Оқи отырыңыз
Теннис: Дэвис кубогын жеңіспен бастадық
Мадридте өтіп жатқан Дэвис кубогының финалдық сайысының топтық турнирінің тұсаукесер кездесуінде Қазақстан құрамасы Голландия теннисшілерінен 2:1 есебімен басым түсті.
20 Қараша, 2019
Үкаша ата кесенесі жанынан музей ашылды
Түркістан облысында Үкаша ата кесенесі жанынан музей ашылды. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің құрамына діни-рухани ескерткіш ретінде тізімге алынған кесенедегі «Үкаша ата тарихы» музейіне Құран кітаптар мен атаға қатысты аңыз-әңгімелер, суреттер, VІІ-ІХ ғасырларға тән құмыралар, диірмен, XIX-XX ғасырларға жататын мыс құмған сынды жәдігерлер қойылған.
20 Қараша, 2019
Ұлы дала жәдігерлері – ежелгі Эллада төрінде
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі жуырда Грекия мемлекетінің астанасы Афина қаласындағы Эпиграфиялық музейінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» атты көрмесін ашты. Ол «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
20 Қараша, 2019
Әлеуметті әңгімешілдігімен баураған еді
Моңғолия қазақтары исі қазақтың, әсіресе кеңестік Қазақстан дәуірінің өнерінен, мәдениетінен кеңінен хабардар. Кеңес Одағының социалистік серіктесі, турасын айтсақ, отары болған Моңғолияның Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасы коммунистер дәуірінде үзілген жоқ.
20 Қараша, 2019
Worldskills kazakhstan 2019: Ең үздік кәсіптік мамандар анықталды
Елордада «WorldSkills Kazakhstan 2019» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы бірлесіп биыл бесінші рет ұйымдастырған додаға еліміздің 17 өңірінен келген үздіктер қатысты.
20 Қараша, 2019
Тәрбие мен оқытудың сабақтастығы
«Қазақстан тарихы» пәнінің басты ерекшеліктеріне тоқталар болсақ, бірінші мақсат – Қазақстан тарихын процесс тұрғысында, атап айтқанда, осы территорияда орын алған тарихи процестердің бірізділігі мен біртұтастығын сақтап, спиралдық даму негізінде біртұтас тарихи фактілерді қабылдайтын әлем картасын оқушыға игерту болды. Екінші мақсат – ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі, атап айтқанда 1 млн жыл бұрын және XXI ғасыр аралығын қамтитын ұзақ мерзімді тарихтың әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдерін оқытып қана қоймай, Ұлы дала көшпелілер өркениеті мен Қазақ мемлекеттілігі тарихын оқушылардың біртұтас қабылдауына қол жеткізу. Үшінші мақсат – Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлғалардың рөлін талдау, жүйелеу, сол арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, осы тұлғалардай туған Отанына елеулі еңбек ету құндылығын оқушыларға жеткізу көзделді.
20 Қараша, 2019
Домбырадан тегін дәріс беріп жүр
«Жас келсе – іске» дейді дана қазақ. Жастық жігерін бойына жиып, ел игілігіне қызмет етуге келген жалынды жастарымыз аз емес. Сондай жастарымыздың қатарында Нұрлыбек Қайыржанов та бар.
20 Қараша, 2019
Қызылорда қаласында «Жыр мұра» жобасының қорытынды концерті өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы қолға алған жоба аясында биыл «Ұлы дала төсіндегі Сыр елінің фольклоры» атты экспедиция ұйымдастырылып, ел арасында сақталып қалған көне мақам-саз үлгілері, жырау-жыршылар дауыстары, дастан, толғаулар жинақталды.
20 Қараша, 2019
Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану музейінде тұрған осы жәдігер келушілердің назарын өзіне тартады. Теріден жасалған «шәйнектің» сырын бізге музей меңгерушісі, өлкетанушы Тілеген Қалиев айтып берді.
20 Қараша, 2019
Қарауылтөбеге табиғи газ жетті
Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылы табиғи газға қосылды. «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамының 33 млн теңге болатын инвестициялық жобасының нәтижесінде ауылдағы 300 үй көгілдір отын игілігін көре бастайды.
20 Қараша, 2019
Тоқсаныншы жылға дейін «Социалистік Қазақстан» газетінде «Нүриден Мүфтахов» деген атпен фельетон жазатын әріптес ағамыз бір күні «Нүри Мүфтах» деген авторлық қолтаңбамен газет бетінде жарқ ете қалды. Оған сол кездегі өзгерістер ықпал етті. Газеттің аты да «Егеменді Қазақстан» болып өзгерді. Оның бас редакторы Шерхан Мұртазаев та ата-тегінен «ев» жұрнағын алып тастады. Басқа журналистер де сол үлгіге көшті.
20 Қараша, 2019
Өзбекстанға электр энергиясын шығарады
Жыл басынан бері Павлодар облысының өнеркәсіп саласында 1,5 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Сөйтіп былтырғы көрсеткіш 21 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға асыра орындалды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір әкімі Болат Бақауов айтты.
20 Қараша, 2019
Өзбекстанға электр энергиясын шығарады
Жыл басынан бері Павлодар облысының өнеркәсіп саласында 1,5 трлн теңгенің өнімі өндірілді. Сөйтіп былтырғы көрсеткіш 21 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға асыра орындалды. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңір әкімі Болат Бақауов айтты.
20 Қараша, 2019
Мәжіліске Канада Премьер-министрінің арнайы өкілі келді
Бүгін Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман Канада Премьер-министрінің арнайы өкілі Стефан Дион мырзамен кездесті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019
Елордада бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтеді
2019 жылғы 21 қарашада Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында ел бойынша «азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» жалпы республикалық іс-шарасы өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019
Мәжіліске Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі келді
Бүгін Мәжіліске Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кийтумэци Мэттьюс келді.
19 Қараша, 2019
Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлемеген азаматтардың тізімін жаңартты
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылдың 3 қарашасындағы жағдай бойынша 1 млн теңгеден жоғары салық төлеуден қарызы бар азаматтардың жаңартылған тізімін ұсынды.
19 Қараша, 2019
Ербол Шаймерденұлының «Сағым дәурен» атты өлеңдер жинағы жарық көрді
Ақын, жазушы-публицист, рәмізтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Республикадағы алғашқы баспасөз қызметін ұйымдастырушылардың бірі Ербол Шаймерденұлының «Сағым дәурен» атты өлеңдер жинағы жарық көрді.
19 Қараша, 2019
Әскери қызметшілер дабыл бойынша іс-қимылдарды пысықтады
Әскери бөлімді жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру алгоритмі Нұр-Сұлтан қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасында көрсетілді. Әскери қызметшілер бөлім кезекшісінің іс-қимылынан бастап жауынгерлік техниканың шығуы жайлы іс-қимылды орындады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019
Қазақстан-Әзербайжан Премьер-Министрлері Каспий теңізінің түбінде салынатын ТОБЖ құрылысын ашты
Премьер-Министр Асқар Мамин және Әзербайжан Премьер-Министрі Али Асадов Ақтау қаласында өткен Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу бойынша «Trans Caspian Fiber Optic» (TCFO) салуды бастау салтанатты рәсіміне қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019