Пікірлер
Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда
Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді. G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть
24 Мамыр, 2018
Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.
23 Мамыр, 2018
Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгермес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адамның көзіне шел қаптататын қара қызғаныштардан кекшілдік пен күншілдік, бақастық пен бақталастық қоздап, неше түрлі қылмыстар жасалып жататыны да ешкімге құпия емес.
23 Мамыр, 2018
Алматының алмасы. Шырын қайда?..
Алматы жұрты күнде жауған жауынмен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып.
22 Мамыр, 2018
Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриоттық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп, жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.
22 Мамыр, 2018
Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?
Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу талқыланған тақырыптың бірі – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жалғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды.
21 Мамыр, 2018
Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі
Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық заманының елең-алаңында қолына қалам ұстаған жігіттердің арасынан адамдар кітапқа оралады әлі дегенді сеніммен айтқандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы.
18 Мамыр, 2018
Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік.
17 Мамыр, 2018
«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспеттесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күндердің қайырлысы – жұма, айлардың қайырлысы – рамазан» деген екен.
16 Мамыр, 2018
Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты
Өткенде екі көлік соқтығысып қалды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр.
16 Мамыр, 2018
Ұлттық дүниетаным ілімінде халықтың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.
15 Мамыр, 2018
Осынау бірауыз сөздің астарына қаншама қасиетті мағына сыйғызған дана халқымыз. Жақсының шарапатын көрмек түгілі, замандасыңның бірауыз жылы сөзіне зар болған мына бір тұрлаусыз кезеңде «жақсылық» атты ұғымның өзі де көмескіленіп бара жатқан сыңайлы. Адам өзгерді ме, әлде заман басқа ма, әйтеуір, бүгінде айналасына шапағат нұрын себетін жақсылар жоқтың қасы.
15 Мамыр, 2018
Сіз бен біз немесе сөздің құны
Ендігінің жазушылық өнер соқпағы аға ұрпақ көріп-білген тағлымнан өзгешелеу. Тұңғыш кітабын шығарған бойда тұсаукесер шарасын өткізіп, үлкен іс тындырғандай сенім ұялаған жүздерді ыңғай ұшырататының бар. Рухани тәжірибесі толысқан жасы үлкендердің алған әсері мен қорытқан ой-пікірлері тап мұндай шараларға ауадай қажет.
14 Мамыр, 2018
Тәуелсіздіктің кепілі – ұтымды саясат
Ағайынның араздығы туысқандар арасындағы қарым-қатынас барысында кәдімгідей проблема туғызатын болса, ал елдер арасындағы алауыздықтың белгілі бір деңгейде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне зардабын тигізетіні мәлім. Жақында қос Корея басшыларының кездесуіне әлем жұртшылығы айрықша көз тігіп, ядролық сынақтан бас тарту туралы КХДР басшысының пікірін жаһандағы жағымды жаңалықтың біріне балағаны да сол себепті. Өйткені бейбітшіліктің құны қашан да асқақ.
14 Мамыр, 2018
«Алыстан сермеп, Жүректен тербеп, Шымырлап бойға жайылған» деп данышпан Абай ардақтаған қазақ әнінің заманға сай әуен ғой делінетін қазіргі кейбір сарынын түсініп, түйсінудің өзі қиындап бара жатқандай. Тіпті ондай «дүниелер» ду мен шуылдың, әр жерге «телініп» жүрген шоудың шеңберіндегі шермендедей сезіледі.
11 Мамыр, 2018
Қатарынан келетін үш-төрт күндік демалысы бар мерекенің қарсаңы болатын. Ойда жоқта кездесіп шүйіркелесе кеткен бір танысымнан дағдылы әдетпен алда бірнеше күн демалыс келе жатыр, не бітірейін деп жатсың деп сұрай салдым. Шынын айтсам, оның не бітіретіні мені онша қызықтырып та тұрған жоқ, әншейін, әңгімені бірдеңеден бастау керек болған соң қойыла салған сұрақ болатын. Е-е, не істеуші едік. Демалысты пайдаланып ұйқыны бір қандырамыз да деп жауап қайтарды әлгі танысым. Немене, сонда төрт күн бойы ұйықтай бересің бе деп мен де қарап тұрмай қазбалай түстім. Бұл да енді әңгімені соза түсудің амалы. Жоға-а, деді жаңағы танысым, төрт күн бойы ұйықтап не көрініпті. Түске дейін ұйықтасақ та жетеді ғой. Түс ауа, уақыт болса, базар, дүкен аралап қайтатын шығармыз. Үйге керек-жарақтар алуымыз керек қой...
11 Мамыр, 2018
Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтер де, деректер де өте көп. Солардың бірі – соғыс жылдарында Кеңес армиясының қатарына 1 миллион 800 мыңға жуық қазақстандықтың шақырылғандығы, ал ең қиыны майдан даласынан сол жауынгерлердің 600 мыңға жуығы туған жеріне қайтып оралмай, сұрапыл соғыста Отаны үшін құрбан болғандығы.
10 Мамыр, 2018
Астана іскерлік туризм орталығына айнала ма?
Туризм – табыс көзі. Әлемде туризмді дамыту арқылы ғана бюджеттерінің бүйірін толтырып, сол түскен табыстың арқасында отырған мемлекеттер баршылық. Біздің еліміз де саланы дамытуға ден қойып, құдіретті табиғаттың өзі тарту еткен Жетісу, Көлсай, Шарын, Бурабай, Баянауыл, Қарқаралы сияқты жерұйықтарды туристік жұмаққа айналдыруға талпыныс жасағалы қашан.
10 Мамыр, 2018
Соңғы жылдары тепсе темір үзетін жастарымыздың арасында «сал-серілер» тым көбейіп кетті десек, күнделікті теледидар қарап жүрген жұртшылық бұл пікірімізге еш қарсылық білдіре қоймас деп ойлаймыз. Солардың бәрі бірдей көмекейлері бүлкілдеген әншілер болса арман жоқ қой.
05 Мамыр, 2018
Қазақстан экспортының жаңа деңгейі
Қазақстанның мұнай мен металл, уран, астық өнімдерін экспорттаушы ел екендігі белгілі. Тіпті бұл өнімдердің экспорты жөнінен Қазақстанды әлемге танымал деп айтуға болады. Мәселен, астық экспорттау жөнінен алдыңғы он елдің қатарына қосылсақ, уран экспорты жөнінен Канадамен бірге көштің ең алдыңғы легінде келеміз.
05 Мамыр, 2018