Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
Комиссияның кезекті отырысы өтті
Астанада Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтіп, онда азаматтардың тегін заңдық көмек алу бойынша конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Аймақтар • 16 Маусым, 2017
Сессияда даму тұжырымдамасы қабылданды
Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтті. Делегаттар Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың ХХV сессияда қойған тапсырмаларынан туындаған міндеттерді талқылады.
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
Бұрнағы күні Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Қазақстан Республикасы ұлттық ұланы астаналық жедел мақсаттағы бригадасына жұмыс сапарымен барып, 5573 әскери бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Білім • 16 Маусым, 2017
Білімді бәрінен биік қоятын ұлт табысқа жетеді
Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген біліммен бағаланады. Сондықтан дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат тұтады. Осы тұрғыдан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті білім, бизнес, құқық, жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық, технологиялық, ауыл шаруашылығы, өнер, мәдениет және қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бойынша мамандар дайындайтын көп салалы жоғары оқу орындарының бірі.
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
«Туған жер» бағдарламасы қоғамда жаңа рухани дәстүр қалыптастыруы тиіс
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда кең түрде талқыланды, жүздеген пікір, ой айтылды, айтылып та жатыр. Ең бастысы, Президенттің болашақта Қазақстан қоғамының рухани дамуы қай бағыттарда болуы жайлы ойлары және ұсынған бағдарламалары халықтың көңілінен шықты, көпшілік тарапынан қолдау тапты.
ЭКСПО-2017 • 16 Маусым, 2017
Украина жасыл энергетиканың дамуына үлес қосуда
Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қалашығында Украина күні өтті. Олар ұлттық мерекелері қарсаңында Гиннестің рекордтар кітабына енген 30 метрлік алып тоқыма орамалды таныстырып, баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Салтанатты жиында Украина Премьер-министрінің орынбасары, Өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық кешені министрі және ұлттық секцияның комиссары Геннадий Зубко өз еліндегі жасыл энергетиканың дамуы жайында әңгімеледі.
ЭКСПО-2017 • 16 Маусым, 2017
Жаһандық шара – жалпыхалықтық мереке
«Елімізде әлемдік деңгейдегі ЭКСПО көрмесі өтіп жатқанын Астана ғана емес, бүкіл өңір сезінуі керек». Бұл – Талдықорғандағы Достық үйінің алаңында «Болашақтың энергиясы» форумын ұйымдастырушылардың сөзі. Шараға мұрындық болған – Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы.
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
«Бәйтерекке» барыңыз, Астананы көріңіз
Алты айдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жабылған «Бәйтерек» монументі ертеңнен бастап қала тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашпақ. Елорданың символына айналған монумент 1997 жылы бой көтергеннен бері елордаға алыс-жақыннан келгендердің ат басын бұрмай өтпейтін көркем орындарының біріне айналған болатын.
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында өтетін Поляк диаспорасы күніне қатысуға Астанаға келген Польша Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Мария Коц бастаған делегациямен кездесті.
Қазақстан • 16 Маусым, 2017
Кітап көрмесі – оқырман олжасы
Кеше Астанадағы «Көрме» орталығында баршаға арналған «Eurasian Book Fair-2017» атты Еуразиялық халықаралық көрме-жәрмеңкесі ашылды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.
Парламент • 16 Маусым, 2017
Сенат Үкіметтің есебін тыңдады
Кеше Парламент Сенатының жалпы отырысында дауысқа салынған төрт заң жобасының үшеуі қабылданып, біреуі Мәжіліске қайта жіберілді. Отырыста қызу талқыға түскен мәселе - "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жөніндегі" құжат болды.
Парламент • 16 Маусым, 2017
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Риксдагының (Парламенті) Төрағасы Урбан Алинмен жұмыс бабында кездесті, деп хабарлайды осы палатаның баспасөз қызметі.
Бизнес • 16 Маусым, 2017
Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Х Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады. Оны ұйымдастырушылар санатында Қазақстанмен қатар Бүкіләлемдік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, БҰҰ-ның әріптес ұйымдары бар. Жүйелі түрде өтуі және көтерілетін мәселелердің ауқымдылығы мен қатысушыларының біліктілігіне сәйкес соңғы жылдары «Қазақстандық Давос» деген атқа ие бола бастаған бұл форум әдеттегідей екі күнге созылмақ.
Аймақтар • 15 Маусым, 2017
ОҚО әкімі туған жерді түлетуге кәсіпкерлерді жұмылуға шақырды
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық Кәсіпкерлер палатасының ұйытқы болуымен өткен еркін форматтағы кәсіпкерлер кездесуіне қатысты. Жиынды ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакиров жүргізіп отырды, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 15 Маусым, 2017
Шымкенттегі Қошқар ата өзенінің бастауында жаңа шағынаудан салынады
Қошқар ата өзені маңайындағы ескі үйлерді бұзып, осы ауданды көркейтуге қатысты "Жаңарту" бағдарламасы қабылданған. Құрылыс 2018 жылы басталмақ.
