Оқи отырыңыз
ЖИТС: аурудың алдын алуға арналған онкүндік
Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтер АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес күнін өткізеді. Яғни қауіпті инфекцияның алдын алу және еңсеру мақсатында бұл күні әлем бар күш-жігерін салады. Осыған байланысты биыл Астанада ЖИТС-пен күрес күніне арналған онкүндік өтіп жатыр.
28 Қараша, 2022
Шалғай ауылда тұратын халықтың бір тілегі – медицина қызметінің сапасын арттыру мәселесі. Жетісуда алыс елді мекендер жетерлік. Соның бірі – Алакөл ауданына қарасты Көкжар ауылы. Осы күнге дейін аудан орталығына сабылған жұрттың тілегі орындалды. Енді тұрғындар ауылдағы жаңа модульді медпункттен алғашқы көмекті ала алады.
28 Қараша, 2022
Қазақстанның әскери қызметшілері бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссияларына тұрақты түрде қатысып келеді. Еліміз – БҰҰ-ның бітімгерлік күштеріне Орталық Азиядан әскер жіберуші бірден-бір мемлекет.
28 Қараша, 2022
Финляндияның Сейняйоки қаласында конькимен жүгіру спортынан жастар арасындағы Әлем кубогінің бірінші кезеңі мәресіне жетті. Әлемдік додада бақ сынаған Қазақстан құрамасының спортшылары 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола жүлде жеңіп алды.
28 Қараша, 2022
Бельгияның алтын дәуірі аяқталды ма?
Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының кезекті күнінде жанкүйерлер тартысқа толы төрт матчты тамашалады. Жексенбі күні жасыл алаңға E тобындағы Жапония – Коста-Рика, Испания – Германия, ал F квартетіндегі Бельгия – Марокко, Хорватия – Канада құрамалары шығып, маңызды ұпайларды сарапқа салды.
28 Қараша, 2022
Ертегі десе елең етер көрерменді желтоқсанның 4, 9, 10 және 11-і күндері «Астана Балет» театрында «Қар патшайымы» балетінің премьерасы күтеді. Даниялық жазушы Ганс Христиан Андерсен ертегісінің желісімен қойылатын спектакльдің режиссері – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Татарстан Республикасының халық әртісі Георгий Ковтун. Спектакль маэстро Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.
28 Қараша, 2022
Қазақстандағы 37 ЖЭО-ның 10-ы ғана мемлекет меншігінде
Елімізде 37 жылу электр орталығы бар, оның 10-ы ғана мемлекет меншігіне тиесілі, деп жазады Egemen.kz. Мұндай деректі ҚР Энергетика министрлігі жариялады.
28 Қараша, 2022
Құзыреті жоғары: Саясат Нұрбек жаңадан құрылған Қоғамдық кеңес туралы айтты
Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Кеңес құрамында Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері бар, деп жазады Egemen.kz.
28 Қараша, 2022
Министрлер мен депутаттардың телефондары тыңдалған
Грекияның Ұлттық барлау қызметі (EYP) министрлердің, департаменттердің бас хатшылары мен басқа да мемлекеттік қызметкерлердің телефондарын тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қараша, 2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды
Президенттің инаугурациясынан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қараша, 2022
Ұлттық банк валюта бағамын белгіледі
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі 28 қарашаға арналған ресми валюта бағамдарын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қараша, 2022
2022 жыл ел тарихында үлкен саяси өзгерістерге толы болды. Ең алдымен ауызға алатынымыз – Конституциялық реформа. Халық саяси өзгерісті жақтап референдумда дауыс берді. Міне, соның ізін жалғаған президент сайлауы да мәресіне жетті. Ел сеніп Қасым-Жомарт Тоқаевты Мемлекет басшысы етіп қайта сайлады. Президенттің 7 жылдық жаңа мерзімге және тек бір реттік сайлануын да елдің саяси шежіресіндегі жаңа тарихи беттің басталуына баладым.
28 Қараша, 2022
Павлодар облысының делегациясы қатарынан табылып, сайлауда айқын жеңіске жетіп, Президент болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсіміне қатыстық. Іс-шараның ерекшелігі – ұзаққа созылып, артық ауыз әңгіме айтылған жоқ. Елдің ертеңі үшін қажетті маңызды шаруалар, басым бағыттар нақтыланды.
28 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде ант берді. Туған халқына арнап жүректен шыққан сөздерін айтты. Еліміздің бүгіні мен келешегіне көзделген, жаңа өзгерістердің нақты бағдарламасы мен жоспары айтылды.
28 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ұлықтау салтанатында сөйлеген сөзінде қазіргі қоғамға қажетті, елдің дамуы үшін аса маңызды бірқатар мәселені атап көрсетті. Тек айтып қана қоймай, осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.
28 Қараша, 2022
Медицинада адамның ауруын жазудың орнына, кейде керісінше майып қылатын оқиғалар да орын алып жатады. Денсаулық сақтау саласының міндеті де сол, науқастардың дертіне шипа іздеген кезде барынша оның ағзаға тиетін зиянын азайту. Өйткені тіліп, кесіп жасалатын кез келген хирургиялық операциялардың өзі денеде де, денсаулықта да ізін қалдырмай қоймайды.
28 Қараша, 2022
Қазақстанда алғаш рет Астана қаласының мемлекеттік архиві базасында Swiss-sasem Open Space Astana мәдени-ағарту жобасы ұсынылды. Бұл – Швейцарияның Экономика және менеджмент жөніндегі қолданбалы ғылымдар мектебімен бірлескен бастама. Оның тиімділігі сол, оқырманға қажет дүниеге еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді.
28 Қараша, 2022
Аустралияда асығымыз алшысынан түсе ме?
«Egemen Qazaqstan» газетінде бұған дейін де 28 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында Аустралияның Сидней, Брисбен және Перт қалаларында теннистен United Cup аралас командалық турнирі өтетіні жайында жазылған еді. Әлемнің ең үздік 18 команданың қатысуымен өтетін бұл жарыс жайында біз не білеміз?
28 Қараша, 2022
Кәсіби журналистика: қауіп-қатерлер дәуіріндегі медиа
Аяқталып келе жатқан жылға көз жүгіртер болсақ, былтырғы мен биылғы медиа құрылтай арасында талай маңызды оқиғалар өтті. Дүрбелең дүниенің әр шалғайынан қылаң беріп жатқан жағдайлар, адам баласын ара-тұра сілкілеп алатын табиғи құбылыстар, түрлі саяси мүдделер отын жаққан айналадағылардың қақтығысы... Осындай жағдайда кәсіби журналистика мен блогерліктің ортасында қалған оқырман жауапкершілік арқалайтын, шынайы мәліметті жалған ақпараттан қалай ажыратады?
27 Қараша, 2022
Өңірде құрылыс жұмыстары жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Ең бастысы, құрылысқа қажетті өнімдер өзімізде өндіріле бастады. Мұның үлкен маңызы бар. Өйткені алыс-жақын шетелдерден тасымалданатын, кейде қасқалдақтың қанындай таптырмайтын, бағасы удай қымбат өнімдерге енді мұқтаж болмаспыз.
27 Қараша, 2022