Оқи отырыңыз
Балтық жағалауында өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңдегі бәсекелері аяқталып, жаһандық доданың плей-офф кезеңіне жолдама алған құрамалар белгілі болды. В тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы соңғы турда Норвегия хоккейшілерімен кездесіп, қарсыластарына жол берді.
02 Маусым, 2021
Талантты толағайлар Ташкентте топ жарды
Әр кез санға емес, сапаға жүгінетін Қазақстанның ауыр атлеттері бұл жолы да өз жанкүйерлерін қуантты. Күні кеше ғана Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігіне небәрі жеті спортшымыз ғана қатысып, солардың алтауы елге олжалы оралды. Анықтап айтсақ, аталған жарыста жерлестеріміз 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальды иеленді.
02 Маусым, 2021
Қазақта «Күш атасын танымас» деген сөз бар. Ұлы даламызда егеулі найза қолға алып жауға шапқан батырлар да, алысқанын алып жыққан балуандар да өткен. Сол тектілердің жалғасындай болған азаматтар арамызда бүгін де бар. Қазіргі заманның Қажымұқаны деуге тұрарлық Айбар Ержанов бұл күнде ауыр жүк көліктерін жалғыз өзі сүйреп, көпті таңдандыруда. Ол әуелі жол талғамайтын жапондық үш «Джип» автокөлігін қатарынан жалғыз тартып көптің ықыласына бөленсе, жуырда салмағы 15 тонна болатын ауыр жүк көлігін тағы да жалғыз сүйреп ерекше қабілетін танытты.
02 Маусым, 2021
Ашық аспан астындағы кітапхана
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал кітап – адам баласының санғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Осы орайда Байқоңыр ауданы әкімдігінің аппараты 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай игі істің бастамашысы атанып, елордада «ашық аспан астындағы кітапхана» ұйымдастырды.
02 Маусым, 2021
Қасіретті жылдар шерін шерткен
Қостанай облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының білім орталығында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Ашаршылықтың ащы шындығы» атты кеш өтті. Тарихи тағылымы мол іс-шараға өткен ғасырдың отызыншы жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың талайлы тағдыры туралы он шақты кітаптың авторы, ҰҚК ардагері Ғалихан Мәулетов қатысты.
02 Маусым, 2021
Ақаулар жойылып, жұмыстар жалғасуда
Ағымдағы жылғы 23 мамыр күні «Egemen Qazaqstan» газетінде тілші Хамит Есаманның Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі соңындағы №15 шағын аудан тұрғындары тарапынан айтылған кемшіліктер туралы «Тұрғын үйлердің түйінді мәселесі көп» атты мақаласы жарық көрді.
02 Маусым, 2021
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша 60 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Осыншама өтініштің құны 727,4 млрд теңгені құрайды екен. Әрине, мұның бәрі бірдей қабылданбасы белгілі.
02 Маусым, 2021
Алыстағы ауылдың ахуалымен танысты
Арнасы түскен Сырдария проблемасы облыстың барлық аудандарына зардабын тигізіп-ақ отыр. осының салдарынан Кіші Арал мен теңізді аудандағы бірнеше ірі көл тартылып барады.
02 Маусым, 2021
Белсенді әйелдер бас қосатын алаң
Елордада «Қазақстан әйелдері күштері альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі қамқоршылық кеңесінің отырысы өтіп, онда ұйым қызметінің аралық нәтижесі шығарылып, алдағы жоспары жария етілді.
02 Маусым, 2021
«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен өткен «Азаматтық алаң» отырысында тарихшылар мен қоғам белсенділері саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесін талқылады.
02 Маусым, 2021
Биыл Маңғыстауда қыстай жеткілікті мөлшерде қар түспеуі, көктемде жаңбыр болмауы салдарынан өңірдің ойы да, қыры да тулақтай сіресіп, құласаң бетке тиер қылтанағы жоқ дейтіндей қу тақыр қалыпта. Бұл мал атаулыға қиын тиді – көктем шығысымен жерден тіске басар таппай әбден ашыққан түліктерге қырылу қаупі төнді.
02 Маусым, 2021
Басты мәселе: Балаларға абай болайық!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Шарын шатқалында орын алған оқыс оқиға кезінде оқушысының өмірін сақтап қаламын деп қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін марқұм Мерей Ибрагимов «Ерлігі үшін» медалімен наградталды. Ел Президенті қайғылы оқиғаны үлкен күйзеліспен қабыл алып, қайтыс болғандардың жақын туыстарына көңіл айтты. Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.
02 Маусым, 2021
2020 жылы 5 мың баланы қамтитын сегіз оңалту орталығы ашылды
Елбасының «Қамқорлық» бастамасы Қамқоршылық кеңесінің отырысы барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ қарт адамдарға арналған инфрақұрылым құруға бағытталған екі бастаманы іске асыру талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Маусым, 2021
Дәрігер вакцина құжатының қағаз нұсқасын қалай алуға болатынын айтты
Алматы қаласындағы №36-шы емхананың бас дәрігері Гүлжанат Тілеген вакциналау паспортының қағаз нұсқасын қалай алуға болатынын және бұл жүйе не себепті енгізілгенін кеңінен түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Маусым, 2021
Алматы облысындағы 130 нысан енді туристерді қабылдай алады
Алматы облысындағы 130-ға жуық демалыс орнына туристер қабылдауға рұқсат етілді, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Маусым, 2021
Алматыда жол қоршауын шығаратын зауыт салынады
Индустриялық аймақта хабарлағандай, жоба 2021-2023 жылдары олардың аумағында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz
01 Маусым, 2021
Солтүстік Қазақстанда жаппай бір ауыл уланып, ауруханаға түсті
Бескөл ауылы тұрғындарының айтуынша, ауырып жатқандар көп. Кейбірі өздігінен емделіп жатыр. Ауру белгілері астан улануға ұқсас, дене қызуы көтеріліп, әлсіреп, құсады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
01 Маусым, 2021
Тәжікстан Қазақстанға суармалы су беретін болады
Тәжікстаннан қосымша 300 млн м3 астам суармалы су келетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Маусым, 2021
Жансая Әбдімәлік халықаралық гроссмейстер атанды
Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды. Бұл туралы шахматшының өзі Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Маусым, 2021
Түркістан облысына бірнеше елдің білекті жігіттері жиналды
Түркістан облысының Шардара қаласында қол күресінен халықаралық сайыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Маусым, 2021