Пікірлер
Ана тіліміз – бірінші байлығымыз
Әбділда Тәжібаев Қазақ радиосына берген сұхбатын осы өзекжарды сөзбен бастайды. Бұл – кеңестік кезеңде айтылған сөз. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады» деп кеңестік биліктің ұлт ретінде жойып жіберуді көздегенін ашық жазады.
04 Сәуір, 2018
«Мен қалада өмір сүре алмаймын...»
Қазақтар кезінде осылай дейтін еді.Шынында солай, бұрынғы кезде ауылдан көшіп баратын қарапайым адамға қалада өмір сүру оңай емес-тін. Үй-жай алу түгілі ішім-жем, дұрыс киім, жақсы қызмет көру сияқты қажеттіліктің бәрі тапшы болатын.
04 Сәуір, 2018
Құдайы көршім жұмалыққа шақырды. Төрге озған жас имам дастарқан басына жиналғандарды аузына қаратып, уағыз айтып отыр.
03 Сәуір, 2018
Мұғалім мәртебесіз болайын дей ме?
Қазір мұғалімдерге қатысты алуан түрлі әңгімелер айтылудай айтылып келеді. Әлеуметтік желілердегі небір сойқан көріністер жаныңды жаралайды. Мұғалім мен бала арасындағы текетірес тіпті өршіп бара жатқандай.
03 Сәуір, 2018
Еларалық өзендер ахуалы өзекті
Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендер мәселесі екі ел қатынастарындағы өзекті де өткір проблеманың бірі болып отыр. Себебі Қазақстан – Қытай арасында 24 трансшекаралық өзен бар. Олардың ең ірілері – Ертіс, Іле және Еміл өзендері.
02 Сәуір, 2018
«Көп қорқытады, терең батырады», «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» дейді қазақ. Бұл айтылғандардың бәрі егер қандай да болмасын халық саны жағынан неғұрлым көбірек болса, одан оның ұтылмайтынын, керісінше оның өзі сол ұлттың белгілі бір дәрежеде табысқа жетуіне ықпал ететінін білдіреді.
02 Сәуір, 2018
«Спорт – саясаттан тыс» болуы тиіс
Бүгінде спорттың саясатқа айналғанына қырық жылға жуықтап қалыпты. АҚШ-тың 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасына бойкот жариялап, оны бірқатар капиталистік қоғам елдерінің қостағаны белгілі. Есесіне 1984 жылы АҚШ-та өткен келесі Олимпиадаға КСРО бастаған социалистік елдер қауымдастығы бойкот жариялап, Лос-Анджелес Олимпиадасынан бас тартқаны мәлім. Ал бұл қадамдардың ар жағында «қырғи-қабақ соғыс» туындатқан саяси текетірес тұрғаны айтпаса да түсінікті болатын.
30 Наурыз, 2018
Тегі өзгерген өнімнен қауіп қандай?
Әдетте, азық-түлік дүкеніне бас сұқсаңыз құтыдағы, пакеттегі немесе арнайы қағазбен оралған тамақ атаулыдағы «ГМА-сыз!!!» («Без ГМО!!!» «Non GMO») деп көрнекі жазылған ескертулерге еріксіз назар аударасыз. Сүт пен сұйық майға дейін, ет пен ерекше қатталған әртүрлі дақылға, көк-сөкке, тіпті күнде жеп жүрген дәмді наныңызға дейін сондай жазумен таңбаланған!.. Неге?
30 Наурыз, 2018
Адал асымыздың қадірін түсірмейік
Біз сияқты мегаполис тұрғындары үшін мәселенің үлкені – азық-түлік сапасы мен табиғи өнімдер екені айтпаса да түсінікті. Өз бақшасындағы балғын көкөністерді жемеген, жаңа сауылған сүтті ішпеген адамда қайбір денсаулық болсын. Сондықтан да ауыр көтеріп, ыстыққа күйіп, суыққа тоңып жатпаса да қалалықтарды кесел көбірек айналшықтайды.
