Пікірлер
Алматы: Шағын ауданның астарлы ақиқаты
Алматыда аты жоқ, бірақ, нөмірленген 12 шағын аудан бар. Шынтуайтында, олар 12 емес, барлығын қосқанда – 13. Қала сәулетіне билік жүргізуші партия қызметкерлері, сірә, жобалау үстінде «шайтанның 12-сін» сес көрген-ау, ақырғы шағын ауданды – 10 «А» деп белгілепті.
18 Сәуір, 2018
Жаны ауырғанның жанын ұқсақ қой
Адам үшін денсаулықтан артық не бар?! Басың ауырып, балтырың сыздаған күні қу жаның қуырдақ болады. Емханаға барасың. Мөнді-мөнді болып дәрігердің алдында отырасың. Кейде сол дәрігерге жетудің өзі мұң.
18 Сәуір, 2018
Қазақ қоғамында ата, ру, жүз дегендердің билер құрылымы өміршең сипат алып отыр дегенге қанша сенбейін десең де, кейбір шаршы топтың алдын кеше туған баланың үйіріп әкетіп тұрғанын көресің. Ата көрген жол біліп, сөз қадіріне жететін кәріқұлаққа айналатын да түбі сондайлар. Ұлттық, ұстанымның бастау көзі әйтсе де томаға-тұйық ахуалдан биік тұрмаса – жалпыадамзат үйлесіміне кірігу қиынға соғатынын аңдайсың.
17 Сәуір, 2018
Интеллектуалды меншіктің маңызы
Әнші, өнер қайраткері Мейрамбек Беспаевтың авторлық идеясы бойынша «Хабар» телеарнасынан «Жұлдызды жекпе-жек» мега шоуының көрсетіле бастағандығына біраз уақыт болды. Онда елімізге танымал жас әншілер екеуара жарысқа түсіп, жанды дауыспен ән айтады. Жеңімпазды Мейрамбектің өз жетекшілік ететін білікті төрешілер алқасы айқындайды.
17 Сәуір, 2018
Бізге де бір Комаровский керек еді
Іш ауырса да, тіс ауырса да жұрт жапа-тармағай кеңес сұрайтын, айтқандарын бұлжытпай орындайтын бір әмбебап маман бар Комаровский деген. Балалары түшкіріп-пысқырып, температурасы сәл көтерілсе аналарының жалма-жан ғаламторға үңіліп, әлгі әйдік медицина маманының ақыл-кеңесін оқып жататынына өзіміз де куә болып жүрміз.
16 Сәуір, 2018
Өңірлік әріптестіктің өрісі кең
Орталық Азия елдері тәуелсіздік алғаннан бергі 26 жыл ішінде өздерінің басым бағыттарын айқындап үлгерді. Аймақта дамуға қатысты түрлі көзқарастың болуына қарамастан, өзіндік ерекшелігін айқындайтын оңтайлы жол қалыптасты.
16 Сәуір, 2018
Орыс көркем ойына тереңдеп дендеу ешкімге оңай соғып көрген емес. Қоңсылас қонған көп жұрттар арасынан жан жүрегімен жақындап, ұлттық тілегін оған жалғастыра білген халық дүниеде екеу болса соның бірі қазақ. «Татьянаның қырдағы әні» арқылы сезім дүниесінің өзгеше құбылысымен әуелі Жидебайда табысып ап, сонан күллі даланы шарлай жөнелуінің өзі тегін емес. СаҺараның ұлан асыр төсіндегі көшпенді ел көкейіне нық орнығу үрдісінің кәміл дұрыстығын өмір әлдеқашан дәлелдеді.
13 Сәуір, 2018
Әдебиет пен әдеп – мағынасы әртүрлі болғанымен, тегі бір, түбі бір, туыс сөздер екенін байқасақ керек-ті. Рухи тұрғыдан жақын. «Әдебиет – ардың ісі» деп қайталаудан жалықпай келеміз. Ал ар-ожданның көрнекті тұсында, алдыңғы шебінде әдеп тұрады емес пе. Шынымен-ақ қазақтың бас хакімі айтқандай, «ар ұялар іс қылмас ақыл зерек». Демек әдептен аттаған, ар ұялар іс қылған, қарапайым кісілік мәдениетінен құралақан адам қанша дарынды, тумысынан талантты болса да, халық сүйген ардақты ақын, жампоз жазушы болып та жарытпасы хақ.
13 Сәуір, 2018
Цифрлы дәуір тегеурініне төтеп беру үшін
XXI ғасыр – білім мен интеллект ғасыры дегенге ден қойғалы қашан. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс дүмпуі де іргемізді солқылдатып, табалдырықтан аттады. Цифрлы технология экономикамыздың барлық саласын жаулап барады.
12 Сәуір, 2018
Өткен аптада Бакуде Қосылмаған елдер қозғалысына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің аралық конференциясы болып өтті. Оның тақырыбы «Тұрақты даму үшін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау» деп аталды. Әзербайжан Республикасы 2019 жылы осы қозғалыстың жоғары деңгейдегі ХVІІІ саммитін өзінде қабылдайды. Мына конференция сол саммит алдындағы дайындық іспеттес болды.
