Пікірлер
Жүргізушісіз көлік: пайдасын көреміз бе, зиян шегеміз бе?
Бүгінде жан-жағымызды түгел дерлік жасанды интеллект өнімдері қоршады. Қолыңыздағы смартфонның онлайн қосымшасымен такси қызметіне жүгіне аласыз, әуежай мен вокзалдардағы кассаларға жүгірмей-ақ ұшаққа, пойызға билетке тапсырыс бере аласыз, тіпті қоғамдық көлік немесе қалааралық қатынастардың да оңтайлы қызметін таңдауға мүмкіндігіңіз бар. Бәрі де уақыт әрі қаржы жағынан тиімді.
02 Ақпан, 2018
Үйлену мәселесі жаңа көзқарасты талап етеді
Қазақстанда неке қию саны азайып, ажырасу фактілері көбейіп, үйленудің орта жасы ұзарып келеді. Сенбейсіз бе? Дерекке сүйенейік. «АХАЖ Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінің мәліметінше, 2013 жылы 167 411 неке қиылып, 51 305 жұптың заңды некесі бұзылған екен.
01 Ақпан, 2018
Соңғы уақытта жұрттың фонограммаға қарсы наразылығы отқа май тамызғандай өршіп тұр. Сахнада орындайтын әндерін компьютердің көмегімен айтушылар мен аузы жыбырлап тұрғанмен дауысы фонограммамен қабыспай, үйлеспей, тіпті айдалаға қиыс кетіп жатқанына қымсынбайтын, ұят санамайтын бәтшағарлар халықтың ыза-кегін әбден қайнатып бітірді. Ән айтса, жанын жеп айтатын далалық дәстүрлі тұма бұлақтардың сыңғыры бірте-бірте көз ұшынан жылыстап бара жатқан керуеннің көшіндей санада сұлбалары көмескілене елес береді.
01 Ақпан, 2018
Шынын айтсақ, кейде біздің кейбір ағайындарымыздың бірқатар мәселелерге қатысты ойлау қабілеттеріне, көзқарастарына таңғалуға тура келеді. Осы біздің өмір туралы түсінігіміз қаншалықты дұрыс, ой-пайымдарымыз уақыттың қазіргі ағымымен қаншалықты үйлеседі деген күмәнді сауалдың ара-тұра болса да туындап жататыны да сірә, сондықтан болса керек.
31 Қаңтар, 2018
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»
Абай атамыз кезінде «Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты. Оның мәнісі «ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалығынан жетерсің» деген сөз» деп жазған еді.
31 Қаңтар, 2018
Қазақ Фабержесіне қолдау қайдан...
Қай заманда да халықтық жауһар өнер туындысын тудыруға аса ауқатты, салтанатын асырамын деген бай-бағландар мен патшалар, хандар себепкер болған.
30 Қаңтар, 2018
Ағылшын тілінде сабақ беретін маман тапшы
«Өз тілімізбен өмір сүрейік. Бұдан артық қалай айтуға болады» деген Елбасы Н.Назарбаев мемлекеттің даму жолында «Кеше болмағаның бүгін болуы мүмкін, бүгін болмағанның ертең болуы мүмкін – ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз», деп өмір өзгерістеріне қарай ұлт тілін қалай да сақтап қалуды жүктегені белгілі.
30 Қаңтар, 2018
Ақпан айы жақындаған сайын қаржы саласының қазақстандық сарапшылары өте алаңдап отыр. Олардың көңілін күпті қылған бір ғана сұрақ – биылғы ақпанның «девальвациялық апанынан» ұлттық теңгеміз қалай шығады екен?
29 Қаңтар, 2018
Әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылыққа кері ықпал жасап отырған факторлардың бірі – Ауғанстан Ислам Республикасындағы жағдай. Себебі Ауғанстаннан тыныштық кеткелі 40 жылдан асты. Жер көлемі Қазақстанның үштен біріндей болатын бұл елде 35 миллиондай адам өмір сүруде.
29 Қаңтар, 2018
Адамзат тарихында нақ жиырмасыншы ғасырдай әрі ұлы, әрі дүлей ғасыр сирек кездескен-ақ шығар. Осынау алапат ғасырда демографиялық тұрғыдан алғанда дәл қазақтай шығын көрген халық жоқ екендігін жаны жаннатта болғыр бас демограф-ғалымымыз Мақаш Тәтімов ағамыз да әркез ізерлеп айтып отырушы еді. Халқымыздың саны ғана еселеп кеміп қойған жоқ, сапасы да құлдырады. Әсіресе 1937-38 жылдардың сүргіні қазақтың ақыл-ойына, зиялысына келген ғаламат зауал болды.
