• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Маусым, 2019

Ұлы дала кеңістігіндегі абыздық

535 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда тарихымыздан сабақ алу, өсу жолдарымызды жадымызда сақтау, теңсіздіктен арылып, теңдікке қол жеткізуіміздің қадірін, қасиетін білу аса маңызды.

Осыдан 30 жыл бұрын – 22 маусым күні Қазақстан қоғамы бірінші басшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаев әлдеқашан лайықты болса да сол кездегі Орталық билік, яғни КОКП Бас хатшысы М.Горбачевтің ойнамалы саясатынан көңіліміз алаңдап, жүрек тыныш таппай, «86-шы жылдағыдай тағы қандай күтпеген оқиға болуы мүмкін», деп Орталық комитетке келіп едік. Алматы қаласында таңертең аздап жылы жаңбыр жауып, күн жадырап шыққан. Оны жақсылыққа жорыдық...

Пленум ашылып, мінбеге Мәскеудегі одақтық Орталық­тың өкілі – КОКП Орталық ко­ми­теті Саяси бюросының мү­шесі, КОКП ОК-ның хатшысы В.М.Чебриков көтерілгенде, «не ай­тар екен?» деп, зал сілтідей тын­ды. Мәскеу өкілінің аузынан «Нұр­сұлтан Назарбаев» деген сөз шық­қанда залда отырған бес жүз адам жылы қарсы алып, ұзақ қол соғып, қолдау көрсетіп еді.

Дәл осы күні Қазақстан Ком­пар­тиясы Орталық Коми­тетінің ХV пленумы өткізіліп, осыған де­йін Қазақ КСР-і Министрлер ке­ңесі Төрағасы қызметін атқар­ған Нұр­­сұлтан Әбішұлы Назар­баев көп тілеуі көл болып, Қазақ­стан Ком­­пар­тиясы Орталық Коми­теті­­нің бірінші хатшысы болып сайланды.

Сол күннен бастап Қазақстан бас­шысының республика жұрт­шы­лығының мүддесіндегі әрбір сөзі, әр­бір бастамасы қалың елдің көңі­лі­нен шығып, Мәскеудегі Орталық би­­лік біздің басшымызбен санасатын болып, еңсеміз көтеріле бастады.

Осылайша Қазақстанның жаңа дәуірі басталып еді...

Нұрсұлтан Әбішұлы бірден одақ­тық институттардың ескір­ге­нін, заман талабынан қалып қой­­ға­нын, әсіресе экономика, ұлт, бас­қарушы аппарат, кадр мәсе­ле­лерінің шамадан тыс орталық­танып кеткенін, көп­­теген әдіс-тәсілдердің, кей­­бір шешім­де­р­дің әді­лет­­сіз­дігін, қау­лы, қарар­­лар­дың жарам­сыз­дығын одақ­­тық мәртебелі жиын­дар­дың мін­­­берінен ашық, батыл сынға алды.

Бірер мысал: 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы студент-жастардың шеруіне байланыс­ты 1987 жылы КОКП Орталық комитеті арнайы қаулы қабыл­дап, сол құжатта «казахский на­цио­нализм» деп баға берген. Нұрсұлтан Әбішұлы осы қау­лының әділетсіздігін дәлелдеп, әлденеше рет Саяси бюрода көтеріп жүріп, қаулының күшін жойғызды. Бұл билеуші Компартия тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға еді.

Бірінші хатшы болып сай­ланысы­мен бір айдан кейін Қара­ған­­ды­дағы шахтерлер ереуі­лін тоқта­тып, олардың талап-тілек­терін шешу жолдарын белгіледі.

Ұлы Отан соғысындағы ең­бегі, ерлігі қазақ шеңберінен алыс­­қа шығып жүрсе де лайықты баға­­сын ала алмаған Бауыржан Момыш­ұлына Кеңес Одағының Батыры атағын бергізді.

Мемлекеттік басқаруды жаң­ғыр­тып, Республика Прези­денті лауазымын кіргізді. Се­мей­­дегі ядролық полигонды жапты.

Космодром қазақ жерінде болса да ға­рыш­керлері бол­маған елдің екі ұланы – Тоқ­тар Әубәкіров пен Тал­ғат Мұса­баевты ғарышқа ұшырды.

Дүние жүзі қазақтарының тұң­ғыш құ­рылтайын өткізіп, тәуел­­­сіздік жылдары 1 миллион­нан ас­там отандасымыздың Қазақ­стан­ға ке­луіне есік ашып, жағдай туғызды.

Осы сияқты еліміздің мәр­тебесін көтерерлік ғасыр­лар бо­йы арман болған тәуелсіздік жеңіс­теріне Тұңғыш Прези­денті­­міз – Елбасы бастамашы болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың мемлекет қайраткері дең­­гейін­дегі қызметі халқы­мы­з­дың дәстүрі мен даңқын асы­рар Ұлы дала кеңіс­тігіндегі абыз­дық­тың даңғыл жолына ұласты.

 

Қуаныш СҰЛТАНОВ,  Парламент Мәжілісінің депутаты