Пікірлер
Қазіргі қоғамда мадақ һәм мақтау көп. Басқасын былай қойып, тек әлеуметтік желіні алыңызшы. Жасы бар, жасамысы бар тіпті, елағалық дәргейге жеткен азаматтардың өзі бірін-бірі тамсана-таңдана мақтайды-ау, шіркін. Осылардың қайсысы шын, қайсысы жасанды, бақай есепке құрылған мадақ-мақтау екенін ажыратып түсіну қиын. Кейбір мерейтой немесе шығармашылық кешке, жаңа туындысының тұсаукесеріне бара қалсаңыз, ол адамның атына айтылған қолпаш сөзден басыңыз айналып, көзіңіз қарауытады.
05 Қыркүйек, 2017
Мен жастарды жақсы көремін. Танитыным бар, танымайтыным бар, әйтеуір, сырттарынан көз салып, жазғандарына, айтқан ойларына қарап тілеулес болып, қарадай ұнатып, жаныма жақын балап жүремін.
05 Қыркүйек, 2017
Өмірде сүйіп-күйіп жастайынан қосылып, бар сырыңмен, бар шыныңмен бөлісіп, ұзақ жылдар «екі жарты бір бүтін» болып бірге тұрып, бірнеше баланы өмірге келтіріп, енді жасы ұлғая бастаған шақта ажырасуға тура келген адамдардың отбасындағы трагедиядан артық азап бар ма екен?
04 Қыркүйек, 2017
Астана қаласы құрылысының қарқыны мен әлеуеті хақында аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Ақиқатында заманауи талаптарға сай дамыған астаналық құрылыс индустриясы бүгінде қандай да міндеттерді шешуге қабілетті. Оған әлемнің жүзден астам мемлекеттері өздерінің озық технологиялары мен жетістіктерін паш еткен бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі – ЭКСПО-2017 қалашығын қазақстандық құрылысшылардың өз күшімен, өз технологияларымен салғандығы дәлел.
04 Қыркүйек, 2017
Құрбым екеуміз көлік ішіндеміз. Көше кептелісінде қапталдаса тұра қалған жүргізушіге көзім түсіп кетті. Жүрегім дір ете қалды. Құрбыма: – Қарашы, – дедім. – Астапыралла, не түр мынау? Құрбымның түсі бұзылып кетті. – Түу, жүрегім ұшты ғой, өзің көріп қоя салмадың ба? Не пәле болып барады, жүзі қандай қорқынышты, ештеңеден тайынатын адам емес қой мынау.
01 Қыркүйек, 2017
Алматыда соңғы жеті жыл бойы қыркүйек айында ерекше дайындықпен өткізілетін конференция биыл 24 қыркүйекте өтеді. Оны білетіндерден гөрі, білмейтіндер көбірек сияқты.
01 Қыркүйек, 2017
Ұстазын сыйламаған ұятқа қалдырады
Ұлттық таным мен елге, жерге деген құрмет сезімін қалыптастыратын отбасының тәрбиесі – адамның тұлға болып жетілуінің кепілі.
30 Тамыз, 2017
Туған жерін іздемегендерде із қалмайды
Кіндік қаның тамған, балалығыңның бал дәурені өткен, жалынды жастығыңның жарқылын бастан кешкен жердің бәсі қашанда биік. Төрткүл дүниенің қай қиырында жүрсең де бала кезіңде санаға ұялаған суреттерді өле-өлгенше сызып тастауың қиын.
30 Тамыз, 2017
Ағылшын тілін оқу алдындағы психологиялық дайындық
Ағылшын тілін меңгеру – мектеп жасынан өтіп, университетті бітіріп, бүгінде жұмыс істеп жүрген азаматтарға өте қиын шаруа. Біреудің қаражаты жеткіліксіз, біреудің уақыты аз, ал біреуде ерік-жігер жетіспейді. Отбасылы жандарға тіпті қиын. Алайда нарық заңы қатал, өз дегенін жасайды: тіл білсең сапалы білім аласың, өсесің, жалақың артады, үлкен мүмкіндіктер ашылады; білмесең бәсекеге қабілетсіз боласың да қаласың. Дегенмен, жоғарыда аталған түрлі қиындықтарға қарамастан, тіл үйренуге әлі де кеш емес. Бастысы – тіл оқуға психологиялық тұрғыда дайын болу.
