Оқи отырыңыз
Криштиану Роналду мансабын аяқтайды
Португалия футбол құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қазан, 2023
Еуразияның транзит хабына айналу жолы
Қазақстанның көлік апталығы аясында елордадағы «Hilton Astana» қонақүйінде «Жаңа Жібек жолы» VI халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы жұмысын бастады. Бизнес-форумда сарапшылар көлік жүйелерінің ынтымақтастығы мен интеграциясы, Орта дәліз бағытын дамыту, сондай-ақ мультимодальды көлік саласындағы жаңа технологиялар һәм инновациялар, жүк тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізуді жақсарту мәселелерін талқылады. Бұл мәселелердің дені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жан-жақты айтылған болатын.
10 Қазан, 2023
Жасанды зерде және агроөнеркәсіп
ХХІ ғасырда ашылған жаһандық жаңалықтардың ішінде жасанды зерденің жөні бөлек. Ел арасында екіұдай пікір қалыптастырған, соған қарамастан қоғам өміріне дендеп еніп келе жатқан жасанды зерде түбінде адамзат баласының өмір сүру бағытын түбегейлі өзгертеді. Оның ең үлкен пайдасы адам баласына түрлі ауыр жұмыстарды атқаруда жеңілдік жасайды.
10 Қазан, 2023
Жамалбек Шаймерденов – кеңестік дәуір тұсында мемлекеттік және қоғамдық қызметтер атқарған белгілі тұлға. Ол 1963 жылы Шымкент облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болды. Екі жылдан кейін Шымкент облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Осы қызметті 1983 жылға дейін атқарды. 18 жылдық жоғары лауазымдық қызметінде өңірді өркендету бағытында еңбек етіп, тер төкті. Жалпы, өткен ғасырдың 60-80-жылдарын кеңес өкіметінің алтын дәуірі десе болады. Ауыл шаруашылығы, өндіріс осы кезеңде дамыды. Осының бәрі кеңестік экономиканың өсуіне алып келді. Халықтың жағдайы түзеліп, соғыстан кейінгі қиындықтар мен тұрмыс тауқыметі адамдар санасынан ұмытыла бастаған шақ. Ел еңсесінің тіктеуіне уақытпен санаспай күндіз-түні еңбек еткен Ж.Шаймерденовтей азаматтардың бұған, әлбетте, үлесі көп болды.
10 Қазан, 2023
Бұл күндері елордадағы «Тарлан» мұз айдынында парахоккейден әлем чемпионаты (B-Pool) өтіп жатқаны белгілі. Кезекті жарыс күнінде отандастарымыз Финляндияны ірі есеппен тізе бүктірді.
10 Қазан, 2023
«Көкөзек» – көптен күткен маңызды жоба
Апта соңында Алматы облысында өңір экономикасын дамытатын аса маңызды энергетикалық нысан – «Көкөзек» қосалқы стансасының (ҚС-110/10-10кВ) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
10 Қазан, 2023
Белсенді жастардың жаһандық мәлімдемесі
Астанада «LCOY Kazakhstan 2023» конференциясы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас зерттеушілер мен сарапшылар еліміздегі климаттың өзгеруін, оған адамзаттың бейімделуін, су секторына тигізетін әсерін саралады. Сондай-ақ бұл бағытта аймақтарда қабылданып жатқан іс-шаралар мен экологиялық таза технологияларды кеңінен пайдаланудың маңыздылығы және болашақ перспективалары жан-жақты талқыланды.
10 Қазан, 2023
Академиялық адалдық лигасы еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингін жариялады. Лига осымен екінші жыл қатарынан отандық жоғары оқу орындарының рейтингін жасаумен айналысып келеді. Бұл рейтинг білім беру бағдарламаларының тиімділік көрсеткіштеріне негізделген.
10 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштер қабылданып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйытқы болған конкурсқа 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады. Дарынды жастарға арналған грант қалай беріледі?
09 Қазан, 2023
Медицинаның ақпараттық жүйесінде байланыс жоқ - депутат
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан «Үкімет сағатында» медицина саласындағы қордаланған мәселені қозғап, емханаларды қаржыландырудағы келеңсіздікті айтты, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Қазан, 2023
«Хабар 24» телеарнасының директоры тағайындалды
«Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің директоры Жасын Біркенов жаңа қызметке тағайындалды. Енді ол «Хабар 24» телеарнасының директоры лауазымын атқарады.
09 Қазан, 2023
Жаңбыр, қар: 10-12 қазанда ауа райы күрт өзгереді
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қазан, 2023
Азия ойындарында қазақ спортшылары қанша табыс тапты?
Қазақстан құрамасы Ханчжоудағы Азия ойындарын 80 медальмен аяқтады. Egemen.kz құрлықтық турнирде біздің спортшыларымыз қандай табыс тапқанын анықтап көрді.
09 Қазан, 2023
Ақтөбе облысы: Шаруаға оңай соқпай тұр
Ақтөбе облысындағы ала жаздай ірі шаруашылықтары қысқы мал азығын дайындап алды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, осы кезде малға қажетті жемшөп қоры 96,8 %-ға әзір.
09 Қазан, 2023
Әкім сайлауы: Халық таңдауы сыналады
Келесі айда еліміздің бірқатар өңірінде облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерін сайлау өтеді. Қазіргі таңда аймақтардағы саяси бәсеке нағыз қызған шағына келді. Үміткерлер тіркеліп, енді үгіт-насихат жұмысына бел шешіп кіріспек.
09 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторындағы желілердің тозғанын айтып, «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифтік саясатына көшу туралы айтқан еді. Бұл жаңашылдық инфрақұрылымға инвестиция салуды және ашықтықты қамтамасыз ету үшін мемлекеттік мониторинг жүйесіне қатысуды көздейді.
09 Қазан, 2023
Мәдени даму және мемлекеттік ұстаным
Биылғы тоғыз айда интернетте үгіт-насихат, терроризм және діни экстремизм қағидаларын қамтитын 14 860 материал жарияланған. Бұл – Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік желілерге жүргізген мониторингі кезінде анықталған сан. Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте сала басшысы Аида Балаева осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
09 Қазан, 2023
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерінің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның екінші отырысы өтті. Кездесуде халықты сапалы медицинамен және біліммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
09 Қазан, 2023
Премьер-министр Әлихан Смайылов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласындағы ЖЭО-ны жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.
09 Қазан, 2023
Автожолдар мен көшелерді қысқа даярлау
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен селекторлық кеңес барысында жергілікті жолдардың қысқа дайындығы талқыланды.
09 Қазан, 2023