Соңғы жаңалықтар
Руханият • 30 Мамыр, 2019
Президент Абайдың 175 жылдық мерейтойы туралы Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 29 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
«Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық конференция өтті
Түркістан облысы әкімдігі мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ұйымдастыруымен «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» атты халықаралық конференция өтті.
Жетісуда «Студент көктемі» фестивалі өтіп жатыр
Жастар жылы аясында жоспарланған шаралар Жетісу өңірінде жалғасып жатыр. Соның бір дәлелі – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті мен Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Менің Қазақстаным: Студент көктем-2019» атты облыстық студент жастар фестивальі.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Даниал Ахметов Қарағайлыда көп балалы аналарға пәтер кілттерін табыстады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласына жұмыс сапары барысында Қарағайлы шағын ауданында болып, 45 көп балалы анаға жаңа тұрғын үйдің кілтін табыс етті.
Спорт • 29 Мамыр, 2019
Қарағандылық пауэрлифтер әлем рекордын жаңартты
Токио қаласында пауэрлифтингтен өткен халықаралық біріншілікте қарағандылық Қараман Абдулкәрім 59 кило салмақ дәрежесінде әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Көшелерге сыртқы жарнама орналастыру бойынша жаңа ереже күшіне енеді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шымкент филиалында сыртқы жарнама саласы бойынша кәсіпкерлермен кездесті.
Руханият • 29 Мамыр, 2019
Елордада Серікбол Қондыбай мұралары таныстырылды
Нұр-Сұлтан қаласында Маңғыстау облысының әкімдігі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастырыуымен «Серікбол Қондыбай мұраларындағы арғықазақ мифологиясы және Ұлы Дала өркениеті» атты II халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
«Біздің проблемамыз ешкімге қызық емес» - Ноғаев қарамағындағыларды сынға алды
Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев энергиямен жабдықтау, сумен, газбен, жылумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиналыс өткізді деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2019
Интернетте сервистік қызмет көрсететін компаниялар Алматыда бас қосты
Интернетте сервистік қызмет көрсететін алып компаниялар тұрғындарының 35 пайызы 16-40 жас аралығындағы жастар Қазақстанның ішкі нарығы күресті қыздырып жатқаны осыған дейін белгілі болатын.
Спорт • 29 Мамыр, 2019
«Ралли Қазақстан 2019» жарысының екінші кезеңі аяқталды
Әлем кубогының кезеңдік сайысы санатына жататын «Ралли Қазақстан 2019» додасының екінші жарыс күні катарлық Нассер Салех әл-Аттия алдына жан салмады. Екінші орынды голландиялық Бернхард Тен Бринке иеленсе, польшалық Якуб Пшигонски үшінші сатыға табан тіреді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 414 шақырымды құрады.
Президент • 29 Мамыр, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты
Елбасы шағын құрамдағы басқосудан кейін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 29 Мамыр, 2019
Шанхайдағы халықаралық турнирге қатысатын боксшылар есімі белгілі болды
Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Шанхайдағы халықаралық турнирге қатысатын боксшылар есімін атады деп хабарлайды Olympic.kz.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Шымкентте шомылу маусымына дайындық басталды
Шымкентте ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты жазғы шомылу маусымы ашылды. Осыған орай қаладағы төтенше жағдайлар қызметкерлері жазғы шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын ескеруге шақырады.
Спорт • 29 Мамыр, 2019
Допингке қарсы ұлттық орталық екі спортшыны жарыстан шеттетті
Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталықтың ресми сайты тыйым-салынған дәрі-дәрмек қолданған спортшылар тізімін тағы да жаңартты деп жазады Olympic.kz.
Руханият • 29 Мамыр, 2019
ҚазҰУ қабырғасында лингафон кабинеті ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің қабырғасынан лингафон кабинеті ашылды. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақталған орталықта университет шәкірттері ілеспе аударма ісін меңгерудің қыр-сырына қанығатын болады.
Спорт • 29 Мамыр, 2019
Шайбалы хоккей: Даррен Диц үздіктер қатарында
Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының ойыншысы Даррен Диц былтырғы маусымның қорытындысы бойынша Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) символикалық құрамына енді.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Шымкентте тұрғын үй мәселесі туралы заң жобасы талқыланды
Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, Парламент Мәжілісінің депуттары, Үкімет мүшелері, ПИК төрағалары мен басқа да ұйым басшыларының қатысуымен тұрғын үй мәселесі жөнінде жиын өтті. Кездесуде пәтер иелерінің кооператив төрағаларымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы заң жобасы талқыланды.
Спорт • 29 Мамыр, 2019
«Ролан Гарроста» екі теннисшіміз ғана қалды
Қазақстанның қос теннисшісі Франция астанасы – Парижде өтіп жатқан «Ролан Гарростың» жекелеген сайысының екінші кезеңіне шықты.
Спорт • 29 Мамыр, 2019
Самбо: Парижде Бейімбет Қанжанов бас жүлдені олжалады
Францияда самбодан өткен Париж Гран-Приі додасында Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі Бейімбет Қанжанов қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады.
Спорт • 29 Мамыр, 2019
Күрес: Әлем чемпионатының кестесі бекітілді
Күрес түрлерінен биылғы жылғы әлем чемпионаты 14-22 қыркүйек аралығында Нұрс-Сұлтанда өтетіні белгілі. 2020 жылы Жапонияның бас шаһары –Токиода алауы тұтанатын Олимпия ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын айтулы жарыстың күні кеше кестесі бекітілді.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Шымкентте ашық конкурс арқылы 5 мектеп директоры тағайындалды
Шымкент Қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың жетекшілігімен арнайы комиссиялық топ қаладағы 10 мектепке үміткерлерді сынақтан өткізді.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Тәженге дейінгі жол құрылысы күзде аяқталады
Бейнеуден бастап Тәженге дейін салынып жатқан автомобиль жолының құрылыс жұмыстарын мердігер компания басшыларының айтуынша, қыркүйек айына дейін толық аяқтап, тапсырмақ. Бұл туралы аймақ басшысы Е.Тоғжановтың Бейнеу ауданына сапары барысында айтылды. Егер жол пайдалануға берілсе, ауыл халқына да мол мүмкіндік тіршіліктің жаңа бағыты пайда болады.
Футбол • 29 Мамыр, 2019
Бүгін түнде Еуропа лигасының финалы өтеді
Мамырдың 29-нан 30-на қараған түні Әзірбайжанның бас шаһары – Бакуде УЕФА Еуропа лигасының финалдық ойыны өтеді. Беделі зор осы жарыстың бас жүлдесін Англияның қос клубы – «Челси» мен «Арсенал» өзара сарапқа салады.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2019
Бейнеуде үш жаңа нысан пайдалануға берілді
Бірі - 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Бір кезеңде 600 адамға дейін қабылдай алатын спорт кешенінде футбол, волейбол, үстел теннисі, баскетбол ойнайтын алаңдар мен күрес залы және тренажер залы бар.
«Берекелі Рамазан» атты қайырымдылық концерт өтті
Аталған іс-шара тұрмысы төмен ауру балаларды қолдауға арналды.
Саясат • 29 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Отырысқа Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының басшысы Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 29 Мамыр, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшыларына алғыс білдірді
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшыларына алғыс білдірді.
Саясат • 29 Мамыр, 2019
ЕАЭО, ЕО және ШЫҰ арасындағы толыққанды экономикалық ынтымақтастықты жолға қою керек - Елбасы
Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Саясат • 29 Мамыр, 2019
Қазақстан Еуразиядағы экономикалық интеграцияның одан әрі жалғасуын жақтайды – Қ.Тоқаев
Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.