Оқи отырыңыз
Тараз қаласында Халық әртісі Асанәлі Әшімов атындағы өнер орталығы салынады. Аталған орталық өңір руханиятын насихаттаудағы бірден-бір маңызды нысанға айналмақ. Жаңа нысанның жөн-жобасын зерделеу мақсатында абыз ақсақал көне шаһарға арнайы ат басын бұрды.
22 Қаңтар, 2023
Салтанат Сәдібекованың шығармаларына ширақтықпен қатар колориттің қанықтығы тән. Суретші табиғат сұлулығын жырлай отырып, табиғи ортадағы өмірді анық әрі нанымды бедерлеуге тырысады. Түсті, табиғаттың тылсым бояуларын талғампаздықпен сезінеді.
22 Қаңтар, 2023
Қыс маусымы эпидемиологиялық ахуалдың ұшына түсетін кезі ғой. Оған ауа райының суықтығы алдымен әсер етеді. Жылы жерден шыққан жандар бірден қымтануды ойламай, суық ызғардың бойын алып кеткенін байқамай қалады. Әсіресе тершіген бойымен далаға шыққандар арасынан суықтың кесірінен болатын сырқатқа ұшырап қалуы жиі болады. Биыл солтүстікте қыс біршама жайлы болса да, тұмау жұқтырған адамдар саны 800-ден артық болып отыр. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында тұмаудың өршуі жоғары.
22 Қаңтар, 2023
Кеншілер министрмен кездескісі келеді
Әр аймақтың өзінің шетін мәселелері бар. Өндірісті Қарағанды үшін өнеркәсіптегі ахуал өзекті. Соның ішінде кеншілер проблемасы бар. Қарағандының даңқын асырған, тәуекелі аса жоғары жағдайда еңбек ететін кеншілер тағдыры көмір барда күн тәртібіндегі бірінші мәселе болып қала бермек. Жеті қат жер астында ауыр жұмыс істейтін олардың үнін есту үшін 2021 жылы Келісім комиссиясы құрылған-тын. Бұл комиссия алдыңғы жылы Абай шахтасындағы апаттан соң жасақталғанын атап өту қажет.
22 Қаңтар, 2023
Мысыр елінде NIS оқушыларының ноу-хауы жоғары бағаланды. Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектеп оқушыларының «нашар көретін және зағип жандарға арналған көзілдірік» жобасы шетелдіктерді таңғалдырды.
22 Қаңтар, 2023
Компьютерлік ойын ойлап тапқан оқушы
Қазақ балаларының қолы тиген жер жайнап кетеді ғой, шіркін! Қабілеттерін IT саласында сынап, алғашқы өнертабыстарымен мұхит асып, жалпақ елге танылған өрендерді көргенде бойыңды мақтаныш кернейтіні бар. Келешекте бұл қатарға қарапайым ауыл мектебін тәмамдағалы отырған Темірлан Мұстафин да қадам баспақ ниетте.
22 Қаңтар, 2023
Тиімді дәрігерлік тәжірибе алмасу
Ертеден келе жатқан ескі кеселдің бірі – талма ауруы жайлы талай трактаттар жазылған, әлі де зерттелуде. Дамыған медицинаның өзі тұқым қуалайтын дерттің дауасын толық таба алмаса да, мидың созылмалы ауруына шалдыққандардың денсаулығын озық медициналық технологиялар, операциялар көмегімен жеңілдетуге, жақсартуға болады.
22 Қаңтар, 2023
Астанада анықталатын әлем чемпионы
Биыл көктемде жер жаһан жанкүйерлерінің назары қайта Қазақстанға ауады. Өйткені республикамыздың бас шаһары – Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы сарапқа салынады. 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында өтетін бұл бәсекеде 32 жастағы ресейлік Ян Непомнящий мен 30 жастағы қытайлық Дин Лижэнь шеберлік байқасады.
22 Қаңтар, 2023
Шалқар көлінен табылған жәндік
Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғалымдары облыс аумағындағы Шалқар көлінен бұрын тіркелмеген жаңа жәндік тапты. Ғылымда Turkogammarus aralensis деп аталатын шаян тәрізді жәндік бұрын-соңды Шалқарда кездеспеген екен.
22 Қаңтар, 2023
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» кезекті тур ойынын Екатеринбургте жергілікті «Автомобилиспен» өткізді.
22 Қаңтар, 2023
Францияның Ницца қаласында күрес түрлерінен 1924 жылы Париж Олимпиадасының жеңімпазы атанған атақты балуан Анри Дегланды еске түсіруге арналған Гран-при турнирі аяқталды.
22 Қаңтар, 2023
«Эльдорадодағы» балықшылар бәсекесі
Жуырда ғана жұмысын бастаған «Балық Fest Shu» қоғамдық бірлестігі мен спорттық іс-шаралар өткізу орталығы бірлесіп, Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың рухына арнап балықшылар арасында турнир ұйымдастырды. Мұз үстінде балық аулаған балықшылар арасындағы бәсеке тартысты өтті.
22 Қаңтар, 2023
Індет жұқтырған 8 науқастың жағдайы ауыр
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы өзекті ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қаңтар, 2023
Астаналық дәрігерлер жүкті әйелдің өмірін аман алып қалды
№2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері панкреатитпен ауыратын жүкті әйелді аман алып қалды. Бұл панкреатиттің ауыр асқынған түрі көп жағдайда науқасты өлім жағдайына апаруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
20 Қаңтар, 2023
Таразда «Ақсай» базарынан өрт шықты
Бүгін сағат 13:22-де Таразда «Ақсай» базарындағы жеке тұрған екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2023
Жас жазушыларға арналған президенттік сыйақы тағайындалады
Биыл жас қаламгерлерді қолдау мақсатында Президенттің арнайы әдеби сыйлығы тағайындалады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2023
Шымкентте төрт жасар бала терезеден құлап кетті
Төрт жасар бала аутизммен ауырады. Ол жеке үйдің екінші қабатының терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2023
ШҚО тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 20-23 қаңтар аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
20 Қаңтар, 2023
Цифрлық майнинг қызметі реттеледі
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар цифрлық активтер мен майнинг туралы бірқатар заң жобасын қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
20 Қаңтар, 2023
Тоқыма өнеркәсібін дамыту жолы
Алдағы уақытта Шымкентте өзбекстандық инвесторлармен бірлескен 4 ірі өндірістік кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл – керамикалық тақтайша, жұқа табақты мырышталған болат, инфузионды ерітінділер және тоқыма өндірісі. Осы ретте Ташкент қаласында өткен Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумында қала әкімдігі тарапынан «Orient Ceramic», «Dentafill Plus» және «Alliance Textile» компанияларымен екіжақты меморандумға қол қойылды. Келешекте инвестициялық құны 192 млн долларды құрайтын бірлескен жобалар арқылы үшінші мегаполисте құрылыс, фармацевтика және жеңіл өнеркәсіп бағытындағы ірі кәсіпорындар құрылады.
20 Қаңтар, 2023