29 Тамыз, 2017
Өткен ғасырдың сонау сексенінші жылдарының бас шенінде қаламгерлікке қатысы бар жұрттың көбі бір жазылып тасталған дүниеге қайтып айналып соқпайтын әдетті – Алла тағаланың ерекше сыйы деп артықшылыққа балап жататын. Тап мұндай өлшем қайдан шығып, қалай орныққанын бір Құдайдың өзі біледі.
29 Тамыз, 2017
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ Қазақстанның ірі ядролық державаға айналу мүмкіндігі өте жоғары еді. Өйткені, ең қатерлі қару – шахталардағы құрлықаралық зымырандар негізінен біздің еліміздің аумағында орналасқан болатын.
29 Тамыз, 2017
Астанада өткен «Еуразия» кинофестивалінде бас жүлде алған «Оралман» сөз жоқ, зерделі, ойлы көрерменге арналған фильм. Біздің бүйтіп «ала қойды бөле қырқып» отырғанымыздың себебі, әрине, бүгінгі экранды жаулап алған қылмыс, мафия, есірткі саудасы секілді қым-қиғаш ұрыс, төбелес, атыс-шабысқа толы фильмдерге әбден көзі үйреніп қалған қазіргі қауым оны көре ме, көрсе де түсіне ме деген күдіктен туып отырғаны анық.
28 Тамыз, 2017
Ет – етке, табыс – мемлекетке!
Ет жемейтін ел бар ма екен?.. Бір қызық деректер жекелеген қауымдардың арасында саналы түрде ет пен ет өнімдерін тұтынудан бас тартқан адамдар тобының кездесетінін айтқанымен, тұтастай алғанда, таңдайының татымын басқа азық-түліктен табатын нәсіл жоқ дейді. Демек, адамзат үшін ет жеп, сорпа ішу әдеті ежелден бергі сұраныс, әл-ауқаттың басты қажеттілігі.
28 Тамыз, 2017
Баяғыда әннен де, өлеңнен де хабары жоқ біреу не құлаққа жағымды әуезі, не адам түсінетін сөзі жоқ бірдемелерді айтып жұрттың мазасын ала беріпті. Әбден мезі болған халық мынаның әләуләйі қашан таусылады өзі деп шыдамсыздық таныта бастаса керек. Сөйтсе, әлгі қасқа «Әләуләйім таусылса, хәләуләйім тағы бар» деп одан әрі жалғастырған екен. Алланың әмірімен «ұялмаған әнші болады, ерінбеген етікші болады» дейтін сол заман қайта айналып келді. Сенбейсіздер ме? Сенбесеңіздер мінеки, мысалыңыз.
25 Тамыз, 2017
Баға мәселесінде байыптылық қажет
«Сауда орындарымен салыстырғанда баға төмен шығар?» деген дәмелі ойдың жетегімен таңғы ұйқымызды қиып, ертелетіп көтерме базарға бардық.
25 Тамыз, 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады.
24 Тамыз, 2017
Талай мәрте айтылған істің нәтижесі шықпайтындығына налығандар «Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» деген тіркесті тілге тиек етіп, анда-санда бір күрсініп қоятыны рас.
24 Тамыз, 2017
Қазақтың бастау бұлақтай тұнық тіліне кім тамсанбаған дейсіз. Әуезділігін әнге теңеген. «Француз тілі Еуропаға қалай әсер етсе, қазақ тілі түркі мәдениетіне дәл солай әсер еткен», депті В.Радлов.
23 Тамыз, 2017
Халықаралық белсенділіктің белестері
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері аймақтағы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда халықаралық сахнадағы белсенділігімен айрықша көзге түсті. Қазақстан халықаралық ынтымақтастық саласында бұрынғы кеңестік елдер арасында ең белсенді, жаңашыл мемлекет ретінде танылды. Әлбетте, бастапқыда ешкім дәл осындай белсенділікті Қазақстаннан күтпегені анық.
23 Тамыз, 2017
Журналистика – мәртебелі мамандық
Кейінгі кездері журналистика төңірегінде жүйкеге тиерлік жүйесіз сөз көбейіп кетті. Аяқ астынан Америка ашуға әуес әлдекімдер әртүрлі «сәуегейлік» әңгімелер айтумен әлек.
22 Тамыз, 2017