Қоғам • 11 Желтоқсан, 2025

Алматыда қазақы тазылардың байқауы өтті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Қазақстан кинологтар одағы қазақы тазы иттеріне арналған тұқымдық байқау ұйымдастырды. Іс-шараға 43 иттің иесі қатысуға өтінім берді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда қазақы тазылардың байқауы өтті

Байқаудың басты мақсаты – шығу тегі туралы құжатсыз жүрген асыл тұқымды тазыларды анықтап, оларды ресми есепке алу және құжаттандыру.

Экстерьерді бағалау және толық сипаттама беру жұмыстарын сарапшылар Анель Болгумбаева мен Наталья Дровосекова жүргізді. Олар иттерді бекітілген тұқымдық стандартқа сәйкес бағалап, қажетті өлшемдерді алды, тіс формулаларын тексерді, анатомиялық құрылымын және қозғалыс ерекшеліктерін саралады. Сонымен қатар сәйкестендіру құралдарын орнатты (чиптеу).

Сараптама нәтижесіне сәйкес, 43 иттің 14-і «өте жақсы» деген баға алып, әрі қарай тұқымдық өсіруге рұқсат алды. Қалған иттер стандарттарға толық сәйкес келмегендіктен, селекциялық жұмысқа жіберілмейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қатаң селекциялық бағалау қазақы тазы тұқымының сапасы мен генетикалық тазалығын арттыруға бағытталған.

Байқау алаңында ұлттық нақышта безендірілген киіз үй фотоаймақ ретінде ұйымдастырылып, қатысушыларға өз тазыларымен естелік суретке түсу мүмкіндігі берілді. Бұл шара қазақы тазының ұлттық қазына ретіндегі мәртебесін ерекше айшықтады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50