Оқи отырыңыз
Ірі қаржы институттары аймақтарды қаржыландыруға әзір
Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурстарының мөлшері, әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімі күшеюіне де байланысты. Бұл орайда «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) қолға алған игі істер аз емес. Бүгінде қомақты инвестиция талап ететін ең жоғары жаңа технологияларға өту жасыл қаржымен байланыстырылмақ. Сондай-ақ жаңа экологиялық кодекс қабылданатын болады. Құжат биылғы жылдың аяғында Парламентке ұсынылады.
07 Қазан, 2019
Көкжиде жерасты суларын сақтап қалу қажет
Қазір әлемде таза ауыз су көздерінің тапшылығы байқалып отыр. Мұндай жағдайда ел аумағындағы жерасты ауыз су көздерінің қорын сақтау мен оның ластануына жол бермеудің маңызы ерекше. Әйтсе де бүгінде жер қойнауын пайдаланушылар, соның ішінде көмірсутегі шикізатын игеріп жатқан алпауыт компаниялар жерасты су көздерінің мұнай қалдықтарымен ластануына жол беріп жүргені қынжылтпай қоймайды.
07 Қазан, 2019
ПИК тұрғындардың қаражатын жымқырды
Бас шаһарда көпқабатты тұрғын үйлердің саны 3 мыңға жуықтап, оларға 488 ұйым қызмет көрсетеді. Елордада құрылыс саласы қарқын алып, жыл сайын 2 млн-нан астам шаршы метр пәтер пайдалануға беріледі. Алайда тұрғын үй-коммуналды шаруашылығына қатысты дау-дамай азаяр емес. Әсіресе пәтер иелері кооперативі және баспана құрылысының сапасына байланысты тұрғындардың наразылығы жиілеп кетті. Мәселен, Nur Otan партиясының қалалық филиалы мен қалалық әкімдікке 40 мыңнан астам шағым келіп түскен.
07 Қазан, 2019
Мұғалімнің әлеуметтік жағдайы дөңгелек үстел мәжілісінде талқыланды
Білім және ғылым министрлігі мен Еуразиялық интеграция институтының бірлесе ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға аталған ведомство өкілдері, елордадағы білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
07 Қазан, 2019
Ұлытау Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу орталықтарының бірі болады
Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қарағанды облысының Ұлытау ауданына жұмыс сапары барысында Алаша хан, Жошы хан кесенелерін, сондай-ақ Алтын шоқы тауында орналасқан Темірлан тас тақтасын аралады. Вице-премьер Президенттің Ұлытау ауданын дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс жоспарымен танысты.
07 Қазан, 2019
Әли Ахмедов Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандесті нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBC International Silver титулын қорғап қалды деп хабарлайды Vesti.kz.
06 Қазан, 2019
GGG Сергей Деревянченконы жеңді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық титулды қайтарып алды.
06 Қазан, 2019
Головкин мен Деревянченко жекпе-жек алдында салмақтарын өлшеді
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсіміне қатысып, көз арбасты деп хабарлайды Sports.kz.
05 Қазан, 2019
Нұр-Сұлтанда өтетін UNWTO-ның VIII жаһандық саммитіне 700-ден астам мейман қатысады
9-12 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін UNWTO-ның «Ақылды қалалар – Ақылды дестинациялар» VIII жаһандық саммиті өз алаңында 700-ден астам қатысушыны қабылдайды. Меймандардың арасында шетелдік танымал кәсіпкерлер, сәулетшілер, журналистер мен туристік ұйымдардың өкілдері болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
04 Қазан, 2019
Бразилияда дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі өтеді
6-8 қазан күндері Бразилияда дзюдодан әлемдік «Grand Slam» кезеңі өтеді. Екі күнге жоспарланған байрақты бәсекеге әлемнің 60 елінен 350-ге жуық дзюдошы қатысады, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
04 Қазан, 2019
Алматыда Denis Ten Memorial Challenge турнирі өтеді
Алматыда 10-12 қазан күндері тұңғыш рет мәнерлеп сырғанаудан Denis Ten Memorial Challenge турнирі өтеді. Жарысқа жасөспірімдермен қатар, ересек спортшылар да қатысады.
04 Қазан, 2019
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Кипр және Бельгия құрамаларымен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың есімін жариялады.
04 Қазан, 2019
Халқымызда «Әкімі ақынын іздеген ел бақытты» деген қанатты сөз бар. Ұлт руханиятына олжа салған атақты ақындардан бөлек, бүгінде Әулиеата өңірінде жас шайырлар шоғыры да қалыптасып келеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Жастар жылы аясында Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев өңірдің жас қаламгерлерімен кездесті.
04 Қазан, 2019
Қали Сәрсенбай Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының И.А.Бунин атындағы Күміс медаліне ие болды
Белгілі журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Президенті сыйлығының лауреаты, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай Ресей Жаратылыстану ғылым академиясының И.А.Бунин атындағы Күміс медаліне ие болды.
04 Қазан, 2019
Қызылордада «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында ұйымдастырылған «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларындағы міндеттерді арқау еткен шараға «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау жырлаған нұсқасын жатқа айтудан аудан мен қалада өткен іріктеулерден озып шыққан 27 оқушы қатысты.
04 Қазан, 2019
Мұғалімдер күні ұстаздардың ғана емес, көпшілік қауымның да ортақ мерекесі. Өйткені мұғалімнің алдын көрмеген, дәрісін тыңдамаған, ұлағатты өсиетімен сусындамаған адам кемде-кем. Сондықтан әрбір азамат анасына қалай борыштар болса, ұстазына да сондай қарыздар.
04 Қазан, 2019
«Qazaqstan Jastar Fest» – Жастар жылына арналған жоба. Мәдениет және спорт министрлігі қолға алған бастама аясында «Atyrau Jastar Fest» спорттық фестивалі Жайық жағасында төрт күн бойы салтанат құрды. Атыраудың үлкен-кішісі асыға күткен айтулы шараға әлемдік спорт жұлдыздары келіп қатысты.
04 Қазан, 2019
Маңғыстауда Әбіш Кекілбайұлының тойына дайындық кең ауқымда жүргізіліп жатыр
Маңғыстауда Қазақстанның Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдығына дайындық жұмыстары өз шегіне жақындап қалды. Қазақ даласының барлық қыры мен ойы тұрмақ, шетелдерден қонақтар келетін атаулы күн қазан айының 10-ы мен 12-і аралығына белгіленген. Ірі, айтулы шаралар сол күндердің еншісіне жазылғанмен, Маңғыстауда мектептер мен кітапханаларда, оқу орындарында, мәдениет мекемелерінде Ә.Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты байқаулар, кештер мен көрмелер, «Әбіш оқулары», «Жас ақындар мүшәйрасы», сондай-ақ шығарма жазу сайыстары өзге де шаралар басталып кеткелі біраз. Осы орайда жазушы тойына дайындық барысы туралы жауапты орындардың басшыларын тыңдаған едік.
04 Қазан, 2019
«Серпіннің» бағытын тек солтүстік өңірлерге бұрсақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бес жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» – «Серпін-2050» әлеуметтік жобасының мақсаты ішкі көші-қонды реттеу арқылы жұмыс күші тапшы, жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарындағы студенттер саны аз өңірлер мен артық жұмыс күші бар, жоғары және кәсіптік-техникалық оқу орындарында орын жетіспейтін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы теңгерімсіздікті болдырмау екені мәлім.
04 Қазан, 2019