Оқи отырыңыз
БАҚ саласындағы байланыс нығаяды
Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры Дихан Қамзабекұлымен кездесті. Тараптар ақпарат саласындағы байланысты одан әрі нығайтуға уағдаласты.
21 Қыркүйек, 2023
Балуандар үздік бестік қатарында
Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстанның еркін күрес шеберлері 1 алтын және 1 қола медальмен қорытындылады. Бас жүлдені 92 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Ризабек Айтмұхан жеңіп алса, 86 кило салмақта белдескен Азамат Дәулетбековке қола медаль бұйырды. Дәл осы нәтижемен жерлестеріміз жалпыкомандалық есепте үздік бестіктің қатарына енді.
21 Қыркүйек, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке сапары барысында осы аптаның басты оқиғасы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясының жалпы пікірсайыстарына қатысты. Президент өз сөзінде халықаралық институттарға негізделген жаһандық басқарудың қолданыстағы жүйесін тұрақтандыру үшін диалог пен дипломатияның маңызын атап өтті.
20 Қыркүйек, 2023
«Mastercard»-пен келісім жасалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары аясында қол жеткізілген ерекше келісімдердің бірі – «Mastercard»-тың Қазақстан нарығына кіруі болды. Мемлекет басшысы «Mastercard» компаниясының атқарушы вице-президенті Никола Вилламен кездесуде қаржы секторын, IT саласын дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнестің цифрлық құзыретін арттыру бағыттарындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
20 Қыркүйек, 2023
«Өмір деген тұңғиықтың түбінде мен жүр едім...»
«Бір адамның бір ғұмыры маған аз ғой деуші едім...» Саттар Ерубаев. Небәрі 23 жасында дүниеден озған сара таланттың мұрасы уақытқа жүк. Сірә, ол бәрін біліп туған. Сондықтан да табиғаттың ерекше бітімі, бөлек перзенті.
20 Қыркүйек, 2023
Инфрақұрылым түзелмей, туризм дамымайды
«Қазақстан туризімін қалай дамытамыз?» Дәл осы сұрақ аясында отандық және шетелдік туризм мамандары Ақтауда ұйымдастырылған халықаралық туризм форумында бас қосып, отандық туризмді дамытудың жаңа бағыттарын, сала трендтері мен перспективаларын талқылап, елімізге инвесторлар мен жаңа серіктестерді тарту мәселесіне кеңінен тоқталды.
20 Қыркүйек, 2023
Елдің солтүстігі мен орталығында үсік жүреді
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2023
Шымкентте ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырған лауазымды тұлға ұсталды
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2023
Бюджет кодексінің жобасы Парламентке жолданды
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Жиында егін жинау науқаны мен жаңа бюджет кодексінің жобасы, сондай-ақ алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды.
20 Қыркүйек, 2023
Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшылары он жылдан астам уақыт бойы қоғам мен экономиканы түбегейлі өзгеріске жетелейтін жаңа технологиялар жөнінде зерттеулер жүргізіп келеді.
20 Қыркүйек, 2023
Экономикалық мүмкіндік, ортақ әлеует
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барып, ел басшылығымен кездесіп, «Samsung Electronics» компаниясында және Сеул ұлттық ғылыми-техникалық университетінде болды.
20 Қыркүйек, 2023
«Ұлы дала жорығы-2023» марафон-бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды
Кеше «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 14-кезеңі аяқталып, тарлан тарихтың куәгері болған, руханияты жаңғырған еліміздің рухани астанасы Түркістан төрінде жеңімпаздар анықталды. Таңғы сағат 7:00-ден бастап соңғы 50 шақырымды еңсеруге аттанған 4 команда ішінде Жетісу облысының командасы топ жарып, мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қыркүйек, 2023
Қытайдың Ханчжоу қаласында алауы тұтанатын жазғы Азия ойындарында Қазақстанның балуандары қандай құрамда өнер көрсететіні белгілі болды.
20 Қыркүйек, 2023
Өрттен баланы аман алып шыққан азаматтар марапатталды
Көпқабатты тұрғын үй пәтерінде тұтанған өрттен баланы аман алып шыққан Қарағанды өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының әскери қызметшілері марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2023
Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды - Бас прокуратура
Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2023
Елімізде 13 миллион кибершабуыл бұғатталды
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ биыл тамыздағы нәтиже бойынша кибершабуылдың айтарлықтай азайғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2023
Әлемдегі белгілі полицей әйелдердің қатарына ҚР ІІМ–нің төрт қызметкері кірді
Әлемдегі танымал полицей әйелдердің қатарына кірген төрт қызметкер IWPC халықаралық конференциясында Қазақстан атынан өкілдік етеді, деп жазады Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2023
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
19 Қыркүйек, 2023
Қуат Хамитов: Әлем чемпионы Ризабекке 1 миллион доллар берілсін!
ММА шебері Қуат Хамитов Сербияның бас қаласы Белградта күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында 92 келі салмақта алтын медаль алған Ризабек Айтмұханға 1 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Қыркүйек, 2023