• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Құқық 30 Тамыз, 2024

Заңға бағынған қоғам алға басады

84 рет
көрсетілді

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік мемлекет ре­тін­де қа­лыптасуына байла­­ныс­ты адам мен оның өмірі, құқық­тары мен бостан­дық­тары конс­титу­ция­лық деңгейге көтерілген ең жоғары құндылық ретінде танылады.

Еліміздегі конституциялық рефор­маның арқасында азаматтар өздері­нің құқықтары мен бостандықта­ры­на тікелей әсер ететіндей деңгейде ­нор­ма­лардың Конституцияға сәй­кес­тігін өздері даулау мүмкіндігіне ие бол­ды. Оның нақты мысалы – Конститу­циялық соттың ашылып, жаңа фор­матта қызмет ете бастауы. Ол азамат­тардың конституция­лық кепілдік­те­рін жүзеге асыруға қатыс­ты қоғамды тол­ғандыратын проб­ле­маларды анықтауға, ұлттық заң­на­маны жетілдіруге ықпал етуге мүм­кіндік береді.

Конституциялық сот өзінің әрбір шешімінде Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтары заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданы­луын анықтайды деген ережелеріне назар аударады. Мемлекет жеке тұлға­ның құқықтарын жариялап қана қой­май, оларды қамтамасыз етуге кепілдік береді, бұл үшін барлық қажетті жағдайды жасайды.

Бұрынғы Конституциялық кеңес, енді қазіргі Конституциялық сот шектеу шараларының негіздері мен аясы Конституцияның 39-бабының 1-тармағына сәйкес келуге тиіс екенін атап өтеді. Оған сәйкес адам мен азаматтың құқықтары мен бос­тан­дықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халық­тың денсаулығы мен адам­гер­шілік нормаларын қорғау мақсатында қажет шамада ғана тек заңдармен шек­телуі мүмкін.

Конституцияның 14-бабында белгі­ленген заң мен сот алдындағы бар­лығының теңдігі, сондай-ақ шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нә­сіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқа­ра­сына, нанымына, тұрғылықты жері­не немесе кез келген өзге де мән-жай­ларға байланысты ешкімді қандай да бір кемсітуге болмайтыны туралы конституциялық ереже жеке тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің тең­дігін, мемлекеттің осы құқықтарды тең қорғауын және жеке тұлғаның заң алдындағы жауапкершілігін білдіреді.

Конституциялық сот осы ұстанымды дамыта отырып, қабылданған заңдарда адамдардың құқықтарында объек­тивті және ақылға қонымды негіздемесі ­жоқ айырмашылықтар белгіленбей­тінін анықтады. Тең жағдайларда құ­қық субъектілері тең құқықтық жағ­дайда болуға тиіс.

Жоғарыда келтірілген мысал­дар мүмкіндіктерді, сондай-ақ біздің аза­маттардың құқықтар мен бостан­дық­тарды заңды түрде қорғауға деген ұм­тылысын көрсетеді, осылайша әді­летті қоғам құруға мүмкіндік береді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың бекітуі бойынша заң үстемдік ететін және өмірдің барлық саласында құқық үстемдігі қағидаты сақталатын әділ қоғам елдің үдемелі прогресінің іргетасы болуға тиіс.

 

Ерлан СӘРСЕМБИЕВ,

Конституциялық сот судьясы