Пікірлер
Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.
14 Желтоқсан, 2017
Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді.
13 Желтоқсан, 2017
Қазіргі қоғамымызда қызықты өзгерістер жүріп жатыр. Соның біразы адам жасына да қатысты.
13 Желтоқсан, 2017
Ұлы Дала өркениеті тарихында Билер сотының құқықтық, саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени, рухани-дүниетанымдық, ұлттық-халықтық, философиялық құндылықтары айрықша.
12 Желтоқсан, 2017
Несін жасырайық, қазір республикалық тас жолдар бойында, қалаларда ірі жол-көлік апаттары белең алып барады. Кіші де, үлкен де темір көлік құрсауында опат болып жатыр. Әрине, сарапшылар жол жүрісі кезінде кездесетін мұндай жол апаттарының себептерін жою мүмкін емес дейді.
12 Желтоқсан, 2017
«Отты нүктелер». Опат болған журналистер
Аумалы-төкпелі мына заманда бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері – журналистердің қызметтерін атқаруы барысында қапыда қаза табуы жиілеп кетті. Тіпті алаңдатарлық жағдайға жетті. Халықаралық журналистер федерациясының мәліметтері бойынша, 1990 жылдан бері 2350-ден астам журналист өздерінің міндетін орындау кезінде қаза тауыпты.
11 Желтоқсан, 2017
«Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген аксиомаға айналған қағида бар. Бүгінде еліміздің экономикасы еңсе тіктеп, халықтың әл-ауқаты жақсарса, басқа елдер Қазақстанды терезесі тең әріптес санауға көшсе, оған жеріміздің астындағы мол қазба байлықтың, сол байлықты кәдеге жарата алғанымыздың зор ықпалы тигені анық.
11 Желтоқсан, 2017
Астана мен Алматы арасында «222»-нің азабы бар
Көлігінің доңғалағы тақтайдай асфальт жолға түскенде көңілінің домбырасы күй ойнап қоя беретін жүргізушінің жайын кім ұғар, шіркін?! Бұл жұмыр басты пендеңіз жылдамдыққа неге сонша құмар болды екен?! Ат жалын ұстап желмен жарысқан ата-бабадан жұққан, қанға сіңген қасиет-ау, пай-пай...
08 Желтоқсан, 2017
Ертеректе ел жаққа барғанымда бір жолдас жігіттің үйінде болғаным бар. Сонда әлгі жолдасым әңгіме арасында өзінің талай жыл қоңсы тұрып келе жатқан көршісіне деген ренішін айтты. Мәселе қалай болған дейсіздер ғой.
08 Желтоқсан, 2017
Қазақстанның жаһандық жауапкершілігі арта түсті
Жақында Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚШҰ) қол қойылғанына 25 жыл, ал осы келісім негізінде оның ұйым ретінде құрылғанына 15 жыл толғанына байланысты мерейтойлық сессия өтті. ҰҚШҰ-ның бас органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің осы алқалы жиынында еліміздің аталған аймақтық ұйымға келер жылы төрағалық ететіні белгілі болды.
07 Желтоқсан, 2017
Көзделген меже көңілден шықса игі
Ата-бабамыздың тәуелсіз де қуатты елге айналсақ деген армандары кезінде орындалмас қиялдай көрінсе де, бүгінде ол ұмтылыстың біртіндеп іс жүзіне асқандығының нақты куәсі болып отырмыз. Елдің бай-қуатты болуы сол елдің әр азаматының мақтанышы екені сөзсіз. Бұл орайда, ең алдымен, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы көзделген межелер көңілге сенім ұялатары баршаға аян.
07 Желтоқсан, 2017
Астанаға қоныс аударғанымызға шамамен бір жыл өтті ме, әлде одан сәл асыңқырап кетті ме екен, Алматыдағы сыйлас апаларымызбен арадағы байланысымыз сәл үзіліңкіреп қалса керек. Бірде телефонның құлағы безілдеп қоя берді.
06 Желтоқсан, 2017
Кооперативтер – ауыл өмірінің айнасы
Қазір елімізде ауыл шаруашылығын кооперативтендіру үдерісі жүріп жатыр. Бұл шаруаны Үкімет қолға алып отыр. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген 8 басым бағыттың ең біріншісі осы ауыл шаруашылығын кооперативтендіру болып табылады. Міне, осыған қарап-ақ еліміз, соның ішінде ауыл халқы үшін бұл істің қаншалықты маңызды екендігін түсінуге болады.
06 Желтоқсан, 2017
Ұлы суреткер М.О.Әуезов музей-үйінде 35 жылдай жұмыс жасаған қазақ әдебиеті мен өнері университеті – рух пен парасаттың ордасындай, ақыл мен ойдың шамшырағындай еді.
05 Желтоқсан, 2017
Баяғыда бір апамыздың «Қой көрмесек те ешкілі байдың қызы едік» дегеніндей, бұрын нарық, нарықтық қатынастар дегенді әлемдік макроэкономикалық оқулықтардан ғана білетінбіз. Ал мына жалғанда өзгермейтін ештеңе жоқтығының ақиқат екендігіне тәуелсіздік алғанда анық көзіміз жетті.
05 Желтоқсан, 2017
Дәрі-дәрмектегі жаңа жүйе дәтке қуат па?
Кейінгі уақыт мұғдарында елімізде бес бірдей өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен дәрі-дәрмек саласындағы негізгі оператор саналатын «СК-Фармация» компаниясы жетекшісінің сыбайлас жемқорлықпен жауапкершілікке тартылуы ой-санамыздағы күмәнді қоюлата түсті. Таяуда Денсаулық сақтау министрінің есебін тыңдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елжан Біртановқа аталған салаға қажетті бақылауды күшейту қажеттігін ескерткені белгілі. Мемлекет басшысы «Дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуі шарттар жасасудағы заңнан тыс әрекеттер нәтижесінде орын алады», деген болатын.
04 Желтоқсан, 2017
Жуырда Би-Би-Си-дің орыс қызметі Дағыстан және чешен халықтарының ұлттық батыры Қажымұраттың Санкт-Петербургтің музейлерінің бірінде сақтаулы тұрған бас сүйегін Чешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың сұратып, жер қойнына беруге ниет еткені туралы жазды.
04 Желтоқсан, 2017
«Әуелі сөз болған...» Одан кейінгі сөз: «Оқы, оқы оқы...» Жоқ, жазып отырғанымыздың дінге, уағызға, жалпы ақида ауылына қатысы аз. Мұндағы мұратымыз әуелгіден бері айтылған ниет, тілек, бұйрық, нұсқау, ақыл, кеңес... жалпы ақпаратты көзбен көріп, оқуға лайықталған әріптер жиынтығынан тұратын КІТАП туралы сөз ету ғана...
30 Қараша, 2017
Шығыс пен Батыстың арасында орналасқан Қазақстан өзінің геостратегиялық артықшылығын пайдалана алады. Еліміз ұлттық ерекшеліктері мен тарихына байланысты Батысқа да, Шығысқа да жатпай, екеуінің ортасында «өркениеттерді жалғастырып», ұтымды геомәдени дәрежеде тұрғаны аса маңызды.
30 Қараша, 2017