Пікірлер
Төріңе шығарсаң да, төбеңе шығарма!
«Қазақ – қонақжай халық». Ақиқатын айтар болсақ, бүгінде «қонақжай» сөзі жаттандылыққа, таптаурын теңеуге айналып бара жатқандай. Өйткені, алаш жеріне ат басын бұрғандар қонақжайлықты басқаша қабылдайтын тәрізді: шектен тыс еркінсу, қазаққа ақыл үйрету, қалай ел болуға баулу, несібесіне қол салу. Қазақтың «қонақжайлылығын» пайдаланып, төрлеткеннен кейін төбесіне шыққысы келетіндей ме, қалай?!
26 Маусым, 2018
Асқақтатам деп, аласартып алмайық
Бір әріптесіміз көгілдір экраннан «тақыр жерде тұрғызылған қала» туралы көсіліп сөйлеп тұр. Тақырып Астана туралы екен. Мерейтойы иек астына келіп қалған шаһарды мақтауға теңеу таппай қатты қиналса керек, тілінің ұшына оралған тіркестің түрі әлгіндей.
25 Маусым, 2018
Бас ауырып, балтыр сыздағанда...
Халықты әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екені дау тудырмайды. Дегенмен қолға алынған әлеуметтік шаралардың ойдағыдай жүзеге асуына кейбір келеңсіз жағдаяттардың кедергі келтіріп, тұрғындардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізіп жататыны жасырын емес.
22 Маусым, 2018
Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ
Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұрымын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қайсының да сотта келтірген уәждері сенімді көрінеді.
21 Маусым, 2018
Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бастағаны белгілі.
20 Маусым, 2018
Түркістан – тамырластық тұғыры
Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!
20 Маусым, 2018
Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркестеріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық.
19 Маусым, 2018
Арайланған, абаттанған Астанам!
Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.
19 Маусым, 2018
Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат
Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмоладан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмола иемденген.
18 Маусым, 2018
Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасырлық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасырлардан жеткен Қорқыттың қобызы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күмбезін көкке өрлеткен көненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіздердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абылай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүлдүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйтерегінің тамырлы шежіресі.
15 Маусым, 2018
«Minecraft»: еңбекке жетелей ме, еліктіре ме?
Бүгінде балаларды еліктіріп, баурап алатын қызықтардың саны жеткілікті. Барлығы жеткіншектің ой-өрісінің дамуына, физикалық тұрғыда шыңдалуына, жан-жақты болып өсуіне ықпал ете ме, жоқ әлде зиянды тұстары молырақ па?
15 Маусым, 2018
Педагогикалық басылымдарға қолдау қажет
Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің баспасөз саласы да нарықтық қатынастарға біртіндеп ене бастады. Бүгінде оны қаптаған ақпарат құралдарынан көріп отырмыз.
14 Маусым, 2018
Қазақтың байтақ даласындай ақ дастарқаны, сол дастарқанға қойылған табиғи тағамдары, кіршіксіз көңілі, қайтсем үдеден шығамын деп құрақ ұшып, құлдай жүруі – бұл өзге жұрттарда кездесе бермейтін бір әлем.
14 Маусым, 2018
«Бала тәрбиесі бесіктен» деген мәтелді білгенімізбен, баланы бесіктен тәрбиелей бермейтініміз тағы рас. Әркімде шаруа шаш-етектен, аралас-құраластық та уақыт алады. Оның бәрін айналып келгенде бос уақыттың есебінен түгендегенімізбен, балаға бөлетін уақыттың еншісінен қарпып жатқанымызды ата-аналар қауымы аңдай да бермейміз.
13 Маусым, 2018
Саяси диалог пен ынтымақтастықтың маңызды платформасы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға сапары барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының XVIII отырысына қатысқаны белгілі. Циндао (ҚХР) қаласында 9-10 маусымда өткен жиында ШЫҰ мүше-мемлекеттері мен бақылаушы-мемлекеттерінің басшылары, сонымен қатар түрлі халықаралық ұйымдардың жетекшілері болды. Бұрынғылардан ерекшелігі – аталмыш саммит ШЫҰ кеңейтілгеннен кейін және Ұйым мүшелігіне Үндістан мен Пәкістан толыққанды қабылданған соң бірінші рет өткізіліп отыр.
13 Маусым, 2018
Сөзі аз, кейіпкерлері одан да аз, бірақ мағынасы терең әңгімелерді көп кездестіресіз бе? Оны оқып, талқылап, әр сөзінің астарын іздейсіз бе? Мен кейде кітап сөресінде тұрған, оқылған кейде оқылмаған кітаптарды ақтарып тұрып кез келген бетіне тоқтап бір абзацын оқимын. Содан қызығушылық туындаса әрі қарай оқып кетемін, кейде сол бір-екі абзацтан кейін кітапты жауып орнына қоямын.
12 Маусым, 2018
Атам қазақтың тілеуі де, тілегі де адамның денсаулығы болған. «Дені саудың малы түгел, мұңы жоқ» деуі содан шығар.
12 Маусым, 2018
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы неде екенін білу үшін адамзаттың бас қатырғанына да талай жылдардың жүзі болды. Осы мәселеге қатысты айтылатын ақыл-кеңестер де өте көп.
11 Маусым, 2018
Сәтін салса, ертең, 12 маусымда жаһан жұртшылығы маңызы аса жоғары тарихи оқиғаға куә болады. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын Сингапурда бетпе-бет кездесіп, ұзақ жылдарға созылған текетіресті бейбіт жолмен шешу мәселесін талқылайды. Бұл кездесу несімен маңызды? Осыдан кейін Корей түбегіндегі қырғи-қабақ қатынас жөнге келіп, ядролық қақтығыс қаупі сейіле ме?
11 Маусым, 2018