Редакция таңдауы
Тарихы тереңнен тамыр тартатын Әулиеата өңірі туралы сөз болғанда, көптің есіне әуелі Айша бибінің есімі түседі. Халқымыздың жадында есте жоқ ескі замандардан бері сақталып келе жатқан Айша бибі аңызының да түрлі нұсқалары бар. Көп жағдайда аңыз Айша есімін әйгілі билеуші Қарахан есімімен байланыстырады. Жаугершілік заманда Қараханмен уағдалы уақытында кездесе алмаған ару Айша оны Тараз шәріне өзі іздеп бармақ болып жанына Баба әжені алып, жолға шыққанда жолай оны жылан шағып өлтіргені туралы аңыз бәріне мәлім. Қайғылы оқиғаның үстінде Тараз шәрі жақтан Қарахан келіп, ару қыздың ақырғы демінде онымен некелесіп, «Бибі» атын қойған деген аңыз да ықылымнан бері санамызда жатталып келеді. Осы бір желісі үзілмеген аңыз ұлттың ұлы тарихын тануға, білуге құштар жандардың қызығушылығын тудыратыны анық. Тарихта адал махабаттың, шынайы сүйіспеншіліктің бейнесі ретінде қалған қос ғашықтың кесенесі де бүгінгі Жамбыл облысының аумағында орналасқан.
03 Ақпан, 2021
«Egemen Qazaqstan» газетінің Алматы бөлімшесінің жетекшісі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Жүсіпбек Қорғасбек 60 жасқа толып отыр. Әріптесімізді мерейлі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, отбасына амандық, зор денсаулық, толайым шығармашылық табыс тілейміз! Құнарлы ой, қуатты сөзіңізбен оқырмандарыңызды қуанта беріңіз!
03 Ақпан, 2021
Коронавирус пандемиясының әлем елдеріне келтірген шығыны орасан. Көптеген адамның өмірін жалмағаннан бөлек, індеттің салдары экономикаға да ауыр тиіп отыр. Туризм секілді қызмет көрсетуге бағытталған көптеген сала қазіргі таңда үлкен тоқырауға ұшырады. Соның салдарынан шартараптың түкпір-түкпірінде жұмыс орындары жабылып, азық-түлік тапшылығы байқала бастады. БҰҰ келтірген мәліметтерге сүйенсек, биыл 800 миллион адам аштыққа ұрынуы мүмкін. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы жариялайтын бүгінгі мақалалар топтамасында пандемияның зардабы туралы сөз болады. БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Марк Лоукок пен Дүниежүзілік банктің басқарушы директоры Аксель ван Троценбург бірлесіп жазған мақалада азық-түлік тапшылығына жол бермеу шешімдері жайлы айтылады. Авторлардың пайымдауынша, миллиондаған адамның аш қалмауы үшін алдын алу шараларына ерекше мән беру қажет. Сонда ғана жаһандық ашаршылыққа жол берілмейді. Дүниежүзілік банктің бұрынғы бас экономисі және Үндістан үкіметінің бас экономикалық кеңесшісі Каушик Басу өз мақаласында алдағы он жылдыққа болжам жасайды. Оның сөзіне сүйенсек, келешекте үш мемлекеттің экономикасы қарқынды дамымақ. Олар: Оңтүстік Корея, Вьетнам және Мексика. Аталған елдер бір-біріне ұқсамаса да, дамудың өзіндік тәсілін ұстанады. Әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
03 Ақпан, 2021
Келесі ашаршылықтың алдын алу қажет

Арнайы шоттарға аударыла бастады
Өткен айдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге пайдалану немесе басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру құқығын беретін заң жүзінде жұмыстар басталды. Ал 23 қаңтардан бастап азаматтар «Отбасы банкі» арқылы зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім бере бастады. Осынау бастаманың алғашқы нәтижелері кеше Орталық коммуникациялар қызметі алаңында мәлім болды.
