Оқи отырыңыз
Жетісу облысының жаңа гербі бекітілді
Жетісу облысының мәслихат депутаттары өңірдің жаңа гербін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қазан, 2022
Қауіпті тауарлардың енуіне жол бермейміз - Серік Жұманғарин
Қазақстанның бастамасымен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕЭК-тің өнімге қойылатын міндетті талаптарын оңтайландыру, оның ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау бөлігінде шаралар тізбесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қазан, 2022
Атырауда «Emerson» компаниясы жаңа цехты іске қосты. Облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Бекбаеваның айтуынша, мұнда ең озық технологиямен қысым өлшейтін құрал шығарылады.
18 Қазан, 2022
Жоспарлы негізде оқытқан ұтымды
Қазақ баласының қолына аттестат тисе болды, ата-анасы білімі бар ма, жоқ па, оқуға деген ынтасы қалай, мәселенің осы жағына қарамай, жоғары оқу орнына қарай жетектей жөнеледі.
18 Қазан, 2022
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» бірыңғай ұлттық экологиялық акциясын өткізуді ұсынған болатын. Бағалы бастама Ақмола облысы тұрғындарының тарапынан да қызу қолдау тапты.
18 Қазан, 2022
Өз заманында имандылықты насихаттаған Исабек ишанның есімі күллі мұсылман жұртына мәшһүр. Ақкөл-Жайылмадағы хазіреттің кесенесіне тәу етіп келетіндердің уақыт санап көбейіп келе жатқанын ескерген жергілікті кәсіпкерлер демеушілік етіп, мазар жанынан заманға сай қонақүй тұрғызды.
18 Қазан, 2022
89-маусым: Жаңа жоба, соны леп
Ұлт мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 89-маусымның шымылдығын ашып, көрерменімен қауышты. Жаңа маусымның ашылу салтанатына Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов бастаған өнер қайраткерлері мен қала жұртшылығы қатысты.
18 Қазан, 2022
Петропавл қаласында Құтқарушылар күні қарсаңында мектеп оқушылары арасында өрт сөндіру мен апаттан құтқару бойынша қала чемпионаты өтті. Оған өрт сөндіру бөлімдерінің түрлі іс-шараларына қатысып жүретін қала мектептерінің өрендері қатысты.
18 Қазан, 2022
Қарағанды қаласы қазір жылудан тапшылық көріп тұрған жоқ. Бірақ алдағы жылдары кеншілер астанасындағы қарқынды баспана құрылысына байланысты жылу қат болуы ғажап емес. Мұны тиісті орындар да жоққа шығармайды. Осыған орай үшінші жылу электр орталығынан тұрғын үй құрылысы қаулап бара жатқан Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігіне жылу жеткізу үшін жылу магистралі салынып жатыр.
18 Қазан, 2022
Бизнеске комплаенс-маман қажет
Астанада Экономикалық қауіпсіздік және комплаенс мамандарына арналған форум ұйымдастырылып, онда заңгерлер, комплаенс-офицерлер, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік мамандары комплаенс-қызметтерді автоматтандыру, кадрларды қалыптастыру, санкциялық комплаенстің заңды және беделге нұқсан келтіретін тәуекелдерін қаузады.
18 Қазан, 2022
Алматы облысы екіге бөлінгеннен кейін, жалпы Жетісуда күріш өсіретін жалғыз аудан қалды. Бұл – Қаратал ауданы. Биыл ауа райы диқандар үшін қолайлы болды, дәнді дақылдар да бітік шықты.
18 Қазан, 2022
Жасыл орманымыз жайқалсын десек...
Биыл тоғыз айда орман заңнамасын бұзуға қатысты 120 факті анықталды. 62 оқиға бойынша 4 041,6 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Орман қорына келтірілген залал көлемі 1260,1 мың теңгені құраса, оның 915,8 мың теңгесі өндіріліп алынған. Қалған іс материалдарын сот органдары қарап жатыр.
18 Қазан, 2022
Облыстың бірқатар аудандары көк түтінге тағы оранды. 9 қазан күні ұйытқи соққан желде тұтанған өртті сөндіру мүмкін болмай тұр. Керісінше жалаңдаған жалын өрши түсті. Бүгінге дейін өрт қаупі сақталып отыр. Оған себеп – жауын-шашынның жоқтығы.
17 Қазан, 2022
Бетін балдыр басқан көлдің өр жағындағы жақпар тасты шыңнан нәп-нәзік қыз мүсіні етекке көз тастайды. Қараңыз, мүсінші кейіпкердің жан дүниесіне үңіліп барып соққаны сезіледі. Шемонаиханың шет жағындағы бұл биікті халық «Марьин утес» атап кеткелі қашан?! Қазақшаласақ, «Мария жартасы». Мұңға батып, тас мүсін болып тұрған ол қыз кім дейсіз ғой...
17 Қазан, 2022
Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Тобыл өңіріне гастрольдік сапармен келді. Өнер ұжымының қостанайлық көрермендерге ала келген репертуарында балаларға арналған көңілді қойылым, ертегілермен қатар, көпшілік көрерменге ой салатын салмақты дүниелер де бар.
17 Қазан, 2022
Белгілі ақын, аудармашы, ғалым Сағынғали Сейітовтің туғанына 105 жыл толды. Қаламгердің мерейтойы оның туған жері – Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында кеңінен аталып өтті.
17 Қазан, 2022
Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың туғанына 100 жыл толды. Ел дамуына ересен еңбек сіңірген тұлғаның рухына тағзым ету іс-шарасы аймақтарда қызу өтіп жатыр. Заманында бірнеше облысты басқарған қайраткердің мемлекет тарихында қалдырған қолтаңбасы айшықты. Оның еңбек жолы ел аймақтарының қарышты дамып, өңірлердегі ауыл шаруашылығы мен экономиканың дәуірлеу кезеңіне тұспа-тұс келді. Ауылдарды дамыту мен қала сәулетін қалыптастыруға да өлшеусіз еңбек сіңірді.
17 Қазан, 2022
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» бірыңғай ұлттық экологиялық акциясын өткізуді ұсынған болатын. Бағалы бастама Ақмола облысы тұрғындарының тарапынан да қызу қолдау тапты.
17 Қазан, 2022
Табиғатқа қарсы жасалған тағылықтың бір көрінісі рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгуден байқалады. Мәселен, Атырау облыстық экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-ның ғарыштан мониторинг жүргізу қорытындысына сәйкес, 87 стихиялық қоқыс алаңы анықталған. Оның ішінде 30 қоқыс алаңы жеке иелікте екені белгілі болған.
17 Қазан, 2022
Бахрейннің бас шаһары – Манамада ұйымдастырылған ауыр атлетикадан Азия чемпионаты аяқталды. Бір аптаға жалғасқан Сары құрлық бәсекесінде Азияның 30 елінен келген 187 зілтемірші 20 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Биылғы Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасының 18 спортшысы (ерлер 10, әйелдер 8) өнер көрсетіп, жүлделі орындар үшін сынға түсті.
17 Қазан, 2022