Соңғы жаңалықтар
Бокс • 30 Тамыз, 2017
Гамбургтегі әуесқой бокстың әлемдік додасына Қазақ елінің былғары қолғап шеберлері толық құрамда барды. Бір айта кететіні, біздің командада бұдан бұрын әлем чемпионатының ащы дәмін татып, тәжірибе жинаған үш боксшы бар. Атап айтқанда, олар – Қайрат Ерәлиев, Абылайхан Жүсіпов және Василий Левит. Ал қалғандары мұндай деңгейдегі додаға бұрын-соңды түсіп көрмеген...
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Медведьтің ізбасарларын баптайтын қазақ
Жезқазған өңірінде спортсүйер қауым Шубаевтар әулетін орынды мақтан етеді. Жалпы, белдескеннің белін майыстырған Шубаевтарды бүкіл әулетімен балуан десе де болады. Күрес оларға атадан балаға дарыған өнер саналады.
Ұстазын сыйламаған ұятқа қалдырады
Ұлттық таным мен елге, жерге деген құрмет сезімін қалыптастыратын отбасының тәрбиесі – адамның тұлға болып жетілуінің кепілі.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Түркістанда Түркі әлемі ақындарының кездесуі өтті
Түркістан топырағының рухани кеңістігін дүр сілкіндірген түркі халықтары ақындарының кездесуі туысқан халықтардың сөз өнеріндегі ортақ серпіліс болды. Сан ғасырлық тарихы бар бауырлас елдердің əлемдік əдебиет пен түркілік əдебиеттің алтын қорына қосқан қазынасы мол.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Иман жүректің тазалығымен өлшенеді
Кешегі сақ заманынан бүгінгі бақ заманына «мың өліп, мың тіріліп» жеткен халқымыз осы уақыт аралығында жойылып кетуден басқаның бәрін көрді. Біздің бұл сөзімізді тарихшылардың көбі растайды. Тек жер бетінен ада-күде жойылып кетуге тиіс болған халықтың қалай аман қалғанын ғана әлі күнге дейін ешкім нақты түсіндіріп берген емес. Белгілісі ғасыр сайын жан құрбандық беріп жүріп, осы күнге есен жеткеніміз.
Аймақтар • 30 Тамыз, 2017
Оңтүстіктің астаналықтарға жеті керемет тартуы қандай?
Астанада мәдени күндерін 29 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өткізуге келген Оңтүстік Қазақстан облысы елордалықтар мен қала қонақтарына 40-тан астам іс-шара әзірлепті. Оңтүстік өңірдің мәдениеті мен тарихын, құнды жәдігерлері мен бейнелеу өнерін дәріптейтін бағдарламада ән мен күй де, қолөнер бұйымдарының көрмесі де, ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі де, қайырымдылық акциялар да қамтылған.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Астанада СҚО мәдени күндері өтті
Өткен аптада Астанадағы айтулы оқиға – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Солтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері өтті. Аймақтың экономикалық әлеуеті мен тарихи-мәдени жетістігін әйгілейтін бұл шараға 400-ден астам мәдени-әкімшілік қызметкерлері жұмылдырылды. Олардың қатарында: үздік шығармашылық ұжымдар, декоративті-қолданбалы өнер шеберлері, дарынды қолөнершілер және эстрада жұлдыздары бар. Мәдени шараның ашылуы 24 тамыз күні Астана қалалық әкімдігі алдындағы алаңында аймақ туралы деректі фильмнің көрсетілуімен басталып, оның соңы «Есіл өңірінің жұлдыздары» атты мерекелік концертке ұласты...
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары, біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатындығымыз және бұқаралық сананы қалай өзгертетіндігіміз туралы көзқарасымды ортаға салуды жөн көрдім» деген болатын.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Жаһандық дамуға ілескен бүгінгі қоғам білімділікпен, зиялылықпен сипатталса керек. Өткен ғасыр өркениеттің адамдар бойындағы біліммен қаланатын қабілет пен сапаға толық тәуелді екенін көрсетті. Егер бүгінгі білім беру жүйесінің дағдарысты жағдайын айтар болсақ, ол ең алдымен уақыттың талабы мен шындығына сәйкессіздіктен туындап отыр. Сауатсыздар қатарының өсіп отырғаны, білім сапасының төмендеуі және білім мен мәдениет арасының алшақтауы, білім алушы мен білім берушінің жаңғыру үдерісін жатырқауы көңілге беймазалық тудырады.
Туған жерін іздемегендерде із қалмайды
Кіндік қаның тамған, балалығыңның бал дәурені өткен, жалынды жастығыңның жарқылын бастан кешкен жердің бәсі қашанда биік. Төрткүл дүниенің қай қиырында жүрсең де бала кезіңде санаға ұялаған суреттерді өле-өлгенше сызып тастауың қиын.
ЭКСПО-2017 • 30 Тамыз, 2017
ЭКСПО-2017 қалашығында Кенияның ұлттық күні өтті
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қалашығында өткен Кенияның ұлттық күнінде Өндіріс, сауда және кооператив министрлігі сауда департаментінің бас хатшысы Крис Каптоо сөз сөйлеп, технологияларды пайдаланып, жобаларды жүзеге асыру үшін қаражаттың қолбайлау болып отырғанын жасырмады.
