Пікірлер
Электронды құжаттар құны артты
«Қолхат», «сенімхат» секілді құжаттар жұрттың бәріне таныс шығар. Оның бәрі қолмен жазылатындығы және белгілі. Бірақ бүгінде цифрлы технологияларды кеңінен пайдалану арқасында сенімхатты сенім білдірушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды құжат нысанында рәсімдеу де көзделіп отыр. Бұл Елбасы Жолдауында айтылғандай, үшінші жаңғырту бағыты бойынша жұмыс істеу деген сөз.
05 Қаңтар, 2018
Машина жасау – әлеуетті экономика тұғыры
Өндірісі өркендеген кез келген елдің дамыған экономикасының маңызды көрсеткіші машина жасау өнеркәсібі болып табылады. Өркениет биігіне ұмтылған тәуелсіз Қазақстан да өзінің экономикасын әртараптандыру үрдісінде машина жасау саласын дамытуға барынша ден қойып келеді.
04 Қаңтар, 2018
Еліміз 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететіні белгілі. Сондай-ақ Қазақстан осы жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) да жетекшілік жасайды.
04 Қаңтар, 2018
Ықылымнан келе жатқан ынсап деген ұғым-түсінік бар. Біле білгенге ынсаптың мағынасы өте терең. Әрбір ізгілікті һәм иманды адамның өмірлік мұратының, адамшылық қағидасының алтын арқауы осы ынсап деп білгеніміз абзал. Ата қазақ: «Ынсапсызда ұят болмайды» деп бекер айтпаған. Хакім Абай: «Ынсап, ұят, терең ой – Ақыл, зейнет, біліп қой» деп қайырған. Олай болса, адам бойындағы ең асыл қасиеттердің қатарында да осы ынсап, ынсаптылық тұрмақ.
01 Қаңтар, 2018
Анау ғасырдың басында нағыз ұлт жазушысы, Бейімбет Майлин «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз, Ауыл дене, біз – қозғатар жанымыз. Кел, еңбекші, қол ұстасып бір туға, Жиналайық қалмай жасы, кәріміз!», деп ауылды көркейтуге елді шақырғаны алдыңғы толқынның есінде болса керек. Сол үлгі қазір де күн тәртібіне шықты.
01 Қаңтар, 2018
Ұлы Дала және ұлттық ономастика
Туған жердің байырғы жер-су атауларының қалпына келтірілуі және ерен тұлғаларын ескеру, ұлт санасында жаңғырту қажет. Бұл орайда Елбасының Жарлығымен Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы үздік ақын-композитор, асқақ әнші Біржан сал есімімен аталуы ел мен жер мерейін бір өсіріп тастады.
29 Желтоқсан, 2017
Бірнеше жыл бұрын Алматыға сапарлап келген Жапонияның Сендай қаласында тұратын белгілі қазақ ғалымы Нұрбосын Жанпейісовпен әңгімелесудің сәті түскен еді. Тохоку университетінің профессоры, суперкомпьютер саласының маманы туған еліне ұзақ жылдан бері келіп тұрған беті екен. Сол уақта Күншығыс елінде алапат зілзала болып, артынша мұхиттан цунами келіп, Фукусима атом электр стансасы жарылып, аралдағы мемлекетке айтарлықтай шығын алып келсе де, жапон жұрты абыржымай, апат салдарымен ел болып күресіп, барлық қиындықты еңсеріп жатқаны, басқа да жапон құндылықтары туралы ағамыз шешіле сөйледі, біз де ынтамен тыңдадық.
29 Желтоқсан, 2017
Соңғы жетпіс жылдан бері әлемде барынша белең алып келе жатқан ірі құбылыстардың бірі, ол – әлемдік көші-қон мәселесі. Егер 1960 жылдары әлемде 3,2 млн мигрант бар деп есептелсе, 1995 жылы бұл көрсеткіш 35 млн адамға жетіп үлгерді. Яғни 35 жылдың өзінде ғана 10 еседен астам көрсеткішке өсе түсті.
