Пікірлер
Сәтін салса, ертең, 12 маусымда жаһан жұртшылығы маңызы аса жоғары тарихи оқиғаға куә болады. АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын Сингапурда бетпе-бет кездесіп, ұзақ жылдарға созылған текетіресті бейбіт жолмен шешу мәселесін талқылайды. Бұл кездесу несімен маңызды? Осыдан кейін Корей түбегіндегі қырғи-қабақ қатынас жөнге келіп, ядролық қақтығыс қаупі сейіле ме?
11 Маусым, 2018
Талант, тәрбие және талғам туралы
Осыдан он жыл бұрын елорданың алғашқы мерейлі датасы дүбірлеген тоймен аталып өткені әлі есімізде. Төр қаланың туған күнінде аты аңызға айналған үш тенордың бірі – Пласидо Доминго Тәуелсіздік сарайында концерт берген-ді.
08 Маусым, 2018
Трендтер түс бермей тұрған тәлейлі уақытта «хайп» деген ұғымның шыққанына көп бола қойған жоқ. «Бақсақ бақа екен» демекші, хайпыңыздың астарында бұғып жатқан бәле де, пайда да баршылық екен.
08 Маусым, 2018
Қоғамдық тамақтандыру орындарынан, көшедегі дүңгіршектерден тамақтанғандардың ұшынуы, улануы жиі кездесіп жатады. Оны қойып тіпті балабақша, мектеп асханасында да астан ұшыну оқиғалары болғанын жиі естиміз.
07 Маусым, 2018
Қазақ қайтсе қалады қазақ болып?!. Біз үшін бүгінгінің басты сауалы осы. Елбасының рухани жаңғыруға қатысты мақаласы да Қазақ елінің болашағымен, ұлттың рухымен астаса өріліп жатыр.
07 Маусым, 2018
Қасиетті Құран Кәрімде: «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар. Шындығында, Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді», – делінген [Ағраф сүресі 31 аят]. Құлқынның құдығына құмығып, ысырап етушілерді Жаратушы иеміздің өзі жаратпайтынын, «Құтқаратын үш нәрсенің бірі – бар кезде де, жоқ кезде де, байлықта да, кедейлікте де үнемдеушілік» (Бәйһақи) екенін ислам ғұламалары жазбаларынан жиі кездестіргенімізбен, қазіргі дүниенің кепиетіне қарап тұрсаң, кейде соны қапысыз орындауға адам баласына Ұлы Абайдың: «Бес асыл іс» өлеңіндегі: «Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз...» деген қарапайым ғана қағидасын көкейге қондыруы жетіспей тұратындай көрінеді.
06 Маусым, 2018
Барлық адам баласында шүкір ету, шүкіршілік дейтін ұғым бар. Бұрынғы аталарымыз өздерінің өмір сүру әдебін «қиындық келсе сабыр етеміз, жақсылық келсе шүкір етеміз» деп бағамдаған. Демек «сабыр» мен «шүкір» ұғымы қай заманда, қай дәуірде де болсын адамзаттың рухани тірегі һәм адаспас, адастырмас темірқазығы.
05 Маусым, 2018
Сарыағаштағы 7 жасар баланың оқиғасы ел арасына енді тарай бастағанда Денсаулық сақтау министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі оқиғаны жоққа шығаруға тырысқаны бәріне мәлім.
05 Маусым, 2018
Жалпыадамзаттық құндылықтар алаңы
Жаһандану заманында ұлттық өмірдің қалыпты дамуы сол мемлекеттегі жалпыадамзаттық құндылықтардың ойдағыдай салтанат құруына тәуелді. Ұлттық мәселелердің негізгі түйіні адамзатқа ортақ мәселелерге келіп тіркеледі. Бұл екі үрдіс үнемі өзара тәуелді қозғалыста болып, бір-бірінің дамуына жағдай туғызады. Дамыған мемлекеттердің көпшілігі екі үрдістің жарасымдылығына қол жеткізіп отыр. Адам, тұлға белгілі бір ұлттың өкілі ретінде өзінің этностық тамырларының дамуын қаншалықты қаласа, жеке тұлға ретінде адам құқықтарының мүмкіндіктерінің орындалуын соншалықты қалайды.
