Пікірлер
Ұялы байланыс: ұтқан кім, ұтылған кім?
Бүгінде ұялы телефонды пайдаланбайтын адам кемде-кем. Олай болса осынау ертелі-кеш қолымыздан тастамай «рахатын» көріп жүрген игілік үшін кімдерге қанша ақша санап береді екенбіз?
19 Қазан, 2017
«Біреу Алматыға бір «КамАЗ» сәбіз әкеліп төгіп, елге тегін таратты» деген хабардың шығуы мұң екен, веб-сайттар ақырғы жаңалықтың айналасына шыбындай үймеледі.
18 Қазан, 2017
Әлемдік қауіпсіздікке қосылған қомақты үлес
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып қабылдануын, 2018 жылдың қаңтарында Кеңеске төрағалық ететінін еліміздің әлемдік қауіпсіздік жүйесі құрылымына қосқан қомақты үлесінің мойындалуы деп бағамдаймыз.
18 Қазан, 2017
Бәріміз де мына өміріміз, тіршілік етіп отырған ортамыз жақсы болса екен деп тілейміз. Соған сай қызмет етуге тырысамыз. Алайда қоғамымызда кейбір азаматтарымыздың абайсызда алаяқтарға арбалып, қылмыскерлер қолына түсіп қалатынын, сауда-саттықта, көлік, пәтер алған кезде, т.б. тұрмыстық жағдайларда, жұмыс барысында алданып, сан соғып жататынын естіп-білгенде әрі-сәрі күй кешесің...
17 Қазан, 2017
Әдебиет – халықтың жаны. Демек, ондай әдебиетті жасау үшін жазушы өз туған халқын жанындай жақсы көріп сүюі тиіс. Сонымен бірге оған әдеби талант һәм шеберлікпен қатар, жазушылық жанпидалыққа бара алатын дегдар қасиет, алабөтен ерлік те қажет дер едік.
17 Қазан, 2017
Бұқаралық спорттың көсегесі қайтсе көгереді?
Біз айтқалы отырған мәселенің бүге-шігесін жақсы білетін мамандар ұсынған кейбір деректерге сүйенер болсақ, бүгінгі таңда еліміздегі жастардың тек 7-9 пайызы ғана дене шынықтырумен және спортпен айналысады екен.
16 Қазан, 2017
Әлем тағдырына ықпал ете алатын ел
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ ҚК) тұрақты емес мүшесі ретінде ротация қағидаты бойынша аталған құрылымға алдағы уақытта төрағалық ете алады. Бұл Қазақстанның әлем тағдырына ықпал ететін мемлекеттер қатарында жаһандық мәселелерге қатысты өз сөзін айта алатын елге айналғанын білдіреді.
16 Қазан, 2017
Қасиетті Алатау өңірі, оның ішінде Шу өзенінің аңғары ежелден күйге кенен өлке. Мұнда арғы күйшілерден жалғасып келе жатқан байырғы күйшілік мектеп бар.
13 Қазан, 2017
Жұмысшы мамандығының мәртебесі жоғары
Еліміздің еңбек рыногында кәсіби жұмысшы мамандардың тапшы болып келе жатқанына біраз жылдың жүзі болды.
13 Қазан, 2017
Алқабилер сотының артықшылығы көп
Қудалау органдары тексерісінің кемшілігін анықтауда сот органдарының атқаратын қызметі зор.
12 Қазан, 2017
Бүгінгі жастар легінің мінез қалыбы қатары сетіней бастаған аға ұрпақ өкілінен көп өзгешелеу. Арманшыл алып-ұшқан жаратылыстан гөрі ұстамды кейіптерінде өмірдің өтпелілігіне әлден-ақ бойлап үлгеріп, дүниенің мәнін терең түсінген сабырлы қариядай.
11 Қазан, 2017
Жауапсыз сөз достыққа сына қаға алмайды
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың елдегі президенттік сайлауда өз кандидатын өткізу мақсатымен жауапсыз мәлімдемелер жасауы, соның ішінде басты қарсыласты қырғыз сайлаушыларына жағымсыз етіп көрсетуді көздеп, оны Қазақстанмен байланыстыруы – «сасқан үйректің артымен сүңгігені» секілді әсер қалдырып отыр.
