Пікірлер
Тұрақты тіркестер һәм бүгінгі тұрмыс талабы
Кейде әлмисақтан айтылып келе жатқан тұрақты тіркестердің күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспегені былай тұрсын, заман талабына орай өзектілігі арта түскенін байқауға болады. Мәселен, түкке тұрмастай көрінетін ұсақ-түйектің өзін кәдеге жаратып, болмашы жерден табыс табатын епті адамдарға, сараңдау адамдарға біздің қазақ «Жұмыртқадан жүн қырыққан», «Қара судан қаймақ айырған» деп анықтама беріпті.
27 Ақпан, 2018
Баланың қуанышына шаттанған ата-ананың туған перзентінен малы түгіл шыбын жанын да аяп қалмасы анық. «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші, той туралы әңгіме жүдә көп. Тіпті қазір тым даңғазалыққа ұрынбас үшін жер-жерде мұнымен тікелей айналысатын белсенділер пайда бола бастады. Жақында той өткізу үлгілерінің сондай жаңадан жазылған сценарийлерінің бірімен танысудың сәті түсті. Әлгі жанашыр бұл идеяның қалай туғанын айтып берді.
26 Ақпан, 2018
Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бергі сыртқы экономикалық саясаттағы басым бағыттарының бірі – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) екіжақты қарым-қатынастарды тығыз орнатып, оны жүйелі түрде дамыту болып табылады. Сол себептен, еліміз алғашқы күннен өз даму жолында нарықтық экономиканы таңдап, мемлекетімізде жекеменшік кепілдігін орнатып, экономика заңдылықтарымен жүріп келеді.
26 Ақпан, 2018
Мәселе заманда емес, адамда...
Адамның азаматтығы, жауапкершілігі туралы қай кезде де кеңінен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгіме арқауына айналған жандарға аяныш білдіріп, «олар сатқындық жасайын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».
23 Ақпан, 2018
Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі?
Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бойтұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.
23 Ақпан, 2018
Даму үшін әділдік ауадай қажет
Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.
22 Ақпан, 2018
Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы
Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдастық арасында кең талқылауға түскен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды.
22 Ақпан, 2018
Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай болсаң, халқыңмен бол!» атты мақаламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелерінің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-экономикалық үдерістердің екпінімен бұл қаржылар сол жақтың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпанға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік.
21 Ақпан, 2018
Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.
21 Ақпан, 2018
Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ
Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті.
20 Ақпан, 2018
Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?
Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» депті.
20 Ақпан, 2018
Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баяндамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толыққанды дайындық жұмыстары қамтамасыз етілетін болады» деп атап көрсетті.
19 Ақпан, 2018
Жақында АҚШ өзінің жаңа ядролық стратегиясын жариялады. Онда қандай қауіп болған жағдайда Пентагонның аждаһа қаруға жүгінетіні нақты айтылған.
19 Ақпан, 2018
Гумилев анықтамасына жүгінсек, пассионарлық – жұлдыздардың әсерімен, табиғат пен тарихаттың қилы дүмпулерімен қайталанып тұратын заңды құбылыс. Пассионарлар бойларында тасыған күш-қуатты, жүректеріндегі жалын жігерді айнала төңірегін, келе-келе күллі қауым-жұртын өзгерту орайындағы мақсатты жұмысқа жұмсайды. Олай болса, пассионарларды қоғамдық қозғалыстың неғұрлым белсенді тегершіктері, жаңашылдар, жасампаздар десек те жарасады.
16 Ақпан, 2018
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» дейді халық мақалы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үлкен ұлағат жатқанына шек келтірудің өзі күнә.
16 Ақпан, 2018
Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын салық жинау жүйесінде қолдануды құптаған болатын. Бұл – бүкіл әлемге сыйы мен сынын қоса әкеле жатқан төртінші өнеркәсіптік революцияның бір жаңалығы.
15 Ақпан, 2018
Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демократиялық одағы және Христиан социалистік одағы Германия социал-демократиялық партиясымен ұзаққа созылған келіссөздерден соң, коалициялық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.
15 Ақпан, 2018
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға қайшы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қойған еді. Бірер күн бұрын Әзербайжан да қосымшаға тыйым салған болатын. Қазақстандық қалтафон қолданушылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?
14 Ақпан, 2018
Елбасы «Тәуелсіздік дәуірі» атты іргелі еңбегінде әу бастағы «саяси-символикалық идеяның» «барыс бітімді, самұрық серпінді», «Тәуелсіздік тәжінің жақұты» – Астана шаһарына арнайы тоқталып, оның географиялық, климаттық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, әскери-стратегиялық, көлік және инженерлік инфрақұрылым, мәдени-ғылыми, білім беру жағынан тарихи маңызын айрықша атайды.
14 Ақпан, 2018
Қалада тұратындардың бәрі емес, бірақ дені қоңсыларының аты-жөнін білмейді, тіпті танымайды. Өйткені бозала таңнан қас қарайғанға дейін жұрттың бәрі жұмыста.
13 Ақпан, 2018