12 Сәуір, 2018
Балалар алдындағы жауапкершілік
Балалар кіршіксіз ақ парақ сияқты. Осы параққа саналы тәрбие әліппесін жазу, осы парақты от пен судан сақтау – парыз. Ата-анаға ғана емес, қоғамға да. Өйткені олар – өмірдің шуақ нұры.
11 Сәуір, 2018
Абай атамыз өзінің 12-ші қара сөзінде: «Қазақ барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады» дегені сияқты қазір қазақ қоғамында мақтанның алуан түрі пайда болды.
11 Сәуір, 2018
Сақтану өз алдына, сабақ алсақ, қане
Атам қазақтан қалған бір сөз «Сақтықта қорлық жоқ» дегенге саяды. Шынында, айтып келмейтін апаттар әлемде жиілеп кеткен секілді. Әсіресе 64 адамның, оның ішінде бейкүнә 41 баланың өмірін жалмаған Кемерово қасіреті кімді де болса ойландырғаны анық.
10 Сәуір, 2018
Халық – ұлы ұғымның атауы. Оның рухы, жасампаздығы, құдіреті өлшеусіз. Халық тағдыры – ел, мемлекет, жер-су, болашақ тағдыры. Халықтың тарихы, тілі, мәдениеті, көркемөнері, мифологиясы, ақыл-ойы, парасаты, дүниетанымы, дәстүрі, шаруа-кәсібі, даналық тәжірибесі, көзқарасы, ғұрып-салттары – мәңгілік игіліктеріміз, алтын тамырымыз, асыл жауһарымыз.
10 Сәуір, 2018
Мектепте интегралға байланысты есептерді жақсы шығаратынмын. Бірақ уақыт өте келе бұл білімім қажетсіз болғандықтан, ұмытылып қалды. Бір күні балаларға арналған энциклопедиядан интегралдың не үшін керек екенінің мысалмен берілген оңай түсіндірмесін оқыдым.
09 Сәуір, 2018
Бейбітшіліктің тірегі – толеранттылық
Әлемде, өз айналамызда адами қатынастарға жат көріністерге, бірін-бірі орынсыз кемсіткен, жөнсіз айыптаған жандардың іс-әрекеттеріне куә болғанда француз жазушысы Антуана де Сент-Экзюперидің: «Егер сен мен сияқты болмасаң, сол үшін сені кемсітпеймін, қайта құрметтеймін» деген сөзінің ішкі мәнінен өзгенің наным-сеніміне, ұстанымына, әртекті келетінін жаратылыстардың болмысына түсіністікпен қараудың маңыздылығын ұққандай боласың.
09 Сәуір, 2018
Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен мектептерде жүзеге асырылу үстіндегі реформаны алдымыздағы заманға бүкіл ел болып дайындалудың үлкен бір шарасы ретінде атап көрсетуге болады. Алдымыздағы заман қандай заман? Мәймөңкелемей ашығын айтайық, ол – жұмыссыздық заманы.
06 Сәуір, 2018
Естеріңізде болса, егемендіктің елең-алаңында жұлдыз жорамал жарияламайтын газет-журнал жоқтың қасы еді. Бұл үрдіс әлі де бар. Астрология біздің өмірімізге дендеп енгені соншалықты, қазір көпшілігіміз өзіміздің «балықтар», «торпақ» немесе «арыстан» екенімізге және шоқжұлдызымыздың тағдырымызға әсер ететініне әбден сенеміз.
06 Сәуір, 2018
Абай хакімнің айтуында, адамның жүректен аяулы жері жоқ. Айрықша бөліп айтқан адамдық үш қасиеттің бірі де – жылы жүрек. «Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі» дейді. Ал ғақлия қара сөздерінің соңын: «Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет, сезім» деп тұжырымдайды. Осыған ой жүгіртіп пайымдағанда дүниені ұстап тұрған адамдық асыл қасиеттердің асқар шыңында әділет пен мейірім тұрмағы лазым.
05 Сәуір, 2018
Келісім бар жерде дау жүрмейді
«Удың бетін у қайтарады» дейді. Ал даудың бетін не қайтарады? Байқасаңыз, адамдар арасында туындайтын даулардың дауасы ешқашан табылмайтын секілді. Сондықтан даудың бетін дау ғана қайтарады деп дауласқандар бірін-бірі соттату үшін сотқа жүгінеді. Бірақ одан дау басылмайды. Қайта ыза-кек сол нағыз уға айнала түседі. Сонда не істеген жөн? Мәселені сотта есеп айырысуға дейін жеткізбей, келісімге, бітімге келуге болмас па? Ал біле-білсек, біздің елімізде кез келген дауласқан жанның бітімге келуіне толық мүмкіндік бар.
05 Сәуір, 2018