Оқи отырыңыз
Кеңестік «жылымықтан» кейінгі Барыс жылы дүние есігін ашқандар кезек-кезегімен алпысты бағындырып жатыр. Белгілі әдебиеттанушы-академик, журналист Бауыржан Омарұлының сөзімен айтсақ: «Алпысқа жұрт әртүрлі жолмен, әртүрлі кейіппен келеді. Мәселен, мынандай алпыстар бар... Айшуақ алпыс, ақжайық алпыс, ағеден алпыс, ақкөңіл алпыс, азусыз алпыс, асау алпыс, асқақ алпыс, айбарлы алпыс, ашушаң алпыс, ақырған алпыс, алғыр алпыс» болып жіктеліп кете береді. Ал бүгін біз сөз еткелі отырған Қазыбек Иса құрдасымыздың алпысы – «мінезді алпыс» деуге әбден лайық.
05 Желтоқсан, 2022
Қатардағы доп додасының үшінші плей-офф матчында Франция мен Польша құрамалары жасыл алаңда жолығып, қазіргі әлем чемпиондары ширек финалға жолдама алғаны белгілі.
05 Желтоқсан, 2022
Жасөспірімдерге жол ашқан біріншілік
«Алау» мұз айдынында өтіп жатқан конькимен жүгіру спортынан қаланың ашық чемпионаты таяды. Дүниежүзілік коньки тебу күніне орай ұйымдастырылған «astana open» турнирінің тартысты өтуіне өзге өңірлерден келіп қатысуға ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер, спорт мектебінің ұландары себепші болды.
05 Желтоқсан, 2022
Астанада «Алтайдан Анадолыға» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Түркиядағы қандастар көшінің 70 жылдық тарихына арналған фильмнің тұсаукесер рәсіміне тарихшылар, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері мен журналистер қатысты.
05 Желтоқсан, 2022
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Камералық хоры «Тал бесіктен – жер бесікке…» атты театрландырылған қойылым ұсынған еді. Сахналық туындыға деген алғашқы әсер резонанс тудырып, жоғары бағаға ие болды. Сол қойылым араға жыл салып, күні кеше ғана «Астана Опера» театрының Күләш Байсейітова атындағы камералық залында көрсетілді.
05 Желтоқсан, 2022
Ертең магистратура грантына құжат қабылдау басталады
6 желтоқсанда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05 Желтоқсан, 2022
Тунис карантиндік шектеулерді алып тастады
Тунис билігі коронавирустық пандемияға байланысты барлық шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
05 Желтоқсан, 2022
Қауіптің қайдан, қашан тап боларын кім білген? Атырауда екі жасөспірім Жайық өзенінде қатқан мұздың үстіне шыққан. Сол кезде жұқа мұз ойылып, екеуі де суға түсіп кеткен. Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні болған.
05 Желтоқсан, 2022
Жасанды жүрек те өмірді ұзартады
Бұған дейін «Жүректі механикалық қолдау» бағдарламасы Астанадағы Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығында енгізілсе, енді Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты да 60 жастағы пациентке жүректің жасанды сол жақ қарыншасын (LVAD) импланттау операциясын сәтімен атқарды. Бұл операцияны Алматы кардиохирургтері Астанадағы Ұлттық кардиохирургиялық ғылыми орталығындағы әріптестерімен бірге жасады.
05 Желтоқсан, 2022
Кардиологтер енгізген технология
Қазақстанда алғаш рет Жүрек орталығының интервенциялық кардиологтері митральды қақпақшаға қысқыш салу бойынша бірегей операция жасады. Шеберлік сабағының барысында дәрігерлер митральды қақпақша жеткіліксіздігі бар науқастарды емдеудің жаңа әдісін меңгерді. Бұл технология құрамында қысқыш бар катетерді феморальды вена арқылы аз инвазивті жолмен енгізуге, жабылмайтын жармаларды қосу арқылы клапанның ақауын жоюға және сол арқылы бүкіл дененің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартуға мүмкіндік береді.
05 Желтоқсан, 2022
Сақылдаған сары аязда Рудный қаласында жылу құбыры жарылып, көп қабатты 33 тұрғын үй, оған қоса сол маңайда орналасқан мектеп, колледж және балабақша жарты күн бойы жылусыз қалды.
