Аймақтар • Кеше

Дастан Рыспеков Жезқазған-Қызылорда жолын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Жезқазған–Қызылорда бағытындағы республикалық маңызы бар автожолда жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарының қарқынын бақылап, нысандағы мердігер мекемелердің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дастан Рыспеков Жезқазған-Қызылорда жолын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді

Бүгінде Ұлытау облысына тиесілі 208 шақырым жолды биіктету, жаңа су өткізу құбырларын орнату жұмыстары толық аяқталған. Құрылыс алаңында 50 шақырымға асфальт төселген.

Жұмыс сапары барысында облыс басшысы мердігер компаниялармен жиын өткізіп, құрылыс сапасы мен жұмыс мерзіміне қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.

Атап айтқанда, жол құрылысында қолданылып жатқан барлық техниканы Ұлытау облысында тіркетіп, жыл соңына дейін салық төлеу міндетін қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ жобада шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесіне тоқталып, тек нақты қажет, жоғары білікті мамандарды ғана шақыру қажеттігін ескертті.

«Барлық азамат үшін еңбек жағдайы тең болуы тиіс», деді әкім Дастан Рыспеков.

Сонымен қатар облыс әкімі «Қазавтожол» АҚ-ына Ұлытау облысына кіреберіс жол бойына стелланы келесі жылдың сәуір айынан кешіктірмей орнату жөнінде тапсырма берді.

Ұлытау облысы әкімдігі жол инфрақұрылымын жаңғырту өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Жобаның сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болады.

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50