Пікірлер
Ресми деректерге сенсек, соңғы жылдары Қазақстанда қылмыс асқынған үстіне асқынып барады. Мұндай құбылысты түсіну де, түсіндіру де қиын. Өйткені біріншіден, миллиард халқы бар елдерді айтпағанда, жүз миллионнан астам халқы бар Ресей сияқты тұрғындары көп мемлекет емеспіз. Екіншіден, қазақ ешқашан қылмыскер, басбұзар халықтардың қатарына жатқан емес. Біз ғасырлар бойы тыныш малымызды бағып, ағайын-туыс, құда-жегжаттарымызбен араласып, бейбіт қана өмір сүрген ұлтпыз.
31 Шілде, 2018
Ақпарат көзінің дерегі бойынша, елімізде 11 мың 500-ге жуық кітапхана бар екен. 17 млн халық үшін бұл әжептәуір байлық.
30 Шілде, 2018
Технология дамып, адам санасы «жаңғырған» сайын, Жаратылыстан берілген құндылықтар құмға сіңген судай болып жойылып барады. Айтайын дегенім, интернет пен әлеуметтік желідегі виртуалды өмір туралы бірер сөз еді.
27 Шілде, 2018
Сюрреалистер сара жолын салған инсталляция туындылары бұл күнде қалалардың өзіндік эстетикалық ерекшелігі мен көрікті келбетін қалыптастырудың құралына айналғаны мәлім. Көптеген көркем шығармашылық өкілдерінің кеңістікке арналған композициялық инсталляциялары қазақстандық қалаларда да орнатыла бастады.
26 Шілде, 2018
Соңғы жылдары елімізде басқа салаларға қарағанда құрылыс саласы біршама қарқынды дамыды. Оған астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі де белгілі бір дәрежеде түрткі болғаны анық. Сонымен бірге тұрғын үй құрылысын дамыту жөнінде түрлі мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, онда белгіленген межелер толық болмаса да, белгілі бір көлемде орындалып жатты. Соның арқасында көптеген әкімшілік ғимараттармен қатар тұрғын үйлер де молынан салынды. Оның өзі үйсіз-күйсіз жүрген біраз халықтың баспаналы болуына айтарлықтай мүмкіндік туғызды.
25 Шілде, 2018
Абай хакімнің даналығына жіті үңілсек, әлемді ең әуелі махаббат пен мейірім құтқаратынын аңғарар едік. «Әлемді сұлулық құтқарады» дейді Достоевский. Осы сұлулықтың негізі де махаббат пен мейірімде жатыр. Мейірбандық болмаса жан сұлулығы жайында айтып та қажет емес. Сөйтіп әлемді мейірім құтқарады десек, бұл арадағы әлеміміз – адамзат. Ал адамзатты түрлі бәле-батырлардан, кесір-кесапаттан, әсіресе ауру-сырқаудан Алладан кейінгі басты қорғаушы құтқарушылардың бірегейі медицина екені аян.
24 Шілде, 2018
«Адамзат сапарының мейманымыз, бір мезет жер бетіне кетер соғып», деп жырлады Қасым Аманжолов. Қазір жер бетіне мейман болып келгендердің бір шоғыры атақ қуып әлекке түсіп жүрген секілді. Бұлай деуге себеп, атақ қуғандар шын талантқа көлеңкесін түсіріп, оны кейінге ысыра береді. Ал шын талант ұятқа ұйиды. «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді», депті Шәкәрім. Ақыл көзін атақ қуған кезде бас көзі билеп кететіндей болады да тұрады.
23 Шілде, 2018
Атақ қымбат па, абырой қымбат па?
Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылдайтынымызды бәрі біледі. Айталық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».
19 Шілде, 2018
Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы
Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске енгізілуде. Мәселен, Еуропадағы компаниялар енді егістік жағдайын зерттеумен айналысатын дрондарды да шығара бастады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шығымдылығын алдын ала болжап білулеріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс кеңінен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді.
18 Шілде, 2018
Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?
17 Шілде, 2018
Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс
Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериал көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі.
16 Шілде, 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол халықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.
13 Шілде, 2018
Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...
Осы айдың басында Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.
12 Шілде, 2018
Жақында жастық шағында жарқылдап дәурен сүрген, марқұм ағамызбен бақытты ғұмыр кешкен, қазір сексеннің сеңгірін саялаған бір жақсы апамыздың көңілін сұрап, халін білгенбіз.
11 Шілде, 2018
Осыдан 4 жыл бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде 2030 жылға қарай егде жастағы адамдардың үлесі (2014 жылы – 6,9 пайыз) 11,2 пайызға жетеді деп болжам жасаған болатын. Алайда, бүгінгі жағдай жоғарыдағы көрсетілген жорамалды теріске шығарғандай. Өйткені Қазақстанда қазірдің өзінде жасы 60-тан асқан тұрғындар саны 12 пайызға көбейіп, өмір сүрудің орташа ұзақтығы 72 жасты көрсетіп отыр.
10 Шілде, 2018
Аралас тілді мектеп – ана тілімізге тұсау
Қазақ мектебінің кезең-кезеңімен латын әліпбиіне көшетіні айқын болды. Тіл тұғырын бекемдейтін тарихи кезеңнің көшін бастау – қазақ мектебін орта білім беру ісінде бағдаршам болатын деңгейге алып шығатыны анық. Жауапты кезеңде бастауыш буынның бірінші сыныбынан араластілділік туғызып, ағылшын тілін қосақтау – қазақ мектебінің мемлекеттік маңызды міндет биігінен көрінуіне көп кедергі келтіруі мүмкін. Араластілділік мектеп табалдырығын аттаған балауса ұрпақтың еркін білім алуына бөгет болатыны қоғамдық ортада наразылық туғызғаны орынды.
03 Шілде, 2018
Екі ауыз сөзбен түйіп айтатын қазақ «Аңқау елге – арамза молда», «Дүмше молда дін бұзар» дейді. Қазір не көп, уағыз айтушылар көп. Алайда кейбірінің айтқандары қанатты сөздегідей пайдасынан зияны көп пе деген ойға қаласың.
02 Шілде, 2018
Мектеп оқушыларын тамақтандыру мәселесі өзекті
Сонымен тағы бір оқу жылын аяқтадық. Оқушылар демалысқа шықты. Үмітін үкілеген түлектер сынақ тапсыруда. 11 жыл алған білімі сарапқа түсіп, ата-ана мен ұстаздардың, өздерінің де табан ақы, маңдай терінің өтеуі таразыланады.
29 Маусым, 2018
Анық қазақ журналистикасының Алаш баласының асыл мұраты хақында ақиқи сөзін әр уақытта айта отырып бір ғасырдан астам жүріп өткен шырғалаң жолы, бұралаң өрі, Абылай аспас асуларды алып асқақ сөйлеген биік белі көз алдыңа келеді. Сонда байқағанымыз, қандай қиын-қыстау уақыттарда да қазақ баспасөзінің қайраткерлері қалам сертінен, ел-жұрт алдындағы адал сертінен ешбір таймағанын көреміз.
28 Маусым, 2018
Жиырма бірінші ғасыр жетістігі жөнінен өмір сүрудің мың-сан түйткілін оңынан шешіп, жан-жақты жарасымды дамуға даңғыл жол ашып жіберген сияқты бір қарағанда. Ой-ниет пен ықылас-пейіл, ұйғарым мен тәуекел секілді сан алуан ұғым-жағдаяттар барысындағы өмір қозғалысының бағытын тап басып тануға қазылық ететін жетекші сала, әлбетте ғылым.
27 Маусым, 2018