ЭКСПО-2017 • 30 Тамыз, 2017
Қоршаған ортаға әлемнің қамқорлығы қажет
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған «Болашақ энергиясы» форумының 11-конференциясы «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық экономика және саясат» тақырыбын қамтыды.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Конституция – еліміздің кемел болашағының кепілі.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Елдік істерімізде ерекше маңызға ие
Әр мемлекеттің айбарын аспандатып, елдігін қуаттайтын негізгі құжаты – оның Конституциясы.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Негізгі Заңымыз барлық қиындықтарға қарсы тұра алды
1995 жылғы Конституцияны қабылдағаннан бері өткен 22 жыл тарихи өлшеммен қарағанда көп уақыт емес. Қазақстанның осы кезеңдегі заңнамалық даму өзгерістері оған 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары енгізілген толықтыруларда көрініс тапты. Соның ішінде 2011 жылғы енгізілген өзгерістен басқасы саяси және ғылыми ортада конституциялық реформалар деп бағаланды.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Қазақстан Конституциясы - жемісті мемлекеттік стратегияның негізі - Қайрат Мәми
Біздің ел үшін 1995 жылы қабылданған Конституцияның маңызы өте зор. Себебі, ол Қазақ жерінде егемен елдің құрылғанын айқындап берді. Жаңа перспективаларды ашты, қоғамның үдемелі дамуы үшін айрықша саяси және құқықтық мүмкіндіктерді жасады.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Қазақстан халқы Ассамблеясы Конституция күнімен құттықтады
Құрметті отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтайды!
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Конституция – қазақстанның қарышты дамуының негізі
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы республикалық референдумда қабылданғанына биыл 22 жыл толып отыр. Халық қалауының көрінісі іспеттес Республика Конституциясы осы жылдар ішінде мемлекеттің өркендеп дамуының бекем іргетасына және ұлттық құқықтық жүйенің түп қазығына айналды. Негізгі Заңды қатаң сақтау және тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы айқындап берген дұрыс бағыттың арқасында, Қазақстан тарихи өлшемдегі қасқағым мерзімде егемен және тең құқылы мемлекет ретінде қалыптасып қана қоймай, әлемдегі бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елдің қатарынан көрінді. Енді «Қазақстан – 2050» стратегиясының басты мақсаты – әлемдегі дамыған 30 елдің легіне енуге ұмтылуда.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Астанада оңтүстікқазақстандық ақын-жазушылармен шығармашылық кездесу өтті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аталған облыстың Астана қаласындағы күндері аясында өткен аймақ ақын-жазушыларының шығармашылық кездесуі мен «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих», «Жаһан таныған жеті тұлға» атты кітап көрмесінің тұсаукесерінде осылай деп атап көрсетті.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Астанада «Конституция және қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы» атты конференция өтті
Астанада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылған «Конституция және қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Екі күнге жалғасқан алқалы жиын аясында алыс-жақыннан келген қатысушылар 60-тан астам баяндаманы тыңдап, талқылады. Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Рогов жетекшілік еткен жиында сөз алған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы құттықтау хатын оқып берді.
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Сындарлы ой-пікірлерімен есте қалады
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының «Жаңа ядролық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл» атты 62-ші конференциясының жабылу рәсіміне қатысты және сөз сөйледі.
Үкімет бес жылға болжам жасады
Жыл басынан бері еліміздің экономикалық белсенділігі жақсарған. Мәселен, өткен 7 айдағы ІЖӨ өсімі 4 пайызды құрады. Ал жыл қорытындысы бойынша экономика өсімі 3,4 пайыз болады деп болжанып отыр. Бұл туралы кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың Төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Оңтүстік өнерпаздары Астанада әннен шашу шашты
Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері күнгей өлкенің эстрада және дәстүрлі әншілері, ұлттық аспапта орындаушыларының қатысуымен сазды-әуенді шеруімен жалғасты. Нақтырақ айтсақ, оңтүстік өнерпаздары екі қабатты үсті ашық қызыл автобуспен Астана қаласының қоғамдық орындарды аралап, танымал қазақ әндерін шырқады. Ондағы мақсат - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттау.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Павлодарда 11 кәсіпорын аумағындағы ауа тексеріледі
Облыс тұрғындары тарапынан кешкі, түнгі уақыттарда түтін әсеріне шағымдар түсу жиілеген. Өткен жылы ауаны ластайтын заттардың шекті мөлшерінен асып кетуі Ақсу ферроқорытпа зауыты, ЕЭК, «Қазақстан алюминийі» Ақ кәсіпорындарының санитарлық-табиғат қорғау аумақтарында тіркеліпті.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Ақсу қаласында мектеп оқушыларына көмек көрсетілді
Ақсу қаласындағы Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Еуроазияттық энергетикалық корпорация» АҚ жалып, жыл сайын аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға, мүгедек және жетім балаларға қолдау көрсетіп келеді.
Президент • 29 Тамыз, 2017
Назарбаев МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылу рәсіміне қатысты
Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Мақтаралда педагогикалық жәрмеңке өтті
Мақтарал аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Мақтаарал" мәдениет үйінде бос жұмыс орындарына арналған педагогикалық жәрмеңке өткізілді. Аудандағы барлық 125 мектептен 108 педагогикалық мамандық, 36 жұмысшы мамандығы жұмыс іздеушілерге ұсынылды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Маңғыстауда «Жаңа серпін» бағдарламасы бойынша 500 орындық жатақхана берілді
Бүгін Конституция күні қарсаңында Ақтау қаласының Шығыс шағынауданында жұмысшы жастарға 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Ақтауда «Меловой» спорттық-сауықтыру кешені ашылды
ҚР Конституция күніне орай «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтауда «Меловой» спорттық-емдеу кешені ашылды.