ЭКСПО-2017 • 15 Маусым, 2017
Украина павильоны ЭКСПО көрмесінде "Ақылды үй" жобасын таныстырды
Украина ЭКСПО-ға электр өндіретін инновациялық жел генераторларын, ақылды үйі, күн концентраторлары мен жалюздер әкелді. Бұл туралы халықаралық мамандандырылған көрменің шеңберінде Украинаның Ұлттық күнін мерекелеу барысында Украина мемлекетінің вице-премьері Геннадий Зубко айтып берді.
Бұл ешқандай да мәдени шара не көрме емес, ресми - елордада өтіп жатқан «Астана» экономикалық форуымынан түсірілген суреттер. Сарайға кіргеннен-ақ көздің жауын алған ұлттық нақыштағы өрнектер, ұлттық бұйымдардар көңілімізді аудармай қоймады.
Парламент • 15 Маусым, 2017
Тоқаев: Жаңа министр қабылдаған әр мемлекеттік бағдарлама – игі тілектердің бағдарламалары
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Парламент Сенатының отырысы өтті., деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Агрис Прейманис: Біздің соңғы болжамға сәйкес Қазақстан экономикасы 2018 жылы 3,5% өседі
Еуропалық қайта құру және даму банкі қазір Қазақстанда жүріп жатқан реформаларды жалғастырып, тереңдету керек деп есептейді.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Астана банкі Қазақстан өңірлерінде IPO алдындағы роуд-шоуын жалғастыруда
Осы уақытқа дейін «Астана банкі» АҚ мен «Фридом финанс» өкілдері Астана, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе және Ақтау сынды қалалардың әлеуетті инвесторларымен кездесулер өткізді.
Парламент • 15 Маусым, 2017
Тоқаев Швеция Риксдагының Төрағасымен кездесті
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Риксдагының (Парламенті) Төрағасы Урбан Алинмен жұмыс бабында кездесті, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.
Бокс • 15 Маусым, 2017
Мырзағали Айтжанов: Олимпиададан екі салмақты алып тастау дұрыс емес
Жақында ғана Астанада бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир аяқталды. Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандық боксшылар 10 салмақтың тоғызында алтын жүлде алса, қыздарымыз Олимпиялық үш салмақта чемпион атанды. Турнирден кейін Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен аз-кем әңгімелесіп, пікірін білген едік.
Әдебиет • 15 Маусым, 2017
Өлеңде бір сөз болады өзгеше...
Өлең жазғанның бәрі ақын емес, ол түсінікті. Ақынның барлық өлеңі керемет болмайды, ол да түсінікті. Ал, шын ақынның өлеңінің ішінде өлең жазатындардың қаламына іліне бермейтін бір сөздер жүреді. Міне, нағыз ақын сол сөздерде тұрады.
Үкімет • 15 Маусым, 2017
Сағынтаев АЭФ алаңында танымал сарапшы-экономистермен кездесті
Х Астана экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АҚШ сарапшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, олардың қатарында экономист және жазушы Нассим Талеб, публицист әрі жазушы Джон Перкинс, Принстон университетінің тарих профессоры Харольд Джеймс бар, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Астанада араб мемлекеттері, Еуропа және ТМД елдеріне арналған Аймақтық форум өтті
Араб, Еуропа және ТМД мемлекеттері кіретін 40 елдің Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша ұлттық үйлестіруші орталықтары мен даму саласындағы институттар өкілдері өзара байланыс орнатудың Аймақтық форумына жиналды.
Қазақстан • 15 Маусым, 2017
Гүлшара Әбдіқалықова Польша Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикерімен кездесті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Польша Республикасы Парламенті Сенатының вице-спикері Мария Коц бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлады akorda.kz.
Президент • 15 Маусым, 2017
Елбасы ЭКСПО-дағы қауіпсіздік үшін алғыс білдірді
Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады, деп хабарлады akorda.kz.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жайы талқыланды
Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру бойынша алқалы жиын өтті.
Медицина • 15 Маусым, 2017
Электрондық медицина бойынша жаңа жобалар таныстырылды
Астанада «Қазақстанда электрондық денсаулық сақтауды дамыту» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Оған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Электрондық денсаулық сақтауды дамыту» республикалық орталығы бас директорының міндетін атқарушы Олжас Әбішев, «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясының басшысы Жанар Мұрзаханова мен БАҚ өкілдері қатысты.
Аймақтар • 15 Маусым, 2017
ОҚО-да барлық денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық ақпараттандыру жүйесі орнтатылатын болады