Оқи отырыңыз
Мектеп асханаларына қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі ұсынылды
Елордалық кәсіпкерлер Бизнестің жол картасы бойынша грант алған жобаларды жүзеге асыра бастады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қараша, 2020
15 адам қайтыс болды: Нигерияда белгісіз ауру тарап жатыр
Нигерияның оңтүстігіндегі Дельта штатында белгісіз аурудан 15 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz
03 Қараша, 2020
Коронавирустық белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмды
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 9 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 17 адам емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Қараша, 2020
Қостанайдағы тергеу мекемесі тегін нан таратады
Қостанайдағы тергеу мекемесінің қызметкерлері өз қалталарынан ақша шығарып, мекеме маңындағы дүкеннің бір сөресін жұма сайын нан, қант, алма сияқты азық-түлікке толтырып қояды. Полицейлер тұрмысы төмен отбасылар үшін "Наурыз" дүкеніне 50, көкөніс сататын шағын дүкенге 25 бөлке нан әкеп қояды. Тергеу изоляторы қызметкерлерінің игі бастамасына мекемеге көрші тұрғындар да дән риза, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Қараша, 2020
Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасалды (видео)
Венада қантөгіс орын алды. Терроршылар Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Қараша, 2020
Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 95-ке жетті
Измирде 6,6 баллдық жер сілкінісі салдарынан 95 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
03 Қараша, 2020
Қазақстанда 202 адам коронавирус індетінен айықты
Қазақстанда өткен тәулікте 202 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Қараша, 2020
Елімізде 449 адам вирус жұқтырды
Қазақстанда өткен тәулікте 449 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Қараша, 2020
Биылғы еріктілер жылы аясында «Республика – Аймақ – Даму» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Жас Өркен» республикалық сыйлығы байқауының лауреаттары марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер халықтық дауыс беру арқылы анықталған болатын.
03 Қараша, 2020
Алматыдағы қара шаңырақ ҚазҰУ қалашығында шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің алып портреті күзгі жапырақтардан бейнеленді. Бабамыздың 1150 жылдық мерейтойына арналған тамаша тартудың авторы – Джохар Юнусов.
03 Қараша, 2020
Жаңаөзенде – жаңа ПТР зертханасы
Жаңаөзендегі көпбейінді аурухананың жанынан ПТР зертхана ашылды. Мұнда енді тәулігіне 200-ге дейін тест сынамасын тапсыруға мүмкіндік бар. Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі Сәнім Танаеваның айтуынша, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті мұнай мекемесінен 89 млн теңге бөлінген.
03 Қараша, 2020
Атырауда Suleimen Promotions компаниясының ұйымдастыруымен өткен кәсіпқой бокс кешінде әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері Бекзат Нұрдәулетов пен Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетіп, қарсыластарын айқын жеңді.
03 Қараша, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды.
03 Қараша, 2020
«Egemen Qazaqstan» газетінің 2020 жылғы 30 шілде күнгі №144 санында жарияланған журналист Қазбек Құттымұратұлының «Ғарифолланың есімі тізімге неге кірмеді?!» атты мақаласын оқып, қолыма қалам алып отырмын. Жоғарыдағы жазбада айтылғандай, әйгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі, 1934 жылы Алматыда өткен халық көркем өнерпаздарының бірінші бүкілқазақстандық слетінің дипломанты Ғарифолла Құрманғалиевтің тізімнен сызылуы кездейсоқ жіберілген қателік емес деп ойлаймын.
03 Қараша, 2020
Шаханның шешілмеген мәселесі көп
Осыдан 3 жыл бұрын Қарағанды облысындағы Шахан кентінде бес қабатты үйдің жертөлесіндегі жылыту қазандығы жарылып, апат салдарынан тоғыз адам көз жұмған болатын.
03 Қараша, 2020
Қазақтың жылқы түстеу және жасын анықтау ілімі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің бейнесі – батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар атты әскердің пайда болуына байланысты қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі» деген еді. Сол сияқты француздың атақты шығыстанушы ғалымы, академик Рене Груссе өзінің «Дала империясы» атты еңбегінде: «Көшпенділердің жылқытану мәдениеті әлемде теңдесі жоқ ілім және далалықтар жаратылысынан ат құлағында ойнаған сарбаздар, олар ат әбзелдерін және жылқыны бағу-баптау өнерін ойлап табушылар да осылар» дегені екен. Осы орайда, халқымыздың генеалогиялық жадысына ұстын болған жылқытану мәдениетінің бір пұшпағы жылқы түстеу һәм жасын анықтау ілімі жайлы айтпақпыз.
03 Қараша, 2020
Солтүстік полицейлері «Hi-Tech» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір қылмысты ізін суытпай ашты. Петропавлдық бір әйел полицияға ірі банктердің бірі өзіне ресімдемеген несие бойынша 100 мың теңге көлеміндегі төлемді талап етіп жатқаны туралы арызбен шыққан. Криминалдық полиция қызметкерлері әйелдің құжаттары мен банк картасын пайдалану мүмкіндігі бар оның 22 жастағы ұлын ұстады. Баласы анасын алдап, оның 100 мың теңге ақшасын жымқырмақ болған...
03 Қараша, 2020
Алматының Ақсай шағын ауданында орналасқан көлік жөндеу орталығында жарылыс болып, бір азаматты жеңіл дәрежеде күйік шалды. Оқиға салдарынан жөндеу орталығында тұрған тоғыз көліктің тамтығы қалмай жанып кеткен. Қара жаяу қалған көлік иелері шығынды кім өтеп береді деп дал.
03 Қараша, 2020
Газет пен гаджет бетпе-бет тұрған бұл өтпелі кезеңді өлара шақ десек болады. Жалпы, келешекте нағыз журналист маманды майшаммен іздеуіміз де мүмкін. Кім біледі, бәлкім бәрі керісінше. Не десек те газетке жан-тәнімен ғашық, өнегелі өмірін тек газетке сарп еткен майталман газетшілердің қатары осы сирегені сиреген. Кейде тіпті кешегі алыптардың көзін көрген, көшелі сөзін сақтап қалған сол тарландардың орнын кім басады деп те ойлаймыз.
03 Қараша, 2020
Оқу бітірген жастардың мамандығы бойынша жұмыс табуы машақат. Бұл мәселенің бірқатар себебі бар. Соның бірі университет түлектерге берген білімін тәжірибемен ұштастырмай, теориямен шектеліп жатады. Оның үстіне маман даярлауда жұмыс берушілердің де талабы ескеріле бермейді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының соңғы мәліметіне сүйенсек, жұмыс берушілердің 68%-ы қазіргі оқу бағдарламасына көңілдері толмайды. Елімізде 60-тан аса жоғары оқу орнында оқыған түлектердің жартысы – жұмыссыздар қатарында.
03 Қараша, 2020