Оқи отырыңыз
Нұр-Сұлтан қаласында «Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті біріктірудің құралы» атты форум өтті. Форумға 300-ден астам адам қатысып, ғылымды дамытудың және экономиканың нақты секторына отандық әзірлемелерді енгізудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылын іс жүзінде жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
06 Желтоқсан, 2019
Бүгінде қоғамда мал ұрлығы әрбір шаруаның мазасын алған мәселеге айналып отыр. Қыс мезгілі келіп, соғым уақыты таяғанда мал ұрлығының тіпті жиілеп кететіні де рас. Ал сол мал ұрлығының өңірлерде ашылу көрсеткіші қандай деген мәселе де бар. Сонымен қатар адамдарды еңбекке заңсыз жегу сияқты мәселелер де күн тәртібінде өте өзекті. Яғни ел арасында кейбір шаруалардың шетелдік азаматтарға малын бақтырып қою әрекеті де толастамай отыр.
06 Желтоқсан, 2019
«Egemen Qazaqstan» газетінің шолушысы Жақсыбай Самраттың 29 қарашада басылым сайтында «Президентіміз қуантты, министріміз мұңайтты» деген тақырыппен жарияланған (газеттің 4 желтоқсан күнгі №234 саны, «Еңбекақыны көтеру ескерілсе») мақаласына Мәдениет және спорт министрлігі назар аударды. Мақалада келтірілген С.Мұқанов атындағы Петропавл қазақ сазды-драма театрының режиссері Болат Шамбетовтің пікіріне министр Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев жауап жазды. Газет поштасына келіп түскен бұл хаттың мазмұнын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
06 Желтоқсан, 2019
Баспаналы болып, бақытқа бөленді
Аймақтарда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған тұрғын үй өз иесін тауып жатыр. Мәселен, Алматы облысының аумағында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 18 көп пәтерлі тұрғын үй және 288 жеке тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Кезең-кезеңімен толық аяқталатын пәтер саны 1 243 болса, бүгінге дейін 545 пәтер қолданысқа берілді.
06 Желтоқсан, 2019
Мәслихаттар міндеті жоғарылай түседі
Елордада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған республикалық конференция өтті. Жиын барысында халықтың жағдайын жақсарту үшін жасалатын қадамдар талқыланып, мәслихаттар жұмысын одан әрі жетілдіру мәселесі сөз болды.
06 Желтоқсан, 2019
Парламент Сенатында Заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы болды
Сенатта Заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы болды. Ол Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаровтың төрағалық етуімен өтті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
05 Желтоқсан, 2019
А. Мамин Түркістан қаласында жаңа жобаларды іске қосты
Түркістан қаласына жұмыс сапары аясында Премьер-Министр Асқар Мамин қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
05 Желтоқсан, 2019
Ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
05 Желтоқсан, 2019
Премьер-Министр Асқар Мамин ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған ИИД МБ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент пен Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз ету аясында өңірге жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
05 Желтоқсан, 2019
Кәсіпқой бокс: Виктор Коточигов Хавьер Хосе Клаверомен күш сынасады
«MTK Global Kazakhstan» компаниясы 16 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокстан халықаралық турнир ұйымдастыратыны жайында біз бұған дейін де жазғанбыз.
05 Желтоқсан, 2019
Қолма-қол ақшасыз төлем жасау 52 %-ға көбейді
Биылғы жылдың 10 айында қазақстандықтар төлем карталарын қолданып 24,1 трлн теңге сомаға 1,2 млрд операция жасады. Сөйтіп, қолма-қол ақшасыз жасалған қаржы операцияларының көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 52 %-ға жоғарылады. Бұл туралы finreview.info хабарлады.
05 Желтоқсан, 2019
«Сәтті жұлдыздың» Lotomatic жобасы нәтижесінде 2 миллиард теңге көлеңкелі бизнестен шығарылды
Бүгінгі таңда электронды лездік лотереялар – сұр нарыққа жаңа балама. «Сәтті Жұлдыз» АҚ-ның Lotomatic жобасы арқылы бүкіл ел бойынша заңсыз ойын автоматтарының саны едәуір қысқарып келеді, ал бес айда 2 миллиард теңгеден астам қаражат көлеңкелі айналымнан шығарылды.
05 Желтоқсан, 2019
Жетісудың көшбасшы жастары марапатталды
Талдықорғанда өңірдің белсенді жастарын марапаттауға арналған «Көшбасшы-2019» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.
05 Желтоқсан, 2019
Келешектің қозғаушы күші саналатын жастардың қатысуымен «Өз еліңді таны» атты республикалық экспедиция басталды. Мұндағы басты мақсат жас өскінге қазақтың ұлттық құндылықтарын танытып, тамырын тереңнен тартқан ата тарихымызды бойына дарыту.
05 Желтоқсан, 2019
Шыңғырлауда темір жол көпірі салынды
Батыс Қазақстан облысындағы аудан орталығы әрі ірі темір жол бекеті – Шыңғырлау ауылында жаяу жүргіншілер үшін темір жол көпірі салынды. Құны 75 млн теңгеге бағаланған құрылыс 4 ай ішінде жеке демеушілердің күшімен бой көтерген.
05 Желтоқсан, 2019
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) үздік ойыншыларды анықтау жөніндегі комиссиясы турнирдің 12-ші аптасындағы лауреаттарды атады.
05 Желтоқсан, 2019
Аргентиналық «Цунамимен» айқасады
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық жас талантты боксшы Садриддин Ахмедов 7 желтоқсанда кезекті жекпе-жегін Давид Лемье (40-4, 34КО) мен Макс Бурсак (35-5-2, 16КО) айқасының андеркартында өткізеді.
05 Желтоқсан, 2019
Еуропа лигасында топтық кезеңнің бесінші турындағы матчта елорданың «Астанасы» «Манчестер Юнайтед» клубын жеңгеннен кейін Қазақстан УЕФА клубтар коэффициенті рейтингінде 24-орынға көтерілді.
05 Желтоқсан, 2019