у
Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2023
Жаңа жыл қарсаңында күн суытады - синоптиктер
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты. Болжамға сәйкес, Қазақстанның барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп жазады Egemen.kz.
Айбын • 27 Желтоқсан, 2023
Бакуде ел мерейін асқақтатқан әскерилерге құрмет көрсетілді
Қорғаныс министрлігінде Бакуде әскери қызметшілер арасындағы күрестен өткен XXXVI әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен спортшыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Желтоқсан, 2023
Берік Уәли Президенттің жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Ол Президенттің жыл бойы атқарған шаруалары мен іссапар, қабылданған қарарлар мен әлеуметтік маңызды сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
1 қаңтардан бастап коммуналдық қызмет тарифтері қалай өзгереді?
27 желтоқсанда мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2024 жылы коммуналдық қызмет құнының көтерілуі туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
Алматыда автобус қағып өлтірген ерлі-зайыптылар жерленді
Алматыда автобустың астында ажал құшқан ерлі-зайыптыларды туыстары соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Egemen.kz ktk.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
Тарифтердің қымбаттауына байланысты отандық операторларға қатысты тергеу басталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасын талдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2023
Республикалық маңызы бар автожолдардан 1 учаске жабық
Бүгінгі сағат 11.00-дегі ахуал бойынша QazAvtoJol баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығы салдарынан республикалық маңызы бар автожолдардан 1 учаске жабық екенін мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
«Мұз қалашығы еріп жатыр»: Павлодар тұрғындары наразылық білдірді
Павлодар облысында 53 миллион теңгеге жасалып жатқан мұз қалашығы еріп, су болып ағып жатыр. Мұз қалашық пен сырғанақ жасауды мердігер компания бір апта бұрын бастаған. Бірақ жұмыстың азы қалғанда күннің күрт жылынуынан мұз қалашығы ери бастаған. Бұл туралы Egemen.kz Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Экология • 27 Желтоқсан, 2023
Қаракөл жағалауынан отыз аққудың өлексесі табылды
Үстірт мемлекеттік табиғи резерватындағы Қаракөл көлінің жағалауынан 30 аққудың өлексесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
Елімізде ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасын талдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
Атырау облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты
Атырау облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, бесеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2023
27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК Қазақстан өңірлерінде 27 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 26 Желтоқсан, 2023
2023 жылдың үздік депутаты анықталды
Жыл депутаты номинациясы бойынша дауыс беру тоқтатылды. «Жылдың үздік депутаты» атағына халық шешімімен ең көп дауыс жинаған Қазыбек Иса лайық деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Желтоқсан, 2023
Президент Үлкен Петергоф сарайына барды
Президенттердің үшінші экскурсиясы «Петергоф» мемлекеттік музей-қорығының Үлкен Петергоф сарайында жалғасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қостанай облысында 2100 өзгеше аққала жасалды
Қостанай облысына қарасты Қамысты ауылы тұрғындары 2 100 аққала жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2023
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия өз жұмысын аяқтады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының соңғы отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қостанай облысында автокөлік жолдары жабық тұр
Кеше түн ауғанша жаңбыр себелеп, оның арты көктайғаққа ұласты да, таңертең ақтүтек боран басталып кетті. Синоптиктердің болжамынша, желдің күші секундына 30 метрден асады. Қазір өңірде қарлы боран күшейіп, жол үстін қалың тұман басып тұр. Дауыл тұруы мүмкін деген ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Әділет министрі Бишімбаевтің ісіне қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартты
Әділет министрі Азамат Есқараев әйелін өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевқа қатысты сараптамалар қалай өтіп жатқанын, соңғысы қашан аяқталатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Табиғи шыршалар денсаулыққа қауіп тудыруы мүмкін - ғалымдар
АҚШ ұлттық стандарттар және технологиялар институтының ғалымдары бөлмедегі шыршалардың қандай химиялық заттар бөлетінін айтып берді. Зерттеу ScienceDirect журналында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Павлодардан қашып, Краснодарда ұсталды. 50 адамды алдап соққан қашқын қамалды
50-ден астам жәбірленушіні алдап, ақшасын жымқырған павлодарлық әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 26 Желтоқсан, 2023
Асхат Тағыберген бағындырған тарихи жетістік
Қызылорда футболының түлегі Асхат Тағыберген биыл жанкүйерлерді жарқын жетістіктерімен қуантты. Сондай тарихи оқиғалардың бірі оның Ұлттық құрама сапында Дания қақпасына соққан голының Еуропада үздік деп танылуы, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Республикалық маңызы бар жолдардың 40 учаскесі жабық
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 40 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Мұз ойылып кеткен. Өзенге батқан екі адам құтқарылды
Атырау облысында полицейлер мұз ойылып, өзенге батып кеткен екі адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2023
2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атап өткендей, Тұжырымдама Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында көрсетілген тапсырмасын орындау үшін әзірленген. Ол 4 негізгі бағытты қарастырады. Олар – тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2023
Карьерлік ауыр жүк көліктеріне қоғамдық жолдарда жүруге қашан тыйым салынады?
Көлік министрлігі басшысының Астана қаласы тұрғындарымен кездесуі барысында көлік компаниялары өкілдері көлік құралдарының рұқсат етілген салмағының артуын бақылауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатпен келіспейтіндіктерін айтып жеткізді. Сөз кезегінде Марат Қарабаев министрлік өз тарапынан көліктік бақылау инспекторларының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және үстеме бақылау тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар қосымша шараны енгізіп жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Жоғалып кеткен Еуропа чемпионы табылып, туыстарымен қауышты
Бірнеше күн бұрын Алматыдағы үйінен белгісіз бағытқа шығып, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әйгілі боксшы дін аман табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Желтоқсан, 2023
Қызметтік борышын өтеу барысында өрт сөндіруші қаза тапты
Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Желтоқсан, 2023
Жаңбыр, қар, жел: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?
Синоптиктердің болжауынша, бүгін елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Білім • 26 Желтоқсан, 2023
Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды. Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2023
Қазақстанда алғаш рет: Электронды аукциондардан рекордтық 2,5 млрд теңге
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ел аумағын геологиялық-геофизикалық зерделеуді кеңейтумен белсенді айналысады. Мақсат - 2026 жылға қарай зерттеу аймағын ағымдағы 1,5 миллионнан 2,2 миллион шаршы шақырымға дейін арттыру. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.