03 Ақпан, 2021
Қазақ қызы (Қытайдағы халықаралық төрелік соттың судьясы)
Таяуда Қарағандының тумасы Гүлнұр Нұркеева Қытайдағы халықаралық төрелік соттың судьясы болып тағайындалғаны туралы ақпарат тарады. Шынтуайтына келгенде, мұндай лауазымға қол жеткізу екінің біріне бұйыра бермейтін бақ десе де болады. Себебі төрелік комиссияларға үміткерлер тек қана құқықтық жүйесінің деңгейі жоғары елдер ішінен таңдалады. Мысалы, олардың басым көпшілігі АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Сингапур сияқты дамыған елдердің өкілдері болып келеді. Мұнда, тіпті орыс тілінде сөйлейтіндерден бір ғана төреші бар екен: оның өзі Польшаның өкілі.
03 Ақпан, 2021
Көрнекті мемлекет қайраткері, қарымды қаламгер Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Өшпес ерлік» мақаласын (№20,29 қаңтар, 2021 жыл)оқып шыққаннан кейін есіме Константин Симоновтың «Тірілер мен өлілер» эпопеялық романы түсті. Онда әскер саны, қару-жарақ саны, түрлері, жойқын, қырғын шайқастардың тарихи мәліметтері қисапсыз.
03 Ақпан, 2021
Мұнай нарығы мұңайтар ма екен?..
2021 жыл мұнай нарығы үшін жаман басталған жоқ. ОПЕК+ кезекті кездесуін өткізгеннен кейін «қара алтынның» бағасы біршама өсті. Бірақ бұл нарықтағы жағдай тұрақталды деген сөз емес. FinReview.info сарапшылары нарыққа тікелей әсер ететін тәуекелдердің әлі де жоғары екенін хабарлады.
03 Ақпан, 2021
Көкшетау қаласындағы орталықтандырылған газ тарату құрылғылары орнатылған 645 көп қабатты тұрғын үйде 37 мың тұтынушы тұрады. Тұрғын үйлердің 14,7 пайызы ғана орталықтандырылған көгілдір отынмен қамтылып отыр. Қаладағы көп қабатты үйлерде тұратын тұрғындардың 60,3 пайызы газ баллондарын пайдаланады. Бұл жайт үлкен қауіп тудыруда.
03 Ақпан, 2021
Елордада карантинге қатысты жаңа қаулы шықты
Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың карантин жөніндегі жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
02 Ақпан, 2021
ҚР ИИДМ Өнеркәсіп саясаты департаментінің жаңа директоры тағайындалды
Лаура Садықова ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Ақпан, 2021
Жазушы Әнес Сарай қайтыс болды
Көрнекті жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әнес Сарай қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Ақпан, 2021
Еліміздің біраз аймағында ауа райы жылынады
3 ақпанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман, бұрқасын және желге байланысты ескерту жарияланды. Ал елдің шығысы мен солтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Ақпан, 2021
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты Уфада өтеді
Біріккен күрес әлемінің Атқарушы комитеті (UWW) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Уфада өтетінін мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.
02 Ақпан, 2021
Баянауыл ауданында орталық су мұнарасы істен шығып, көшелерге су жайылды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
02 Ақпан, 2021
Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
Қазақстанда қаңтар айында азық-түлік тауарларына баға –1,1%, азық-түлік емес тауарларына және ақылы қызметтерге 0,3% қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Ақпан, 2021
Шипажайда емделу үшін зейнетақының бір бөлігін пайдалануға бола ма
Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін шипажайдағы емге пайдалана ала ма? Тілшілердің бұл сұрағына Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Отбасы банк» АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Ақпан, 2021
Зейнетақы жинағын алу өтінімін бір апта ішінде редакциялауға болады
Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алу туралы өтінімінің күшін жоя алады, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Ақпан, 2021
12 жастағы бала жуынатын бөлмеде ток соғып қайтыс болды
Ресейлік арт-блогер Анастасия Сосновскаяның ұлы жуынатын бөлмеде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Ақпан, 2021
Біріккен Араб Әмірліктері мигранттарға азаматтық береді
БАӘ билігі тиісті заңға шетелдіктердің кейбір категорияларына ел азаматтығын алуға мүмкіндік беретін түзетулер қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz
02 Ақпан, 2021