Оқи отырыңыз
Арқада аяз кәріне мінгелі бірнеше күн. Қаңтардың онынан басталған аяз үш күнге созылды. Ауа температурасы – 30 градустан төмендемеді. Осы орайда Қарағанды облысында аяз күшейгеннен бері «Тегін такси» қайырымдылық акциясы бастау алды. Мұндай игі іске ұйытқы болған – мешіт қызметкерлері. Діндарлардың бұл үндеуіне көлік иелері мен жанармай құю бекеттері де қолдау білдіріп, аймақта жүзге жуық такси тегін қызмет көрсетті.
15 Қаңтар, 2023
Алматылықтардың назары Ботаникалық бақтағы өнер туындыларына ауды. Халықаралық білім корпорациясында сәулетші, дизайнер, көркемөнер мамандығында оқитын студенттер табиғи материалдардан ерекше туындылар жасап, қала тұрғындарына тарту етті.
15 Қаңтар, 2023
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Грузин және кеңес әртісі, киноактер, кинорежиссер, эстрада әншісі және бірнеше әннің авторы Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қаңтар, 2023
Непалда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Ұшақ Непалдағы ұшу-қону жолағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz The Katmandu Post сайтына сілтеме жасап.
15 Қаңтар, 2023
70 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Өткен тәулікте Қазақстанда 70 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
15 Қаңтар, 2023
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2023
Экс-президенттің отбасына қол сұғылмаушылық кепілдігі қарастырылмаған - министр
Әділет министрі Азамат Есқараев Елбасы туралы Конституциялық заңның күші жойылғаннан кейін қандай өзгерістер болатынын айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2023
Қазақстан Германияға 300 мың тонна мұнай эскпорттайды
«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың I тоқсанында Германияға 300 мың тонна қазақстандық мұнай транзитін жүзеге асырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2023
Алматы әкімдігі ауыр коммуналдық апат туралы хабарлады. Мыңбаев көшесіндегі су құбырынан ақау шықты. Түнгі 3:40-тан бастап солтүстік бағытта орналасқан іргелес көшелерді, негізінен Әуезов көшесін суға басты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қаңтар, 2023
Мына бір фотосуреттен тасқа ойып басылған сиырдың ізін көресіз. Мүмкін бұл аша тұяқты жануарлар – бұғы, бұлан, маралдың ізі шығар. Атам қазақ бағзылық мұраны «тасқа басқан таңбадай» дейді емес пе. Мына із дәл солай тасқа басылған таңба дерсіз. Қай ғасыр, қай дәуірге тән дүние? Оны ешкім тап басып тани алған жоқ.
13 Қаңтар, 2023
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл ауылында тұратын орманшы Махамбет Құсайынов әлдебір себеппен жылы жаққа қайта алмай, ауыл шетінде қалып қойған аққуды құтқарып, үйінде бағып отыр.
13 Қаңтар, 2023
Қалың қарда қалай жан сақтайды?
Қыс қатты биыл. Әсіресе желтоқсан айының соңында Шығыс Қазақстан өңірі қар құрсауында қалды. Апталап тұрған боранды күндері халық елді мекендерден аттап баса алмады. Тәуекелге бел буып, жолаушылай шыққандары жолда қалды. Оқыс оқиғалар да аз болмаған. Ең қиыны, «малым – жаным садағасы...» деп отырған ауылдағы ағайынның жағдайы. Ала жаздай тыраштанып жинаған аз-маз шөппен төрт түлікті қыстан алып шыға аламыз ба деп алаңдайды.
13 Қаңтар, 2023
Шахматтан 2023 жылғы әлем чемпионы тәжі үшін өтетін матч сәуір айының 7-30 аралығында ұйымдастырылатын болды. Бұл туралы Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ресми сайты мәлімдеді. Десе де әзірге дәстүрлі жарыстың қай елде өтетіні белгісіз. Белгілісі, чемпиондық тәжді 32 жастағы ресейлік гроссмейстер Ян Непомнящий мен 30 жастағы қытайлық шахматшы Дин Лижэнь екеуі сарапқа салады.