29 Наурыз, 2018
Жуықта қазақтың небір қасқа-жайсаңдары бас қосқан дастарқанда болдық. Ас ішілді, аяқ босатылды. Кезек бата беру рәсіміне келіп тірелді. Төрде отырған танымал ғалым ағамыз қос алақанын айқара жайып алып, бата емес кедір-бұдыр жадағай тост айтып шықты. Кәдімгі шарап толы тостақ ұстап тұрып тойда айтатын тост. «Сіздің (той иесін айтады) жұмыстағы беделіңіз жоғары, әрдайым биіктен көріне беруіңізге тілектеспіз, осындай дастарқан басында бас қосайық!». Мынадай «батаға» не бет сипарымызды, не әумин дерімізді білмей салбырадық та қалдық.
29 Наурыз, 2018
Елішілік игі істер әлемдік беделді арттырады
Қазіргі таңда Қазақстан өзінің сыртқы саясаттағы сауатты да салиқалы бастамаларымен ғана емес, ішкі тіршілігіне қатысты қолға алынған ауқымды шараларымен де әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін өсіріп отыр.
28 Наурыз, 2018
Жылқының еті мен қымызы бойға қуат беретінін айтып жүз жерден шалқып сөйлесек те, қазір елдің бәрінің бірдей қазы кертіп жеуге, саба-саба қымыз сіміруге шамасы жетпейтіні белгілі.
28 Наурыз, 2018
Атам қазақтың «алақан» деген бір тамаша сөзі бар. Дүниедегі ең ғажайып мейірім – аналардың алақанында. Ал енді алдыңғы толқын ағалардың ізгі жүректі, игі тілекті қамқор алақаны ше? Ағалар алақанының шарапаты тимеген, жақсылығын көрмеген жан бұл өмірде, сірә, да жоқ болар.
27 Наурыз, 2018
Өзінің қателігін, я болмаса кемшілігін мойындамайтын адамдар болады. Жаны ашитын жақындары айтса да ешқандай сынды қабылдамай, өздерін керемет мықты санайды. Бәлкім, жұрт алдында мойындаудан ұялатын шығар, айтылған ойдың дұрыс екендігін іштей болса да түсінер деп үміттенесің. Өкінішке қарай, жылдар өтсе де баяғы жартас сол жартас болып қала береді.
27 Наурыз, 2018
Жасыратыны жоқ, жаңа жүзжылдық есік ашқалы бері әскери күш жекелеген мемлекеттердің ұлттық мүдделерін іске асырушы негізгі құралдардың біріне айналып барады. Оның үстіне елдердің ішкі кикілжіңдеріне шетелдіктердің тікелей араласып, оны асқындырып жіберетін жағдайлар да жиірек көрініс беруде. Бұлар сол өңірдегі бұрыннан қалыптасқан қауіпсіздіктің моделін бұзуға және елдердің мемлекеттілігін қиратуға соқтырып жатады.
26 Наурыз, 2018
Наурыз тойының табиғаты, мазмұны мен мәні, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орны ерекше. Наурыз мерекесін жалпақ жиһанды мекендеген халықтар айрықша ынтамен қабылдаған.
21 Наурыз, 2018
Расымен де осы біздің жұмысымыз қалай? Маңдайтерді сыпырып, өз болашағымыз үшін қажырлы еңбек ете алып жүрміз бе?
21 Наурыз, 2018
Ешқандай кәсіпке айырбасталмайтын ең қызық, ең күрделі, ең әмбебап мамандық – журналистика. Тағдыр талайымызға жазған осы кәсіптің арқасында бұйырған елдерді аралаудың талай рет сәті түсіпті.
20 Наурыз, 2018
Қазір автокөлік сатып алумен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Әлі атқа мініп көрмеген балалар мен жастарға дейін бір-бір жеңіл көліктің иесі атанып жатыр. Бұл жерде назар аударатын мәселе көлік сату ісінің жылдан-жылға қарқындай түсуі. Мұның өзі бірінші кезекте халық әл-ауқатының жақсара түскендігінің белгісі болса керек.
20 Наурыз, 2018
Сөйлеу мәдениетінің асыл қырлары – әдептілік, әсемдік, әуезділік, әсерлілік. Ойлау мен сөйлеу үдерісі тектес, сабақтас құбылыс болғандықтан, топ алдында суырылған шешеннің салыстырып, ұқсатып сөйлеуі ой тереңдігін, өмір тәжірибесінің молдығын көрсетсе, екіншіден, тапқыр, өткір, ересен теңеулеру мен меңзеулері тыңдаушының ойын, қиялын, дүниетанымын, ғибратпен толықтырады.
19 Наурыз, 2018