы ұйымдастырған «Есіңе мені алғайсың» атты республикалық онлайн байқауда Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Еркежан Төлеубек жеңімпаз деп танылып, бас жүлдеге тігілген 1 миллион теңгені еншіледі.
12 Ақпан, 2021
Қазақстанның Армения, Швеция және Бразилиядағы елшілері тағайындалды
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Армения, Швеция мен Бразилиядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Ақпан, 2021
Қазақстанда ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.
12 Ақпан, 2021
Бірде «Дұрыс болған екен...» Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқанов стол басында жұмыс істеп отырған кезде де қасындағы телефонның құлағын көтеріп сөйлесе береді екен.
12 Ақпан, 2021
Аспантаудың ақиығы, поэзия патшасы Мұқағали Мақатаев туралы естеліктерге құлағымыз түрік жүретіні анық. Ақынның дара жолына, балалық шағына, өлеңді өміріне кез келген адам елең етіп, қызыға қарайды. Сондай Мұқаңмен дәмдес-тұздас, сырлас-мұңдас болған адамдардың қаншалық қатары сиресе, ақын туралы естеліктер де соншалық сарқыла бермек. Сол себепті жылт еткен естелікті елемей өте алмаймыз. Мұқаңның әруағын асырып, аспандатып жіберген, поэзиялық портреттің авторы ауылдас ағамыз екенін елден естігенде қуанғаннан құрақ ұштық.
12 Ақпан, 2021
Таза ауыз су ішкеннің денсаулығы мықты
Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі Қазақстанның тәуелсіздік алған 30 жылының бойында күн тәртібінен еш түскен емес. Халықтың денсаулығын сақтауда ауадан кейінгі қажеттілік – ішетін судың таза болуы екені әлімсақтан белгілі. Обалы нешік, Үкімет бұл іске ақшаны аямай-ақ бөліп келеді. Бірақ бірізді және бір жүйеге қатаң түсірілген бақылаудың жоқтығынан ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі әлі күнге ақсап тұр. Жасыратыны жоқ, кейбір шенеуніктер бұл істің толық аяқталмауын да қалайтын сияқты. Өйткені қаржы бөлінген жерден ебін тауып ақша ұрлауға болады. Ондайлардың ұсталып, сотталып жатқандары да белгілі. Бірақ ұсталмай жүргендері де аз емес екенін сеземіз.
12 Ақпан, 2021
Пандемияның батпандап кіргеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Эпидемия кесірін тигізбеген сала қалмаған болар. Адамдардың күнделікті режімінен бастап, дүниежүзілік экономикаға дейін қалыпты жүрісінен қалды. Бұл ретте ғаламдық экономиканың ажырамас бөлігі – көші-қон, әсіресе еңбек көші-қоны да елеулі өзгеріске ұшырады.
12 Ақпан, 2021
Балтық жағалауында бағымыз жана ма?
Өткен аптаның соңында Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) ағымдағы жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында Латвияның астанасы – Ригада өтетін әлем чемпионатының кестесін жариялады. Соған сәйкес Қазақстан құрамасы өзінің тұсаукесер кездесуін 22 мамырда айдын иелерімен өткізеді. Келесі күні Финляндиямен күш сынасады. Ал одан кейінгі күндері мынадай командалармен шеберлік байқасады: 25 мамыр – АҚШ, 26 мамыр – Германия, 28 мамыр – Канада, 29 мамыр – Италия және 31 мамыр Норвегия.
12 Ақпан, 2021
Бұрын «Той сарайы» атты мейрамхана-тұғын. Жанынан өткенде даңғаза музыка, масаң топтың дуылы, асабаның арзан әзілі сыртқа естіліп жататын. Одан кейін жылға жақын қаңырап тұрды. Кеше көрсем...
12 Ақпан, 2021
Қазақстандықтар БЖЗҚ-дан қанша ақша алды?
Ел тұрғындары тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 350 миллиард теңге көлемінде біржолғы зейнетақы төлемін алған. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мәлімдеді.
11 Ақпан, 2021
Енді ҚПЛ командаларының жағдайы қалай болмақ?
Бұған дейін жергілікті бюджеттің спортты дамытуға бөлген 70-80 пайыз қаржысына «қол сұғып», өзге де спорт түрлеріне бөлінетін ақшаға ортақтасып келген өңірдегі футбол клубтарының «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» дәуірі енді келмеске кетті. Себебі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылдан бастап отандық футбол клубтарын мемлекеттің және квазимемлекеттік компаниялардың бюджетінен қаржыландыру 50 пайызға қысқартылды.
11 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығын дамыту барысында жер қатынастарының маңызды рөл атқаратынын айта келе: «Биыл Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталады. Осыған орай, Жер жөніндегі комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет. Ұсыныстар байыппен талқыланып, түбегейлі шешім қабылдануға тиіс. Үкіметке биылғы қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», деді.
11 Ақпан, 2021
Жанғали Жүзбай: Дала күйшілерінің үлгі-мәнерін үйрендім
– Биыл алпыс жасқа толған екенсіз. Көңіл күйіңіз жақсы ма? – Алпыс – өткенге есеп беретін жас екен. Осы уақытқа дейінгі кезеңімді еске алсам, маңызды дейтіндей ешнәрсе істемеген екем. Әйтеуір жастықтың жалынымен өнерге талаптандық, күй деген киелі дүниеге ғашық болдық. Дәулескер күйшілерге еліктедік, «болмасаң да ұқсап бақ» дегендей, солар шерткен күйдің қайырымын қал-қадерімізше көкірекке тоқуға тырыстық. Жастық ауанымен әрненің басын бір шалған әурелі күндеріміз де көп болды.
11 Ақпан, 2021
Пандемия Жетісу өңіріндегі медицинаның дамуына оң ықпал етті ме?
Жаһанды жайлаған жұқпалы індетпен күрес отандық медицинаға үлкен сынақ болғаны белгілі. Пандемия кезеңінде туындаған қиындық пен күрделі ахуал денсаулық сақтау саласының жұмысын түбегейлі өзгертуге мәжбүр етті. Оның ішінде дәрігер мәртебесі мен біліктілігі және емхана, ауруханалардың талапқа сай жабдықталуы өткір мәселеге айналды. Қазір бұл бағыттағы бастама жанданып, орасан іс атқарылуда.
11 Ақпан, 2021