05 Желтоқсан, 2022
Үздік әрі белсенді үкіметтік емес ұйымдар марапатталды
Қарағандыда еліміздің түкпір-түкпірінде тең қоғам үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген үкіметтік емес ұйымдарға республикалық сыйлықақы тапсырылды. Атаулы іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі арнайы қатысты.
04 Желтоқсан, 2022
Облыстық көпсалалы ауруханаға қарасты перинаталдық орталықтың дәрігерлері күрделі операция жасап, сәбидің өмірін сақтап қалды. Қордай аудандық ауруханасында дүниеге келген періште жүктіліктің 36 апталық кезеңінде яғни, мерзімінен бұрын дүниеге келген. Аталған орталықтың мамандары бұған дейін де бірнеше мәрте балалардың өміріне төнген қауіпті дер кезінде тойтарған еді.
04 Желтоқсан, 2022
Қатайған жүректі жібітетін еріктілер
Осыдан бірнеше жыл бұрын өмірдің түрлі қиындықтарына кезіккен жандарға көмек қолын созуды бастаған волонтерлік топтар бүгінде қоғамдағы белсенді күшке айналды. 2020 жылы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ұсынысымен волонтерлер жылы болып бекітілгеннен кейін елімізде еріктілер қозғалысының тынысы ашылды. Оған дейін қайырымды жастардың алдынан үнемі кедергілер кездесіп, көпшілік жұрт еріктілердің іс-әрекетін түсінбей де жүретін.
04 Желтоқсан, 2022
Театр бағытын талғам анықтайды
«Театр — ең бекзат өнер» деген ұлылар сөзінің дәлеліндей саф алтындай мәдениет мекенінің тіршілігі заманмен бірге дамып келеді. Соның ішінде 77 жылдық тарихы бар Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры да көрермендеріне тағылымды дүниелер ұсынып жүр.
04 Желтоқсан, 2022
МӘМС: Байбалам салудың қажеті жоқ
Елімізде МӘМС жүйесінің енгізілгеніне үш жыл болды. Осы уақыт аралығында қыруар жұмыс жүргізілді. Десе де реформа жұртшылық тарапынан қызу талқыға түсіп, әрқилы ойлар айтылып жүр. Бірі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен қаржының жеке шотта жиналғанын құп көрсе, енді бірі дәрігерге қаралмаған айлары үшін ақшасын қайтарып алғысы келеді. Жалпы, МӘМС жүйесі енгізілгелі не өзгерді? Бұл сауалға Қазақстан медицина университетінің «Жоғарғы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі» кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Құралбай Құрақбаев жауап берді.
04 Желтоқсан, 2022
Әлем чемпионаты: Дерек пен дәйек
Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында күн сайын жаңа рекордтар тіркеліп, жанкүйерлер қызықты статистикалардың куәсі болып жатыр. Мәселен, Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатындағы матчтар және голдар саны бойынша даңқты отандасы Диего Марадонадан басып озса, Криштиану Роналду қатарынан бес біріншілікте гол соққан тұңғыш футболшы атанды. Ал Аустралия құрамасы 16 жылдан кейін алғаш рет турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды. Назарларыңызға осы және басқа да қызықты мәліметтерді ұсынамыз.
04 Желтоқсан, 2022
Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде студенттік театрлардың ІІ республикалық фестивалі өтіп жатыр. Оған еліміздегі жоғары оқу орындарының 11 шығармашылық ұжымы қатысып, өздерінің үздік қойылымдарын ұсынды.
04 Желтоқсан, 2022
Шу бойында туған белгілі күйші-композитор, әйгілі «Ерке сылқым» күйімен миллиондардың жүрегінен жол тапқан Әбдімомын Желдібаевтың 85 жылдық мерейтойы облыс деңгейінде аталып өтілді. Баласағұн атындағы орталық концерт залға жиналған жұртшылық Әбекеңнің шығармашылығына арналған «Күмбірле күйім, елімде!» атты кештен рухани ләззат алды.
04 Желтоқсан, 2022
Штаттағы жағдай деп бағалап отыр: Петропавлда тұрғын және жеке үйлер жылусыз қалды
Петропавлдағы жылу магистралінің ақау шыққан. Салдарынан 16 көпқабатты және 42 жер үй әлі жылусыз отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2022