Оқи отырыңыз
Қызылорда облысына сапармен келген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі алдымен облыстық Жастар ресурстық орталығында болды. Жастар орталығын аралаған министр мұндағы «Мүмкіндіктер алаңымен», қоғам белсендісі Талғат Меңдібаевтың бастамасымен құрылған «Кітап құрттары» ұйымының жұмысымен танысты.
07 Қараша, 2022
Жуырда Шымкент қаласының 11-шағын ауданында айрықша сәулет үлгіде безендірілген гүлзар ашылды. Аталған нысанның ашылуы салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.
07 Қараша, 2022
Театр тарланы: Шымкентте Жұмат Шанинді еске алу кеші өтті
Шымкентте режиссер, драматург, актер, қазақ ұлтының кәсіби театр өнерінің негізін салушы, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-нің халық әртісі Жұмат Шаниннің туғанына 130 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында қаланың зиялы қауым өкілдері, өнерсүйер жастар дара тұлғаның ұрпақтарымен кездесті.
07 Қараша, 2022
Биыл театр һәм кино өнерінің жарық жұлдызы Шолпан Жандарбекованың туғанына – 100 жыл толса, келесі жылы сол межені біздің жерлесіміз Бикен Римова бағындырмақ. Ұлт руханиятына қомақты олжа салып, сахна мен өмірде бірге жасасып, телқоңыр тағдыр кешкен қос сахна саңлағының мерейтойын Жетісу жұрты сән-салтанатпен атап өтті.
07 Қараша, 2022
Кеше Амманда өтіп жатқан бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылардың есімі белгілі болды. Жексенбі күнгі бәсекелердің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасының 14 боксшысы сол межеден көрінді. Сондай-ақ дүйсенбі күні тағы жеті былғары қолғап шеберіміз ширек финал кездесулерін өткізді.
07 Қараша, 2022
Таразда еркін күрестен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты 110 жылдық мерейтойына арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Біріккен күрес әлемінің (UWW) бағдарламасына енген жарыстың биылғы жүлде қоры 70 000 АҚШ долларын құрады. Ең қуаныштысы, Әулиеата топырағында Қазақстанның балуандары табысты өнер көрсетіп, 5 алтын, 6 күміс және 13 қола медаль жеңіп алды. Барлығы – 24 жүлде!
07 Қараша, 2022
«Астана» – қасиетті санның иегері
Тоғыз айға жалғасып, толғағы жеткен футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионаты «Астананың» жеңісімен аяқталды. Наурыздың алғашқы аптасында басталған доп додасы қарашаның бірінші жексенбісінде тізгін тартты. 26 тур бойы турнир кестесінің алғашқы үштігінен түспеген «Астана» соңғы турда жеңіске жетіп, ел тарихындағы жетінші чемпиондығына қол жеткізді. Ұзақ үзілістен кейін жүлдегерлер қатарынан көрінген «Ақтөбе» екінші орынға жайғасса, былтырғы ел чемпионы – «Тобыл» үшінші орынға табан тіреді.
07 Қараша, 2022
Еліміздің әр өңірінен келген 18 мұражайдың баға жетпес құнды жәдігерлері Қарағанды жұртының назарына ұсынылды. Бұл Қазақстан мұражайларының қоры арқылы тұңғыш рет ұйымдастырылған көрме екенін атап өткен жөн.
07 Қараша, 2022
Астанадағы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейде «Қара шаңырақ» ұлттық тәрбие беру мектебінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай елордалық мектеп оқушылары арасында «Ел – бүгіншіл, менікі ертең үшін» атты шығармашылық сайыс өтті.
07 Қараша, 2022
Президент Маңғыстау облысында туризмді дамытуды тапсырды
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының туризміне қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
07 Қараша, 2022
Президент жем-шөптің бағасын арзандатуды тапсырды
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуде жем-шөп бағасын арзандату мәселесіне назар аударуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
07 Қараша, 2022
Маңғыстауға бөлінген білім гранттары толық игерілмеген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында өңірге қажетті кәсіби кадрларды даярлау ісіне баса назар аудару қажеттігіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2022
Маңғыстаулықтарды ауыз су мәселесі алаңдатып отыр
Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2022
Президент Маңғыстаудың инвестициялық әлеуетін арттыруды тапсырды
Мемлекет басшысы Маңғыстауға сапарында облыстың инвестициялық әлеуетін арттыруды назарға алуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.
07 Қараша, 2022
Каспий итбалықтарының қырылу себебі анықталады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесуінде итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылуын анықтау үшін Каспий теңізінің айдыны мен жағалауында зерттеу жұмыстарын тұрақты жүргізу керектігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
07 Қараша, 2022
Ұлттық банк валюта бағамын белгіледі
Ұлттық Банк 7 қарашаға арналған валюта бағамына қатысты ресми ақпарат жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Қараша, 2022
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында ұйымдастырылған спорттық гимнастикадан 51-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған бәсекеде спортшылар әдеттегідей 12 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасының өкілдері биылғы біріншілікте де жүлдесіз қалды.
07 Қараша, 2022
Атырауға Оңтүстік Африка Республикасының президенті болған, саналы ғұмырын адам құқығын қорғауға арнап, Нобель сыйлығын иеленген Нельсон Манделаның немересі келді. G-Global халықаралық бағдарламасының Оңтүстік Африкадағы өкілдігіне жетекшілік ететін Ндилека Мандела С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде ашылған «Энергетика саласындағы әйелдер көшбасшылығы» білім беру бағдарламасына қатысты.
07 Қараша, 2022
Омбудсмен институтының салмағы артады
Президент жария түрде қол қойған алты заңның бірі – «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң. Демократиялық дамудың басты шарттарының бірі – құқықтар мен бостандықтар институтының қызметі. Оның жұмыс істеу қабілеті мен заң шығару кеңістігі – демократиялық мемлекеттің өмір сүруінің негізі.
07 Қараша, 2022
Ауыл шаруашылығы мен сауда өнеркәсібін ілгерілету ісінде әлемдегі озық технологияларды қолданудың маңызы зор. Осы мәселе Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рудольф Гиклмен кездесуінде кеңінен талқыланды.
06 Қараша, 2022