29 Желтоқсан, 2017
Ақыл-ой азат болса ғана сана өседі
Бізді ұзақ жылдар бойы «партия заманымыздың ақыл-ойы, абыройы, ар-ожданы» деп ақыл-ойымызды партияның қазығына байлап қойды.
27 Желтоқсан, 2017
Қазақ эстрадасы, қайда барасың?!
Қазір эстраданы осындай шуылдақ, бейәдеп сарындар бұзуда.
27 Желтоқсан, 2017
Бізде Құдайға шүкір, бәрі бар, бұрынғылар айтпақшы, «құстың сүтінен басқаның бәрі». Дарқан даланың асты-үсті толған қазына. Жайлау малға толып, халықтың саны да біртіндеп өсіп келеді. Материалдық, демографиялық тұрғыдан алғанда ғой, бұл. Алайда, сол мол байлықты қалың халықтың қажетіне жарататындай, ұлт мүддесіне сол барды ұқсатып бағатындай мінез жағы кемшін соғып жатыр қазіргі алаштың ерлерінде.
25 Желтоқсан, 2017
Қытай мануфактурасын қашанғы қолдаймыз?
Қазақ қашаннан дуда қызатын халық. Ал той дегенде барын шашатын қазақ «топырақты өлімі мен торқалы тойында» қандай да өкпе-ренішін ысырып тастап, той көрігін қыздыруға барын салады. Біреу малын, біреу өзге керек-жарағын әкеліп, көппен бітер дүние ғой деп жақынының тойында соның кем-кетігін толтырсам деп аянып қалмайды.
25 Желтоқсан, 2017
2017 жылда атқарылған іс аз болмады. Мемлекеттің қай саласын алсаңыз да, олардың табыстан- табысқа жету жолында аянбай тер төккені байқалды.
22 Желтоқсан, 2017
Алматының іргесіндегі ауылда тұрамыз ғой. Бірде есік қаққан бозбала сыпайы сәлемдесіп, «Аға, айып етпеңіз, ауылдарыңызда ешкінің сүтін сататын адам жоқ па?» деп сұрағаны. Сөйтсек әлгі жас жігіттің тұңғышына қосымша қорек ретінде ешкі сүтін ішу керек екен...
22 Желтоқсан, 2017
Журналистің адамгершілігі неде?
Мамандықтың барлығы адамгершілікке құрылады. Әсіресе, журналистика.
21 Желтоқсан, 2017
Тәуелсіздік тұғыры қалай бекіді?
Біз ел тәуелсіздігінің 26 жылдығын қарсы алдық. Осы қысқа мерзімде Қазақстан өзінің ерекше даму моделін таңдап, әлемдегі бейбітшілік пен бірліктің бірден-бір үлгісі бола білді.
21 Желтоқсан, 2017
Әйгілі Уинстон Черчилльдің «Тарих біз туралы жақсы айтатын болады, себебі оны өзіміз жазамыз» деген сөзі бар екен.
16 Желтоқсан, 2017
«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.
15 Желтоқсан, 2017
Ата-бабалардан мирас болып жеткен Ұлы Даланың түпкі тарихына бармай, ХХ ғасыр басында, тура 100 жыл бұрын Ресей патшалығы құрдымға кетуге таяп, ақ пен қызыл айқасқан кеңестік жаңа империя күш ала бастаған шақта, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Алаш қайраткерлерінің Алашорда автономиясын құру қадамы сан ғасырдың қойнауында қайнап піскен ұлттық намыстың тәуелсіз ел болуға ұмтылысының басы еді.
15 Желтоқсан, 2017
Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау
Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы дегенді мойындап, АҚШ елшілігінің Тель-Авивтен сол қалаға көшірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елшілікті көшіруді кейінге қалдырған Трамптың бұл шешімі қандай да бір қысымның күштілігінен екені көрініп тұр.
14 Желтоқсан, 2017