Оқи отырыңыз
Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының С.Мұқанов атындағы әмбебап кітапханасында Әбдірахман Айсариннің 125 жылдығына арналған әдеби кеш болды. Ол – азапты жылдарда ауыр тағдырға тап болған қазақтың алғашқы жазушыларының бірі, Алашорда ісін жақтаған, Мағжан Жұмабаевты қолдаған қоғам қайраткері. «Айжанның азабы», «Мәжен», «Той тарқар», «Бәсекелестер жиыны», «Жол айырығы», «Мырзалар», «Жүрек жұмбағы», «Болсаң, Болаттай бол» сияқты әңгімелері мен «Алма өз түбінен аулаққа түспейді», «Көн құрысса, қалпына барады» атты хикаяттары, мақалалар мен көсемсөздері баспасөзде жарияланып, өз заманында халқына қаламымен қызмет еткен елеулі азамат.
22 Мамыр, 2023
Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы Түрік мәдени орталығы өткен жылдары елорда төрінде «Османлы мемлекеті мен Орта Азия хандықтары қарым-қатынас құжаттары» атты көрме ұйымдастырды. Осында 1703 жылдан 1730 жылға дейін Османлы империясына билік жүргізген ІІІ Ахмет сұлтанға жолданған қазақ ханы Қайыптың хаттары қойылды.
22 Мамыр, 2023
Етекте жаз болғанымен, таулы жердегі қардың көбесі енді ғана сөгілді. Сондықтан да ТЖД қызметкерлері 15 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда сел жүру қаупі барын ескертіп отыр.
22 Мамыр, 2023
Биылғы ҰБТ-ға өзгеріс енгізіле ме?
Биыл ҰБТ тапсыратын мектеп түлектерінің 75 пайызы сынақтан қазақ тілінде өтуге өтініш білдірген. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Мамыр, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Мамыр, 2023
«Болмаған балалық шақ» Әзірбайжан Мәмбетов театрында сахналанды
Ә.Мәмбетов театрының қоржынына тағы бір қойылым қосылды. Спектакль Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» кітабының негізінде сахналанды. Кітап 2018 жылы жарық көріп, оқылымды туындыға айналған болатын. Ал бүгінде жазуға жан бітіп, театр төрінде көрерменге ұсынылып жатыр. Қойылым режиссері − Әли Бидахмет.
22 Мамыр, 2023
«Елорда жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
Астана қаласында «Елорда жастары» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Мамыр, 2023
Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы атанды
Рим WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Елена Рыбакина әлемнің төртінші ракеткасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Мамыр, 2023
Халима Якоб: Қазақстанмен берік достығымыз – терең сенімнің көрінісі
Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды. Осы уақыт ішінде өзара тиімді саяси, экономикалық ынтымақтастық және Қазақстан мен Сингапур халықтары арасындағы достық байланыстың берік негізі қалыптасты.
22 Мамыр, 2023
Қазақстан – Қытай: Стратегиялық әріптестік бағдары
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары барысында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды, екіжақты уағдаластықтар жасалды. Көршілес мемлекетпен Қазақстанның тауар айналымы жылдан-жылға артып келе жатқаны белгілі. Ал былтыр Қытай – еліміздің басты сауда-экономикалық серіктесіне айналды. Осы орайда, Қытайға сапардың мән-мағынасын сарапшылардан сұрап көрген едік.
22 Мамыр, 2023
Мемлекетте ел-жұртпен кеңесіп іс жүргізуді қажет ететін саланың бірі – қаржы саласы. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген дана халқымыз әр істі кеңесіп, келісіп атқарғанда ғана береке болады дейді. Береке – аз табыстың көп пайда әкелуі, іске жарауы деген сөз.
22 Мамыр, 2023
Жақсы адам әр дәуірде, әр қоғамда бар. Санасы сергек ұрпақ ұлтына жанын беріп, қанын төгіп, адал қызмет еткен жандарды құрметтеп, қадірлей алады. Еліне еңбегі сіңген қайраткерлер кімдер, ал кімдердің қоғамға пайдасынан гөрі зияны басым, жиіркенішті екенін біліп, ара-жігін ажырату кезінде абай болғанымыз абзал. Өтірік пен өнеге өмірде қатар тұрмауы керек.
22 Мамыр, 2023
Демографиялық өсім құрылысқа дем берсе игі
Түркістан облысында 257 дәрігер маман жетіспейді, медициналық құрал-жабдықтардың 45%-ы, медициналық мекемелердің жартысы тозған. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру – өңірдегі өзекті мәселе. Облыстың білім беру саласында да күйіп тұрған мәселе баршылық. Мысалы, 8 апатты жағдайдағы және 15 үш ауысымды мектеп бар. Бүгінде 3,5 мың бала балабақша кезегінде тұр, 33,6 мың оқушыға орын тапшы.
22 Мамыр, 2023
Жастарды қолдау – болашаққа іргетас қалау
Енді мемлекеттік грантпен оқуын үздік аяқтаған студенттер конкурстық іріктеусіз-ақ аудан мен ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға тікелей тағайындалады. Ілкімді іс мемлекеттік қызметке жастарды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев мәлімдеді.
22 Мамыр, 2023
Мемлекеттік тіл ортақ құндылыққа айнала ма?
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына биыл 34 жыл. Қоғамдық саясат институтының былтырғы мәліметін ескерсек, ел тұрғындарының 80,1%-ы мемлекеттік тілді біледі. Тек оның 49,3%-ы күнделікті өмірде қолданады. Зерттеу нәтижесі әр үшінші отандасымыз ақпаратты қазақ және орыс тілінде алатынын көрсеткен.
22 Мамыр, 2023
Абзал Құспан: Мәдени тұжырымдама – бірегейлік пен қауіпсіздік кепілі
Мамыр мерекелеріне орай жарияланған аз күнгі демалыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан өзінің туған жеріне, Батыс Қазақстан облысына келді. Жақында ғана Мәжілісте ұлттық мәдениет мәселелеріне байланысты депутаттық сауал жолдаған халық қалаулысымен жүздесіп, бірер сұрақ қойған едік.
22 Мамыр, 2023
Цифрлық саладағы ортақ жобалар
Біздің ел Франциямен цифрландыру, ғарыш және аэроғарыш технологиялары саласындағы әріптестікті нығайтады. Бұл ретте француздық «Airbus Defence and Space» компаниясымен бірлесіп, байланыс спутниктерін шығармақ.
22 Мамыр, 2023
Кеше Италияның бас шаһары – Римде теннистен WTA 1000 турнирі өз мәресіне жетті. Жүлде қоры 3 572 618 еуроны құраған әйелдер арасындағы жарыста Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина табысты өнер көрсетіп, бас жүлдені олжалады.
22 Мамыр, 2023
Қытайдың Сиань қаласында Орталық Азия елдерінің көшбасшылары бас қосты. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан елдерінің әрқайсысы өз алдына стратегиялық маңызы барын атап өтті. Алайда Қытай Қазақстанмен тығыз ынтымақтастық орнатуға мүдделі.
21 Мамыр, 2023