Пікірлер
Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгімені көп айтамыз. Тіл безеп. Шешенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұрамыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз батырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..
16 Қараша, 2017
Осы күндері жұрттың арасында «Көзкөргендер, өзгермеңдер» деген тіркес айтылып жүр. Сөзі жеңілдеу естілгенмен, астарындағы бояуы бес батпан. Бүгінгідей қиыр-шиыры сан түрлі уақыттың күнгейі мен көлеңкесі арбасып тұрғанда, ойлантпай қоймайды.
15 Қараша, 2017
Қазақ елінің ұлы мұраты жолындағы ұлттық-рухани құндылықтарды айқындап, көсемдікпен жіктеп көрсеткен замана қайраткері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық байыптамасында: «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес, керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану – көргенділікті көрсетеді» деп айтылған.
14 Қараша, 2017
Жемқорлықпен күресте озық тәсілдерді орнықтырсақ
Бұл өмірде не жаман? Бұл сұраққа талай адам бас қатырып, тура жауабын көп іздеген. Сөйтіп ол жауаптардың бәрін қорытындылай келгенде, ақыры бұл өмірдегі ең жаман нәрсе біреудің нәпақасын жеу екендігі айқындалыпты. Неге десеңіз, біреудің нәпақасын жеу адам етіне ауыз салғаннан да жаман көрінеді. Ал біздің елімізде өзгелердің нәпақасын, несібесін сыбайласып жеп жатқандар қаншама.
14 Қараша, 2017
Өмір сүріп жатқан кеңістігіміздің үстінен кірпік қақпай бақылайтын құдірет уақыт десек сипат-сынына нақпа-нақ жақындап, анықтамасы дәлме-дәл берілді деу асылыққа астасатынынан сау емес. Мың-сан ғасырдың ұзына бойына зерделі үңіліп, зерттеу жүргізген ғылымның анықтаған шындықтары, жасаған қорытындылары, батыл да байыпты болжамдары әрәдік жадыға оралған сайын жалпақ жаратылыстың алдында оның бәрі кішік те ізетті естілетіндей көрінетіні несі екен.
13 Қараша, 2017
Дінаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесі
Мемлекетіміз адам құқықтарын сақтау бойынша БҰҰ-ның осы саладағы іргелі пактілерімен қатар, 40-тан астам халықаралық келісімшарттарға қосылған. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан өркениетаралық сұхбатты қалыптастыруға және оны қолдауға, сондай-ақ ғаламдық деңгейде дінаралық қатынастардағы төзімділікті нығайтуға қатысты бірқатар халықаралық бастамалар көтерді.
13 Қараша, 2017
«Батпандап кірген мысқалдап шығады»
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бүгінгі жаһандық және өңірлік сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігі ерекше. Мемлекет басшысының өзі «Қазіргі жағдайда министрліктің жұмысы еліміз үшін аса маңызды», деп аталған ведомство көтерген жүктің ауырлығы мен жауапкершілігіне айрықша мән-мағына берген болатын.
10 Қараша, 2017
Сылбыр көктем мен қара күзде тұмау үдеп, ескі сырқат сырқырамай қоймайды. Емханаға барасың, жалтақтап дәрігерге жағдайыңды айтасың. Ол отыра қалып қағаз толтырады. Суыртпақтап әңгімеге тартсаң, тексере келгендер жазғанына қарап еңбегін бағалайтын көрінеді. Бұл баяғы құтыла алмай келе жатқан қағазбастылықтың кесірі болса керек. Ол үшін дәрігерлерді кінәлау артық. Істен бұрын, қағазға сенген кезде қағаздың рөлі жоғары болғаны ақиқат.
10 Қараша, 2017
Журналистика факультеттерін жабу керек пе?
«Медиа Альянс» қоғамдық ұйымы құрылтайшыларының бірі Арман Шораев журналистерді әзірлейтін оқу орындарын қатаң сынға алып, ҚазҰУ-дан басқасының бәріндегі журналистика факультеттерін жабу керектігін айтты. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен бұл тақырыптың қозғалғаны бүгін емес. БАҚ қызметкерлерін университет қабырғасында әзірлеудің қажеті қанша деген сұрақ бұрыннан қойылып келеді. Баспасөз саласында жұмыс істейтіндіктен, бұл мәселе бізді де бейжай қалдырмайды. Сол себепті осы тақырып төңірегінде ой өрбітуді жөн көрдік.
