Оқи отырыңыз
Бауыржан Тахауов: Иран құрамасын еңсеру мүмкін болмады
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ІV жазғы Азия параойындарында отырып ойнайтын волейбол спортынан ұлттық құрама күміс медаль олжалады. Мақсатты меже – Азия параойындарының алтын жүлдесі еді. Бауыржан Тахауов бастаған бапкерлер жігіттерді жани отырып, 1994 және 1998 жылдары жеткен жетістікті қайталауға барын салуға сендірген, бірақ бұйырмады. Білікті маман Жәнібек Сауранбаев баптаған жылдары отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрама ойыншылары (сол кезеңде командада Бауыржан Тахауов та ойнады – ред.) чемпиондық тұғырға екі мәрте көтерілді. Міне, содан кейін арада 25 жыл өткенде жазғы Азия параойындарының финалына шығып, азуы алты қарыс, даңқы жер жарған Иран құрамасына есе жіберді. Ендігі дода – келесі жылы өтетін Париж жазғы паралимпиадасы. Бас бапкермен дидарласып, Азия параойындарында жігіттердің қандай қайрат қылғанын, не жетіспегенін сұрадық.
16 Қараша, 2023
Қазақстан халқының саны 21 миллионға қашан жетеді?
Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев Қазақстанның 21 миллионыншы тұрғыны 2027 жылы дүниеге келуі мүмкін екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
16 Қараша, 2023
29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Косовоның астанасы – Приштинада футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінің ойындары өтеді.
16 Қараша, 2023
Жасанды интеллект технологиясының жетістіктері жұмыс өнімділігінің артуына өз ықпалын тигізіп жатыр. Сонымен қатар көптеген салада тиімді көмекші құралға айналды. Бірақ, бір өкініштісі, жасанды зерденің қазақ тіліндегі мүмкіндігі ағылшын тіліндегідей деңгейге жете қойған жоқ. Дегенмен «Qazaq AI» платформасы ана тілімізге негізделген жасанды интеллектіні қолдану мен дамытуды күшейтуді қолға алған.
16 Қараша, 2023
Батыс Қазақстан облысында биыл 81,5 млрд теңгеге 617 шақырым жол жөнделіп жатыр. Жол қатынасы жөнінен еліміз бойынша ең төменгі орын алатын өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасымен көлік-логистика саласын дамытудың кешенді жоспары жүзеге асып жатыр. Бұл жөнінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.
16 Қараша, 2023
Қазақстан басшысының бейтарап ұстанымына тәнтіміз
Таяуда «The Foreign Policy» журналына Қазақстанға қатысты ауқымды мақала шықты. Мақалада еліміздің көпжақты, бейтарап саясатының артықшылығы айтылған. Автор Линна О’Доннель Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тепе-теңдікті сақтау өнеріне тәнті болады. Осы орайда, көлемді мақаланың ықшамдалған нұсқасын оқырманға ұсынуды жөн санап отырмыз.
16 Қараша, 2023
Былтырғы қасіретті қаңтар қоғамымызды дүр сілкіндіріп, тәуелсіздік жылдарында тындырылған істерді сыни тұрғыдан қайта бағалауға түрткі болды. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кейінгі жылдары еліміздің дамуына кедергі келтірген суперпрезиденттік билік жүйесінен өз еркімен бас тартып, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын және Әділетті Қазақстан құру идеясын ұсынды. Ал 2022 жылғы 1 қыркүйекте жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында: «Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет», деп мәлімдеді.
16 Қараша, 2023
Мойынқұм ауданының аумағында орналасқан «Анабай» газ кешені пайдалануға берілді. Су жаңа кен орнын «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз еткен. Тиісінше газ ұңғымаларын консервациялау бойынша жұмыстар атқарылған.
16 Қараша, 2023
Жаңа техника мен технология – Астанада
Кеше Астанада XIX халықаралық «Kaztraffic-2023» көрмесі басталды. Дәстүрлі іс-шара Көлік министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. ЭКСПО Халықаралық көрме орталығының үлкен залында Қазақстан мен басқа да көптеген елдердің автожолдарды жасау мен жаңғыртуға қажет техника-технологиялар, жол төсенішіне пайдаланатын материалдардың ондаған түрі қойылды.
16 Қараша, 2023
Қарағанды экономикасындағы ілгерілеу
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында баспасөз мәслихатын өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады. Аймақ басшысы әуелі Костенко шахтасында қаза болған кеншілерге көрсетіліп жатқан көмек жөнінде әңгімеледі.
16 Қараша, 2023
Экономиканың қай саласында өсім бар?
Кеше Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды.
16 Қараша, 2023
Қаржы саласының оқулықтары таныстырылды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде төл теңгенің 30 жылдығына арналған «Ұлттық валютаның тұрақтылығы мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. ЕҰУ ғалымдары шараға қатысушыларға қазақ тіліндегі «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметін ұйымдастыру» оқулықтарын ұсынды.
16 Қараша, 2023
«Боксшылар демігіп қалады». Министр кешенді жоспар түзуді тапсырды
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарынан кейін федерация басшылығы мен бас бапкерлердің есебін тыңдауды жалғастырып жатыр. Бүгін бокс пен дзюдо федерацияларының өкілдері мен ұлттық құраманың бас бапкерлері жазғы Азия ойындарындағы көңіл көншітпейтін көрсеткішке қатысты өз уәжін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz осы саланың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қараша, 2023
Қазақстанда жаңа қала пайда болады
Алматы облысындағы Жетіген ауылы қала болып, жаңа атау алады. «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізу туралы» Президент жарлығының жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қараша, 2023
Олимпиадалық салмақ: Санжар Тәшкенбай мен Сәкен Бибосынов қашан жекпе-жекке түседі?
Астанада бокстан Қазақстанның жазғы Спартакиадасы өтіп жатыр. 19 қарашаға дейін жалғасатын сайыста әлем чемпиондары да рингке шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қараша, 2023
Денсаулыққа зиян өндірісте жұмыс істейтіндерге арнайы әлеуметтік төлем жасалады
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
15 Қараша, 2023
Пенчак-силат: Ұлттық құрама 11 медаль жеңіп алды
Дубай (БАӘ) қаласында ересектер арасында пенчак-силаттан VII Азия чемпионаты және Таяу Шығыстың I ашық чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қараша, 2023
Қосылған құн салығы азық-түлік бағасына әсер ете ме? Министр жауап берді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте қосылған құн салығы азық-түлік бағасына қалай әсер ететінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
15 Қараша, 2023
Семейде университет студенттері күзетшіге күтпеген тосын сый жасады (видео)
Әлеуметтік желіде Шәкәрім университетінің студенттері тиісті оқу орнының күзетшісін туған күнімен құттықтап жатқан әсерлі видео тарады. Тосын сыйды күтпеген күзетшінің әрекеті жұртты сүйсінтті, деп жазады Egemen.kz.
15 Қараша, 2023
Тәуелсіздік жылдары қиындығы мен қуанышы қатар өрілген Жаңатас қаласының бір қауым жұрты таяуда жаңа пәтердің кілтіне алып, мәре-сәре күй кешті. Аудан орталығында екі бөлмелі – 44, үш бөлмелі – 8, төрт бөлмелі 4 пәтері бар тұрғын үй пайдалануға берілді.
15 Қараша, 2023