Оқи отырыңыз
Биыл 10 мыңға жуық түлек «Алтын белгі» иегері атанды
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша 9 738 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда рекордтық көрсеткіш. 2019 жылы төсбелгіні 7 349 оқушы, 2020 жылы 8 615 оқушы иеленген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Жаңаөзендегі өрт кезінде химиялық заттардың төгілгені рас па?
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры Нақберген Төлепов 16 шілдеде кәсіпорында болған өрт бойынша түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Маусым, 2021
Роналдудың рекорды мен немістердің автоголы
Сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні Еуропа біріншілігінде F тобында өнер көрсететін командалардың ойындарын тамашаладық. Будапеште Мажарстан мен Португалия құрамалары күш сынасса, Мюнхенде Германия мен Францияның футболшылары шеберлік байқасты. Бұл кездесулердің екеуі де көпшілік көңілінен шықты деген ойдамыз, деп жазады Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Нұр-Сұлтандағы драма театрдың директоры 9 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты М.Горький атындағы орыс драма театрының басшыларына қатысты сот үкімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 Маусым, 2021
Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында өрт болды
16 маусымда сағат 23.15-те Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС компрессорлық цехының тоңазытқышынан от тұтанған, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Биыл елорданың 7 елді мекені газға қосылады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында газдандыруды жүргізу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Қарағанды облысы «қызыл аймақта» екі айға жуық уақыт болды. Мұның өзі өңірдегі эпидемиялық жағдайдың қаншалықты күрделеніп кеткенін көрсетті. Әйтсе де, кешенді түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалыптасқан жағдай оңалып, өңір «сары аймаққа» өтті.
17 Маусым, 2021
Дипломаттар Жоғарғы сотта пікір алмасты
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ұйытқы болуымен алғаш рет дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдар басшылары қатысқан брифинг өтті.
17 Маусым, 2021
Қымбат дәрі, сертификатсыз Спутник V
Атырауда былтыр қауіпті вирусқа қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне байланысты күрделі ахуал қалыптасқан еді. Сол кезде тұрғындар жергілікті дәріханалардан дәрі-дәрмектерді сабылып іздегенмен, таба алған жоқ. Таңның атысынан кеш батқанға дейін шұбатылған кезекке тұрып, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі туындаған. Тіпті кей тұрғындар дәрі-дәрмектерді Атыраумен шекаралас Ресейдің Астрахань өңірінен алдыруға мәжбүр болған.
17 Маусым, 2021
Қазақстандықтар жаңа көліктерді белсенді түрде сатып ала бастаған. Арнайы ресми деректер осыны растайды. Статистикаға сүйенер болсақ, мамыр айында сатылған жаңа автокөліктер саны осымен екінші ай қатарынан 10 мың бірліктен асып түскен.
17 Маусым, 2021
Көркіне Зерендінің көзің тоймас...
Үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлдер мен қолдың саласындай ақ қайыңдар, мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген көрікті Көкше өңірінің құйқалы бір пұшпағы – табиғаттың зергер қолымен зерленген, жылдың қай маусымында да он бесінде толған айдай толықсып жататын Зеренді аймағы.
17 Маусым, 2021
EURO-2020: Уэльс Түркияны 2:0 есебімен жеңді
Уэльс құрамасымен кездескен Түркия екінші ойында да жеңіліп қалды. Бұл жолы Шенол Гүнештің шәкірттері Бэйл бастаған жігіттерден айласын асыра алған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Облыстық экология департаменті екі ай бұрын «Теңіз» кенішінде шыққан «сары» түтінге қатысты тексерісті аяқтап, әкімшілік іс қозғады. Департамент басшысы Әлібек Бекмұхаметовтің ақпаратына сүйенсек, биылғы 7 сәуірде «сары» түтін кен орнындағы КТЛ-2 нысанында орнатылған «У-500» қондырғысының гидрогенизациялау пешінен шыққаны анықталыпты.
17 Маусым, 2021
Құнды жәдігерлер – көне тарихтың куәсі
Ұлы дала тарихын ежелгі дәуірден бастап қазірге дейін зерттеуді одан әрі жалғастыруға ерекше назар аудару қажеттілігі туралы Президент Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында баса айтылған болатын.
17 Маусым, 2021
17 жылдық дауға нүкте қойылды. ЕО мен АҚШ авиация саласында уағдаластыққа қол жеткізді
АҚШ пен Еуропалық одақ ұшақ өндірісін субсидиялауға қатысты ортақ келісімге келді. Бұған дейін тараптар мәмілеге келе алмай, дау 17 жылға созылған еді. Осылайша, әлемдегі авиация саласындағы трансатланттық бақталастық бәсеңдеді.
16 Маусым, 2021
Вивисекцияға алғашқы тосқауыл. Израиль жүн мен жануар терісін пайдаланудан бас тартты
Израиль үкіметі жануар терісінен дайындалған киім-кешек сатуға тыйым салды. Осылайша, жүн мен жануар терісінен бас тартқан алғашқы елге айналып отыр.
16 Маусым, 2021
Қарағай иісі бұрқыраған бұйра таулар етегімен сырғып, асығып келе жатқан бала Қасымның аңғары – Семей жұрты, Шығыс жақ, Абай елі.
16 Маусым, 2021
Ұлы даланы мыңдаған жыл мекен еткен қазақ ұлысы өзінің тарих жолын сайын сахара төсіндегі тас бітіктерге ғана таңбалаған жоқ, ескі жыр-дастандар мен күй шежірелерге де аңыз астарлап, ұлт рухын бұзбай бүгінге жеткізді. Солардың ішінде күн түбіне жортқан көшпелі жұрттың баға жетпес байлығы – көне күйлері біздің сарқылмас қазынамыз десек болады.
16 Маусым, 2021
Эйнштейннің фотосын тоңазытқышқа жабыстырып қойыпты. Әжем ғой баяғы, ырымшыл. Көрші үйдің баласы Берлинге барып келгелі апам осы бір «оқымысты шалды» айналсоқтап шықпайды. Немеренің тұңғышы болған соң ба, әйтеуір болашағыма немкетті қарамайтын әдеті. Онысын жатқа білемін. Әйтсе де тілін иегіне дейін созған «шалды» маған несіне үлгі етеді екен. Түсінсем бұйырмасын. Енді қараптан қарап отырмай, Эйнштейннен әжемді қызғанатын болдым. Әрі-бері өткенде құлағымды екі жаққа қарай соза тартып, мен де тілімді шығарамын. Әй, содан ғалым болғанымды қайдам, қалқан құлақ бола жаздағаным есімде.
16 Маусым, 2021
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ұлттық бейнелеу өнеріне теңіздей буырқанған талантты бір буын келді. Осы буынға өнертанушылар «Қатаң стиль» өкілдері деп баға берген. Сол үркердей шоғырдың ішінде дарынды қылқалам шебері Салихитдин Айтбаевтың ешкімге ұқсамайтын қолтаңбасы анық байқалды. Әсіресе, автордың 1966 жылы салған «Бақыт» деген картинасы бейнелеу өнерін жоғары бағалайтын талғампаз жұрттың көңілінен шықты. Бұл кезең кеңестік дәуірдің дүбірлеп тұрған шағы болғандықтан, қазақтың биік болмысын бедерлеген туынды «Молодая гвардия» журналында сыналып, авторға «ұлтшыл, түрікшіл» деген айып тағылды.
16 Маусым, 2021