11 Қазан, 2017
Жаһандану жалынына шырмалған жастықтың балағына Батыстың балдыры оралып, адымын аштырмай әлек. Ересектің өзін есеңгірететін екпіні ерен, бос қалбырдай даңғырлаған музыкаға майдай еріп ентелегендердің бетін су сеуіп әзер бері қаратқанмен, дініміз бен дәстүрімізге кереғар дүбәра дүниелер – фильмдер, сериалдар, бейнеклиптер, басқа да қаптаған сүреңсіз әдет-дағды жасыл құрақты белінен үзіп, күш қолданбастан бағындырып жатыр, өрендеріміздің өресін улауда. Еуропаға еліктеймін деп өзінің ұлттық салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын қарадай жоғалтып алуда деген дабылымыз мыңның болмаса да онның құлағына жетсе екен деген үмітпен тағы да осы мәселеге қайта айналып соғуға мәжбүрміз.
10 Қазан, 2017
Уақытты үнемдей білген ел ұтады
Осының алдындағы мақаламызда Карл Маркстің «барлық үнемдеулердің ақыры уақытты үнемдеуге ұласады» деген данагөй сөзіне сүйене отырып, уақыттың қадірі туралы әңгіме қозғаған едік. Расында да уақыттың қадірі мен бағасы жыл өткен сайын артып келеді. Ал оның бағасын барған сайын арттырып отырған бір фактор, ол – елімізге енгізіліп жатқан жаңа технологиялар. Жаңа технологиялар адамның іс-әрекеті мен қимылын барған сайын алымды ете түсуде. Сол жаңа технологиялардың арқасында бір сағаттың ішінде бұрын бір күнге, тіпті бір аптаға созылатын біраз шаруаны тындыруға болады. Сондықтан да қазір заманға сай жетілген адам үшін әрбір күн ғана емес, әрбір сағат уақыт қадірлі.
10 Қазан, 2017
Идеялар қорлау емес, қолдау күтеді
Менің бір танысымның жол апаттарының алдын алатын «ақылды қондырғы» ойлап тапқанына біраз жылдың жүзі болды. Анда барды, мында барды, еш нәтиже шығар емес. Ендігі ойы – шетелге ұсыну.
09 Қазан, 2017
Ұйымды ұйыстыруға бағытталған ұсыныстар
Біріккен Ұлттар Ұйымы – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, елдер арасындағы ынтымақтастықты арттыру, климаттың өзгеруі, тұрақты даму, адам құқығы, қарусыздану, лаңкестік, гуманитарлық және төтенше жағдайлар, гендерлік теңдік тәрізді өзге де маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын, кең ауқымды өкілеттікке ие халықаралық ұйым.
09 Қазан, 2017
Бір замандары қазақтың қате баспауына халық тыйымдары өлшеусіз септігін тигізгені рас. Тіпті тұрмыс-салт тәрбиесінде заң орнына жүрді десек те, қателесе қоймаймыз. Үлкен-кіші пенделікпен теріс сөз айтып, теріс қарекет жасағанда артынан тыйым ұғымдарын есіне түсіріп отыратын болған.
06 Қазан, 2017
Өндірісі өркендеп, индустрияландыру бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқан Қазақстанда еңбек күші жеткілікті болмағандықтан, жұмысшыларды шет мемлекеттен әкеліп жатқан компаниялар көп.
06 Қазан, 2017
Қанды қырғынға қандай баға лайық?..
2016 жылдың ақпанында Вашингтонда біз оқып жүрген университет сол кездегі АҚШ-тың Ұлыбританиядағы елшісі Мэтью Барзунмен кездесу ұйымдастырды. Барзун мырза кездесу барысында ұлыбританиялық мектеп оқушыларының Америка туралы пікірлерін білу мақсатында АҚШ елшілігі тапсырмасымен жүргізілген қызықты сауалнама нәтижесімен бөлісті.
05 Қазан, 2017
Есте жоқ ескі замандардан бастап-ақ ежелгі адамдар өзінің арман-қиялын, түйсігімен сезгенін, санасымен топшылағанын үңгірлердің қабырғаларына өрнектеп салған, тастарға бәдіздеген.
05 Қазан, 2017