04 Маусым, 2018
Рәміздердің символикалық қана емес, тылсым сипаты да бар
«Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді» деп халық арасына кең тараған тамаша әнде айтылатындай, қазір жер жүзіндегі бар қазақтың көзіне көк Туымыз оттай басылады. Басқа түсті қаламай, нақ осы, зеңгір көк аспанның түсін ұсынған марқұм Шәкен Ниязбеков ағамыздың тапқырлығына да тәнті боласың.
04 Маусым, 2018
Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңдердің қайсысында болсын ең бақытсыз, ең дәрменсіз, ең мүшкіл де қорғансыз халде балалар қалады. Өткен ғасырдың 30-жылдарының басында Қазақстанды жайлаған ашаршылық кезінде де солай болды. Қазақ ұлтына жасалып жатқан қара қастандық зұлматтың ең ауыр да аянышты азабын балалар кешті.
01 Маусым, 2018
«Қызылорда – Жезқазған бағытындағы тас жол жиегін жағалай біршама адам даланың сарымсақ-пиязын жинап, оны жаппай Қытайға өткізумен айналысады екен. Бұрын қызыл мия тамырын (корень солодки) жинап, оны Қытайға өткізгенін естіген едік. Көктемгі даланың сарымсақ-пиязы көптеген ауру түрлеріне шипа екені белгілі. Тұқым шашып үлгертпей, жинап алып жатқан даланың сарымсақ-пиязын ертең өзіміз сол даладан іздеп таба алмай қалмаймыз ба деген қаупім де жоқ емес», дейді Мақпал Орынбетова есімді азаматша әлеуметтік желідегі парақшасында.
01 Маусым, 2018
Каспийдің құқықтық мәртебесі айқындалатын күн жақын
Өткен аптада елордада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын әзірлеу бойынша арнайы жұмыс тобының кезекті отырысы өткен еді.
31 Мамыр, 2018
Қолдан жасалған қылмыс хроникасы
ХХ ғасырдың отызыншы жылдары қазақ даласы қасіреттен қарс айырылардай қайысып жатты. «Голощекин геноцидінің» салдарынан бүтін бір халық елінен безді, жерінен жөңкіле көшті, мыңдап, миллиондап қырылды, көне дәуірлерден бастау алған тарихы бар жайсаң ел жер бетінен мүлде жойылып кетудің аз-ақ алдында қалды.
31 Мамыр, 2018
Қай бір жылы Мәрмәр теңізінің солтүстік жағалауына сұғынып жатқан Измит дейтін қалаға жолымыз түскен-ді. Түркияның Қоджаелі провинциясындағы бұл шаһар аса маңызды өндірістік ауданның орталығы саналады. Осыдан кейінгі сапарымыз Измиттен аса қашық емес, Қартепе деген ауданда жалғасты. Табиғаттың тамашасын аямай берген бұл өңір де Түркияның ең көрікті жерлерінің бірі.
30 Мамыр, 2018
Соңғы уақытта менингитке шалдығу оқиғасы жиілеп кетті. Әсіресе Алматы қаласында аурудың құрығына іліккендер көп. Жуырда Қазақ көлік және коммуникация академиясының 1 курс студенті осы аурудан көз жұмды. Жатақханада бір бөлмеде тұрған студенттер емдеу курсынан өтуде.
29 Мамыр, 2018
Кеше тағы бірі ұсталды. Жемқордың. Қаптаған коррупционер... азаяр емес. Осыдан кейін ұлықтың пейілі өзгермей, тәбеті тартылмай, қоғам жақсармайды деген ойға келесің амал жоқ.
29 Мамыр, 2018
Алыс болашағымыз түгілі, бүгінгіміздің өзі бұлыңғырланған мына заманда қатер қайдан дейтін емес. Дуалы ауыз сарапшылардың айтуынша, таяу болашақтағы екі-үш жыл жаһандық экономика үшін ғана емес, сонымен бірге әлемдік саясат пен халықаралық жағдай үшін де аса қауіпті сын-қатерлерге толы болғалы тұр.
28 Мамыр, 2018
Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік
Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.
25 Мамыр, 2018
Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін.
25 Мамыр, 2018