13 Қаңтар, 2023
Дәрілік өсімдіктер жойылып кетудің алдында тұр Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңірдің өсімдіктер дүниесіне арналған көрме өтті. Онда әр жылдары жинақталып, гербарийлер түрінде музей қорында сақталған эндемик, дәрілік, Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 100-ден астам түрі қойылды. Музей қорындағы ең ұзақ сақталған гербарий – 1923 жылы Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының өкілдері Мұғалжар тауының бөктерінен алынған астық тұқымдас өсімдік түрі. Сондай-ақ 1925 жылы тапсырылған гербарий де жақсы сақталған.
13 Қаңтар, 2023
«Алуа» – Райымбек Сейтметовтің бір тынысы
Алматыдағы екi бiрдей театрға басшылық еткен актер, режиссер Райымбек Сейтметов халқымыздың аса талантты ұлдарының бірі еді. Сонау тоқсаныншы жылдардың тоқырауында 60-қа қараған шағында туған жеріне барып, Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Өнер» бөлімін ашқан Райымбек Ноғайбайұлының еңбегін бұл күндері елі ұмытқан жоқ.
13 Қаңтар, 2023
Герберт Спенсер: «Егер адамның білімі жүйесіз болса, көп болған сайын соғұрлым уайым-қайғысын еселемек», деген пікір айтты. Расында, білім алу бар да, оны жүйелеу, ой қорыту, ұлттық менталитеттің диірменіне салып үгіту бар. Мұстафа Шоқай «Отаршылдардың мәдени қаруы» мақаласында Пушкиннің елімізге шектен тыс насихатталып отырғанын қауіпке балайды. Қайраткер: «Орыс халқы Пушкинімен мақтануға хақылы. Пушкин де оған тұратын тұлға. Алайда Пушкин мұралары біздің халқымыздың таным-түсінігіне, рухани болмысына ешбір жанаспайды. Сол себепті оның шығармаларын күштеп аудартып, оның есімін балиғатқа толмаған жас ұрпақтың санасына зорлап сіңіргуге бағытталған большевиктік іс-әрекеттер біздің халқымыздың басына орнаған мәдени және ұлттық бодандықтың ең жарқын белгілерінен басқа ештеңе де емес», деп шарқ ұрады. Иә, XX ғасырда толассыз аударылған орыс шығармалары бір қырынан руханиятымызға алға жылжуға үлес қосса, екінші қырынан ұлттық мінезімізге, дәстүрлі бедеріміз бен әдебімізге едәуір кері өзгеріс әкелді.
13 Қаңтар, 2023
Жуықта Моңғолияның Мәдениет министрлігі тарихи тұлға Шыңғыс ханның туғанына 860 жыл толу датасына орай мемлекетке және қоғамға еңбек сіңірген тұлғаларды іріктеп, оларды насихаттау жайлы шешім шығарды. Осы тізімге бай-өлкеліктер атынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Моңғолия спортының еңбек сіңірген қайраткері (2006), еркін күрестен Әлем кубогінің (1981) және әлем біріншілігінің қола медаль иегері (1986), атақты балуан Бақыт Однайұлының есімі ілініп, ардагер спортшыны ұлықтау рәсімі өтті.
13 Қаңтар, 2023
Тауар сертификаты – өнімнің айнасы
Қазіргі таңда Алматыда тауар өндіру көлемі артып келеді. Осыған сәйкес кәсіпорындарға берілген тауардың шығу түбін растайтын сертификат саны 2 есеге өсті.
13 Қаңтар, 2023
Қоғамда қоршаған орта мен табиғи ресурстың жай-күйі мамандарды алаңдатып отыр. Елдегі ауылшаруашылық алқаптың үштен біріне жуығы деградацияға ұшыраған, бүліну қаупі төнген. Ал 10 млн гектардан астам егістік жер игерілмей, елеусіз қалып отыр.
13 Қаңтар, 2023
Биыл елімізде экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізіліп, көші-қон бағдарламасына қатысушыларға төленетін көмектің көлемі артып жатыр. Бұдан былай теріскейге еліміздің оңтүстік өңірлерінен қоныс аударып келгендерге және шетелден атажұртқа аңсары ауып жеткен қандастарға 1 300 АЕК көлемінде бір реттік сертификат беріледі. Бұл дегеніміз – 4 млн 400 мың теңге көлеміндегі қаражат.
13 Қаңтар, 2023