26 Қаңтар, 2018
Қаржы оқушы санына қарай беріледі
Биылғы Елбасы Жолдауында қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетіні айтылды. Бұл білім ошақтары арасындағы бәсекелестікті арттыруға, жеке капитал тартуға бағытталмақ. Өйткені әлемдегі қаржыландырудың басым бөлігі сұраныс негізінде жүргізіледі. Яғни мектептегі қаржыландыру көлемі оқушылар санына байланысты болады деген сөз.
26 Қаңтар, 2018
Ат тергеудің астарында ұят бар
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрінде «ат тергеу» дейтін өте маңызды әдеп бар. Аталмыш әдептің әуелгісі ұлысқа, елге, қауымға, еңбегі сіңген құрметті адамның атын тіке атамай, жанама ат қойып қадірлейді. Атап айтқанда «Қажы ата», «Би ата», «Батыр аға», «Әз ана» т.б. деген сияқты. Мысалы, ақын-жыршы Жамбыл Жабаевты ауыл-аймақ, ел-жұрты атын атамай «тәте» деп әспеттеген. Бұл дәстүрдің астарында қазақтың үлкенді сыйлау, абыройлы тұлғаларды қадірлеу сияқты аса құнды сыйластығы жатқаны аян.
25 Қаңтар, 2018
Кеңес Одағы кезінде дүкен сөрелері заттарға жұтаң болатын. Адамдар қолындағы азын-аулақ қаржысына іздеген заттарын таба алмай әуреге түсетін. Осыдан барып зат тапшылығы орын алатын.
25 Қаңтар, 2018
Жемқорлықпен күрес жемісін береді
Еліміздің қай саласында болмасын қолға алынған бірқатар тың бастамалар өз нәтижесін беретін кезеңге жетті. Әсіресе құқық қорғау саласында көптеген игі өзгерістер мен нәтижелі жұмыстарға қол жеткізіледі деп күтілуде.
24 Қаңтар, 2018
Қазір бұрынғыдай емес, алыс-жақындағы ауыл-аудандардың жай-күйін әлеуметтік желіден көріп-біліп отыратын болдық. Әсіресе табиғат тосын мінез танытқан тұста шалғайдағы өзекті мәселелер еміс-еміс естіліп қалып жатады.
24 Қаңтар, 2018
Кейде өмірдің мәнін тым ерте жастан түсініп қою да адамға қиындық туғызады. Сондықтан кім-кімнің де өз жасына лайық ой толғап, өмір сүргені қандай ғанибет еді. Конфуций «Кеңес пен толғам» ғақлиясында «Ұстаз айтыпты:
23 Қаңтар, 2018
Біз қазір ұлт болу, мәңгілік ел болу жолында келеміз. Бұл бабалар бағыттаған, бүгінгілер ақ-адал жалғасақ деген ұлы ниеттен туындап отыр. Әлемдік қарбаласта өз бет-бейнемізбен салған сара жолымыз даңғылға айналу үстінде. Ең бастысы, осы жолда ұлттық үрдісімізбен жүрсек, жұтылу мен тұтылудан алыс боларымыз ақиқат.
23 Қаңтар, 2018
Жыл сайын Қазақстан премьер-лига клубтарының қыруар қаржы жұмсап шетелдерден сатып алатын легионерлерін санамалап, олардың көрсеткен нәтижелерін саралап жүретін әдетім бар. Футбол деген үлкен сиқырға арбалып қалған кез келген адамға таныс құбылыс. Өткенде ғана маусым бойына 4 ойын өткізіп, 10 ай бойы жалақы алып келген сербиялық футболшы туралы жаздым. Біздің клубтардың бармақ басты, көз қысты әрекеттері мұнымен де шектелмесе керек. Командаларымыздың тағы бір әдеті – жыл сайын бапкер ауыстыру.
22 Қаңтар, 2018
Ортақ тіл табысуға ұмтылыс бар
Бір халықты екіге жарып, ағайынды бір-біріне қарсы қойған ғаламдық саясат, екі түрлі саяси жүйе корей халқын әлі де бір-біріне жат қылып отыр. Жақындату түгілі кейде бір-біріне деген жаулық ниеттерін де жариялап, бітіспейтін көзқараста екендіктерін білдіріп қояды.
22 Қаңтар, 2018
Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік
АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолюттік болуы тиіс пе деген тақырыпты талқыладық.
19 Қаңтар, 2018