Оқи отырыңыз
27 ақпан мен 12 наурыз аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында «ITF World Tennis Tour» сериясы аясында әйелдер арасындағы «BeeTV 40 Women’s» және «BeeTV 60 Women’s» жарыстарының жалауы желбірейді. Екі турнирдің жалпы жүлде қоры –100 мың АҚШ долларын құрайды.
23 Ақпан, 2023
Қай кәсіптің де басы бейнет, соңы береке ғой. Бірақ қазіргі қоғамда бизнесті бастай сала байлыққа күмп беріп түсіп кеткісі келетіндер көбейіп тұр. Әсіресе, осындай елеске еліткен жастар береке еңбекте екенін естен шығарып, алғашқы қиындықтан-ақ жігері құм болып жатады.
23 Ақпан, 2023
«Балық жегің келсе, балағыңды түр» дейді бабаларымыз. Бұл ретте жеті өзенді бауырына басқан Жетісу жұртының бәсі биік. Әсіресе Алакөлдегі ағайынның ұпайы түгел. Неге десеңіз, өңірдегі «Болашақ бастау» ЖШС-ның балық өңдеу зауыты сұранысқа сай жаңа өнімдерді шығара бастады. Ең маңыздысы, бұл базарлықтар балаларға арналған.
23 Ақпан, 2023
Ұлттық банк халыққа цифрлық теңгені (ЦТ) қолдану бойынша қанатқақты жобаның нәтижелерін таныстырды. 2021 жылғы қарашада ұлттық төлем жүйесінің құрамдас бөліктері саналатын карточкалық транзакцияларды өңдеуге арналған төлем карточкаларының банкаралық жүйесі және мобильдік онлайн төлемдерге қызмет көрсетуге арналған жедел төлемдер жүйесі қанатқақты режімде іске қосылған. Өткен жылдың басында пайда мен шығыстарды бағалай отырып, цифрлық теңгені енгізу моделі бойынша қорытынды шешім әзірленді.
22 Ақпан, 2023
Пальма майына тәуелділіктен қалай арыламыз?
Агроөндірістік кешеннің бірі саналатын май өнімдеріне сұраныс артқан сайын, оған қойылған баға да үздіксіз шарықтау үстінде. Май өнімдерін өндіруде оны дайындау құрамы, тасымалдау мен сақталуы қалай жүзеге асады? Қазақстанда 23 млн гектардан тұратын егістік көлемінің 3 млн алқабына майлы дақылдар егіледі. Бұл аумақ Орталық Азия елдеріндегі аталған егістіктің 90%-ын құрап отырған көрінеді. Елімізде осы өнімді өңдейтін ірілі-ұсақты 52 кәсіпорынның жылдық қуаты 2 млн тоннадан асады. Сөйте тұра кейбір қажетсіз май өнімдерін сырттан сатып алу отандық өндірушілердің көңілін көншітпейді.
22 Ақпан, 2023
Халықаралық зерттеудің берері мол
Биылғы ақпан-наурыз айында TALIS-2024 сабақ беру мен оқытудың зерттеу жұмысы өтеді. Оған еліміздегі маңызды деген 3 қала мен 5 шағын өңірден 800 мұғалім, 42 мектеп директоры қатысады.
22 Ақпан, 2023
Жөнделген орталық, жаңарған жабдық
Денсаулық сақтау саласында білікті мамандармен қатар ем-дом көрсететін нысандардың заманауи әрі талапқа сай болуы – әлеумет көкейіндегі көп түйткілдің бірі. Жасыратыны жоқ, жер-жердегі медициналық ұйымдардың басым бөлігі кеңестік кезеңде қабырғасы қаланған екен. Бүгінде медицинаның алдында сол көне ғимараттарды жаңғырту һәм жаңарту міндеті тұр.
22 Ақпан, 2023
Кәрім Бекеновтің есімі қазақ бейнелеу өнерінің графика саласында ерек аталады. Шығармашылық өмірі халық аңыз ертегілері мен эпостық жырлардан бастау алған график-суретшіні еске алуға арналған көрме Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде есік ашты.
22 Ақпан, 2023
Футболдан Чемпиондар лигасының 1/8 финалдағы тағы екі жұптың кездесулері өтті.
22 Ақпан, 2023
Ауыр атлетикадан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сонға допинг қолданды деген айып тағылып, 8 жылға спорттан шеттетілді.
22 Ақпан, 2023
Ташкентке барудан бас тартып жатыр
Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты негізгі фаворит құрамаларының қатысуынсыз өтуі мүмкін. Себебі Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте жалауы желбірейтін дүниежүзілік доданың уақыты жақындаған сайын жаһан біріншілігінен бас тартып, бойкот жариялаған құрамалардың қатары артып барады. Бүгінге дейін АҚШ, Чехия, Ирландия, Ұлыбритания, Канада, Польша, Швейцария және Нидерланд құрамалары Ташкент шаршы алаңында жұдырықтаспайтындарын мәлімдеп үлгерді.
22 Ақпан, 2023
2,5 мыңнан астам көлік заңдастырылды
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдік автокөліктерді заңдастырып, қайта тіркеу науқаны сәл саябырлады.
22 Ақпан, 2023
Семей қаласында көктемгі су тасқыны қаупі бар 15 учаске анықталған. Мұндағы бас-аяғы 631 тұрғын үйді су басу қаупі бар. Семей қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сүйенсек, тасқын суға тосқауыл қою үшін су және өзен арналары тазартылып, су өтетін құбырлар кеңейтіліп, жағалауды нығайту сияқты жұмыстар жүргізіліп жатыр.
22 Ақпан, 2023
Махамбет ауданында жас кәсіпкер Әлібек Жұмағалиев өзі тұратын ауылда шағын кинозал ашты. Ол осы жобасы үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін 1 млн 225 мың теңгенің қайтарымсыз грантына ие болған.
22 Ақпан, 2023
Ел астанасында енді балалар ғана емес, сондай-ақ ересектер де театрлық қолөнерді үйрене алады. «Астана Опера» театрында киім үлгілеу мен ағашқа өрнек салу курстарына қабылдау басталмақ. Ниеттенген кез келген жанға жасына қарамастан театр қызметкерлері қатарындағы тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен өздерінің шығармашылық әлеуетін ашып, айрықша дағдыларды меңгеруге мүмкіндік туды.
22 Ақпан, 2023
Аты аңызға айналған ансамбльдің құрылу тарихы Ертіс-Баян өңірімен тығыз байланысты. Өнер иелері гастрольдік сапарларында ансамбль құрметіне орнатылған мүсіндік композицияда болып, жергілікті студенттермен бірге аллеяда серуендеді.
22 Ақпан, 2023
«Мені халық емес, депутаттар сайлады» деген әкім жазаланды
Алматы облысында ауыл әкімі «Мені халық емес, депутаттар сайлады» деген сөзі үшін жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
22 Ақпан, 2023
Халықаралық Корнелл астробиология зерттеу тобының пікірінше, Қызыл планетадағы ежелгі тіршілік белгілерін анықтау үшін Марсқа жіберілген заманауи аспаптар дәл бағалау жүргізе алмауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Ақпан, 2023
Токио Олимпиадасының жүлдегері спорттан 8 жылға шеттетілді
Қазақстандық ауыр атлет, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон допинг дауына байланысты спорттан 8 жылға шеттетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Ақпан, 2023
Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42 мыңнан асты
Түркияның төтенше жағдайлар басқармасы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 42 310-ға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Ақпан, 2023