09 Қараша, 2017
Белгілі сатирик Көпен Әмірбек ағамыз ара-тұра басылымға бас сұғады. Ол кісі негізі көп жерде жұмыс істеген. Жазушылар одағы, «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Ара», «Білім және еңбек» басылымдары, тіпті Бас прокуратура, Жоғарғы сот, театр...
08 Қараша, 2017
Жеке архивімді ақтарып отырғанда 1998 жылы шыққан «Дружба народов» журналының 3-саны шыға келді. Александр Мелиховтың «Патриот тысячи отечеств» мақаласын оқығанмын. Шындығын айтсам, мақала мазмұны намысыма тиген еді.
08 Қараша, 2017
Қырғызстанда президенттік сайлау аяқталып, елдің жаңа басшысы белгілі болған соң, көп уақыт өтпей-ақ Қырғызстан парламентінің спикері Чыныбай Тұрсынбеков күтпеген жерден отставкаға кетті.
07 Қараша, 2017
Қадір деген бұл болмыстың бір тегеурінді тұтқасы. Балаң күнімізден санамызға сіңген қадірлі ұғымдар бар. Ол – ата-ана, ағайын-бауыр, жасы үлкендер, жасы кішілер... Әр дүниенің жасқа да, асқа да қатысты қадір-қасиеті болады.
07 Қараша, 2017
Адамзатты ақ жолдан тайдыратын жаман әдеттің бірі – фанатизм. Бұл саяси, ұлттық және діни сенімдердің біріне бассыз-көзсіз беріліп, санасына сіңіп алған сол идеялардың құлы болып, соны ғана дұрыс деп санап, оған сын айтқанның бәрін жау көретін қатып қалған көзқарас.
06 Қараша, 2017
Қаланың ауылға шефтік көмегі қажет
Соңғы жылдары Қазақстан қалаларының үлкейіп бара жатқандығын, ал ауылдарының кішірейіп келе жатқандығын байқауға болады. Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсаңыз, мұны бір есептен дұрыс үдеріс деп бағалайсыз. Өйткені қала дегеніміз – адамзат өркениетінің жетістігі. Қала адамды ширатады, дамуға қарай бастайды.
06 Қараша, 2017
Ұзақ тарих көшінде шашылып қалған ер-тұрманы бүтінделіп жатқан ел ретінде кейде кейбір ұсақ-түйек кемшіліктерге кешіріммен қарау – заңдылық. Ал, кей тұста көзге ұсақ секілді көрінгенмен көңілде ұлы ұғым ретінде бас көтеретін дүниелер болады.
03 Қараша, 2017
Бала да балапан секілді. Баули алсаң бағын ашасың, баули алмасаң өз балаңнан өзің қашасың.
03 Қараша, 2017
Made in:niet һәм ниетпен жасалған мәдениет
Бұл тақырыпты түрлендіру немесе сөз ойнату тәсілі емес. Тыңнан түрен салған әйдік әлеуметтік теорияға да жатпайды. Жай ғана ой түрткі. Өйткені өмірдің өзі –мәдениет. Өмір сүргенің, ойнап күлгенің, елге тараған сөзің мен жерге қараған көзің, бәрі де түп-түгел түйсіктің біз білмейтін түкпірінде жинақталатын мәдениеттілік энергиясынан тамызық алады.
02 Қараша, 2017
X, Y және Z немесе ұрпақтар сабақтастығы
Дүние жүзінің кейбір елдерінде онлайн білім алу жақсы жолға қойылып, жеткілікті деңгейде дамып жатса, басқа елдерде бастауы да жасалмаған. Бірақ қай елді алсаңыз да үлкендерге қарағанда, жастар өзгеріске бейім, жаңаны тез қабылдауға дайын болатынын көріп жүрміз.
01 Қараша, 2017