Оқи отырыңыз
Олимпиада чемпиондары тарихта алғаш рет жеңісін ерекше атап өтпек
26 шілде күні шымылдығын түретін Париж олимпиадасының чемпиондары жеңісін жанкүйерлермен атап өтетін арнайы орын әзірленді. Чемпиондар саябағы деп аталатын аумақ Эйфель мұнарасының маңында орналасқан, деп жазады Egemen.kz.
12 Шілде, 2024
Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінен қанша табыс табады
Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының 14 шілдеде өтетін жекпе-жектен қанша қаржы табатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Шілде, 2024
Демалыс күндері магниттік дауыл болады
Күн астрономиясы зертханасы 13 шілдеден 14 шілдеге қараған түні жерде магниттік дауыл болады деп болжады. Зертхана болжамынша, магниттік дауылдың дәрежесі G1, яғни, жеңіл деңгейде өтеді, деп жазады Egemen.kz.
12 Шілде, 2024
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында табиғи минералды ауызсу өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. «Batysminiralsu» ЖШС «Sartay» атауымен емдік-асханалық суды саудаға шығаратын болады.
12 Шілде, 2024
Ауыл шаруашылығының әлеуеті артты
Еліміздің үшінші мегаполисінде агросекторға айрықша қолдау көрсетіледі. Кезінде Түркістан облысының Сайрам, Ордабасы, Төлеби аудандарынан қосылған елді мекендердің егістік жері есебінен қаланың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуеті күшейді. Бұрын қалаған нәрсесін егетін қала қазір саннан сапаға көшіп, жылыжай шаруашылығын, қайта өңдеу өнеркәсібін мықтап қолға ала бастады. Осыған орай шаһарда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы құрылып жатыр.
12 Шілде, 2024
Oxford университетінің «Reuters» журналистика институты тарапынан биыл 13-рет жарияланып отырған дижитал жаңалықтар есебі 6 континенттегі 47 елден алынған деректер мен 100 мыңға жуық респонденттің қатысуымен жүргізілген сауалнама негізінде журналистиканың әлемдегі даму үрдісін зерттейді. Есептің ішінде негізгі проблемалар, аудиторияның белсенділігі және сенім деңгейі баяндалады. Сондай-ақ мемлекетке қарасты БАҚ-қа айтылатын сын-пікірлер де қарастырылады. Зерттеуді YouGov 2024 жылғы қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында онлайн сауалнаманы пайдалана отырып жүргізген.
12 Шілде, 2024
Мемлекет тарапынан отандық ғылымды дамытуға игі бастамалар іске асып келеді. Сондай маңызды бастаманың бірі – «500 ғалым» тағылымдамасы. Бұл бағдарлама аясында жыл сайын 500 ғалым үздік шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Тағылымдама тағы не береді? Бұл туралы стипендиаттардан білгенді жөн көрдік.
12 Шілде, 2024
Шалғай аймақтарда орын тепкен әлемнің нешінші кереметіне баласаңыз да, ауыз толтырып айтатын жерлер жетерлік. Осындай елді мекендерге еліміздегі ғалымдардан бөлек шетел ғалымдарының аяқ басуы – қай кезде де елең етер елеулі дүние.
12 Шілде, 2024
Ресейдің Якутск қаласында VІІІ «Азия балалары» ойындары өтіп, еліміздің спортшылары 17 алтын, 31 күміс, 59 қола медаль олжалап, жалпы есепте 7-сатыға тұрақтады. 1996 жылдан бері тұрақты ұйымдастырып келе жатқан «Азия балалары» ойындарында Өзбекстан спортшылары 36 алтын, 31 күміс, 21 қола медаль еншілеп, жеке-дара көш бастады. Жасөспірім спортшыларымыздың жетістігін қомсынбаймыз, дегенмен спорттағы ізбасарларды даярлау ісінде ақсап тұрған мәселе де жоқ емес.
12 Шілде, 2024
Еркін күрестен еліміздің әйелдер құрамасы халықаралық турнирден оралды. Испанияның Мадрид қаласында өткен Гран при додасында төрт балуанға медаль бұйырды.
12 Шілде, 2024
Қайсысы мықты: тәжірибе ме, жастық па?
Германияда бір айға жуық футбол мерекесін сыйлаған Еуропа чемпионатының жартылай финалдық матчы тартысты өтті. Испания құрамасы Франция футболшыларын 2:1 есебімен тұқыртып, құрлық додасының финалдық тартысына жетті. Сайдың тасындай іріктелген жастардан жасақталған Испания футболшылары құрлық аламанында рекордтық нәтиже тіркеумен де көпті таңғалдырып келеді.
12 Шілде, 2024
Ертең күн күркіреп, жаңбыр жауады - синоптиктер
«Қазгидромет» синоптиктері 12 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Шілде, 2024
Қаржылық тұрғыда еңбек демалысына қай айда шыққан тиімді
Еңбек демалысы жыл сайын қызметкерлердің барлығына беріледі. Демалысты қаржылық тұрғыда ұтымды үйлестіру үшін күнтізбеде мерекелік даталар жоқ айды таңдаған жөн, деп жазады Egemen.kz.
11 Шілде, 2024
Танымал боксшы Асланбек Шымбергенов арманын айтты
10 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Париж олимпиадасында Мемлекеттік туымызды ұстап шығатын боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафроноваға рәмізімізді табыстады. Маңызды кездесуден кейін бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов арманы туралы сөз қозғады, деп жазады Egemen.kz.
11 Шілде, 2024
15 жасында қазақ ұлт аспаптар оркестріне қабылданған күйші
Қазақ КСР-інің халық әртісі, Ертіс – Баян өңірінің тумасы Рүстембек Омаров небәрі 15 жасында сол кезде жаңадан құрылған Құрманғазы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестріне қабылданған екен.
11 Шілде, 2024
Перуде 22 жыл бұрын жоғалған альпинистің мәйіті табылды
Қар көшкіні салдарынан жоғалып кеткен Билл Стампфлдың мәйітін 22 жыл өткен соң екі америкалық альпинист Перу Анд тауларында тапты, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.
11 Шілде, 2024
Желіде қазақшасы судай орыс жігіті жұртты сүйсінтті (видео)
Әлеуметтік желіде орыс жігітінің таза қазақша сөйлеп тұрған видеосы пайда болды. Онда ол орыс тілінде сөйлей алмайтынын, тек қазақ тілінде сөйлейтінін және қазақ тілді мектепті бітіргенін айтып өтті, деп жазады Egemen.kz.
11 Шілде, 2024
Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін қайдан көруге болады
Рингте жеңіліп көрмеген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 14 шілде Лас-Вегаста кезекті жекпе-жегін өткізеді. Боксшының бұл жолғы қарсыласы жаңазеландиялық - Андрей Михайлович, деп жазады Egemen.kz.
11 Шілде, 2024
Астана алға бастар барлық оң көрсеткіш бойынша беттүзеріміз болуы керек. Еліміздің тұс-тұсында тазалықты тағылым тұтқан экологиялық акцияда да елордамыздың ел айнасы ретінде ерекшеленгені жөн. Сондықтан да бас қаладағы акция «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» деген атаумен өткізіліп жатыр.
11 Шілде, 2024
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы Шымкентте қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы іс-шара аясында шаһардың әкімшілік аудандарында тазалық жұмыстары атқарылды. «Жасыл ел» ұйымының жастары мен Тұран ауданының тұрғындары техниканың көмегімен мегаполистің көрікті мекені Қошқарата өзенінің жағалауын тазалады.
11 Шілде, 2024