Соңғы жаңалықтар
Спорт • 25 Шілде, 2017
Біздің жігіттер шөгенді жатсынбайды
Аргентинаның ұлттық күні аясында латынамерикалықтар мен Қазақстан құрамасы шөген ойынынан жолдастық кездесу өткізді. Ат спортының бұл түрі Аргентинада жақсы дамыған. Ал біздің елде енді ғана қолға алынуда. Ат құлағында ойнаған жігіттеріміз тәжірибелі қарсыластармен тең дәрежеде ойын көрсеткенімен, 5:3 есебімен есе жіберді. Дегенмен шабандоздар кездесуден үлкен тәжірибе жинады.
Қазақстан • 25 Шілде, 2017
Маусым айында Астана қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайының бірнеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, оның «Рухани жаңғыру және шетелдегі қазақтар» деген айдармен өтуі. Екіншіден, құрылтай қонақтарының 80 пайызға жуығы бұрын қатыспаған жаңа адамдар болса, осылардың 60 пайыздан астамы 35-ке дейінгі жастар. Құрылтайға әлемнің 39 елінен делегат, оған қоса Қазақстанның барлық облыстарынан зиялы қауым өкілдері келді.
Аймақтар • 25 Шілде, 2017
Еңселі ескерткіштер сап түзеді
Барқытбелдің баурайында, қасиетті Тарбағатай жерінде, бұрынғы аудан орталығы – Ақжар өңірінде ел көңілін серпілткен бірқатар тағылымды іс-шаралар өтті.
Медицина • 25 Шілде, 2017
Ұлтты сақтап қалудың рухани тетігі
Белгілі француз ғалымы, мәдениеттанушы және философ Ж.К.Леви-Стростың заманамызға қатысты «ХХІ ғасыр – гуманитарлық ғылымның ғасыры болады, әйтпесе ол мүлде болмайды» деп айтқан батыл болжамы бар. Тәуелсіздік алғалы бері еліміздегі индустрияландыру үдерістері кезең-кезеңімен енгізіліп, жүйелі қолға алынғанына қарамастан, күткендегіміздей түбегейлі ментальды өзгерістер бола қоймады. Сондай-ақ индустрияландырудың осынау сатысы «алдымен экономика, одан кейін саясат» деген қазақстандық ұстанымның бүгінгі заман талабына сай ой сүзгісінен өтіп, санада қайта қаралуына шынайы сұраныс тудыруда. Бұл жағдайлар ел өміріндегі объективті өзгерістердің ендігі кезекте гуманитарлық мәселелерді қозғауға толықтай пісіп-жетілгендігін көрсетіп отыр.
Білім • 25 Шілде, 2017
Жаңа оқу жылындағы жаңалық қандай?
Жыл сайын елімізде Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Тамыз кеңесі» өтеді. Биылғы шара жаңа форматта жүзеге аспақшы. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаметінің директоры Шолпан Каринова айтты.
Бизнес • 25 Шілде, 2017
Аграрлық секторға ерекше серпін
Қазақстан экономикасында агроөнеркәсіп кешенінің алатын орны ерекше. Осы саланы дамыту арқылы халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті болу – басты ұстанымымыз. Қазірдің өзінде көптеген позициялар бойынша шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнімдер шығаруға қабілеттіміз. Ұлан-ғайыр даламызда ауыл шаруашылығын өркендетуге барлық жағдай бар. Осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың жаңа мемлекеттік бағдарламалары ұсынылып, 2021 жылға таман азық-түлік тауары экспортын 40 пайызға көбейту міндеті қойылып отыр.
Қазақстан • 25 Шілде, 2017
Сутекті энергия дамуының өзектілігі неде?
Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін бізге – ғылыми-жаратылыстану және техника салаларындағы ғалымдар мен мамандарға белсенді жұмыс атқару қажет.
Қазақстан • 25 Шілде, 2017
Жаңа туған шақалақтың салмағы 1,5 келіден аз болса, өте төмен деп есептеледі. Ал салмағы 1 келіге жетпей туған нәресте экстремальды оқиға саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымы бойынша дүниеге тірі келген 22 апталық, салмағы 500 грамнан сәл асатын «шалабайдың» өзі нәресте саналып, күтімге алынуы тиіс екен.
ЭКСПО-2017 • 25 Шілде, 2017
Кино • 24 Шілде, 2017
Үш фильм: адамзатқа ортақ тағдыр
XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің думанды мерекелік бағдарламалары тыншып, негізгі байқау бойынша алғашқы кинотуындылар көрсетілді.
Үкімет • 24 Шілде, 2017
Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.
Қазақстан • 24 Шілде, 2017
Астанада Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық байқауы басталды
ЭКСПО-2017 көрмесі аясында тағы да бір тамаша мәдени шара жүзеге асып отыр. Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен әлемге әйгілі өнер жұлдызы Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық байқауы басталды.
ЭКСПО-2017 • 24 Шілде, 2017
ЭКСПО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді
Бүгін сағат 12.58-де ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелген, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Шілде, 2017
Түркі жастарын жақындастыратын шара
«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Түркі кеңесінің халықаралық жазғы лагерінің қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Қазақстан • 24 Шілде, 2017
Қазақстан мен Қытай: қос елдің транзиттік әлеуеті талқыланды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында «Нұрлы жол» мен «Белдеу мен жол» бастамасы аясында екі ел арасындағы серіктестікті дамыту перспективасы» бойынша халықаралық дөңгелек үстел мәжілісі өтті.
Қазақстан • 24 Шілде, 2017
Дін істері және азаматтық қоғам министрінің кеңесшілері тағайындалды
Бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев ұжымға жаңа кеңесшілер Дүйсенов Арсений Кеңесұлы және Құлекеев Бақытжан Кеңесұлын таныстырды, - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Шілде, 2017
Николас Кейдждің Қазақстанға келуін бүкіл әлем талқылап жатыр (видео)
«Оскар» сыйлығының иегері, Голливудтың танымал актеры Николас Кейдж 22 шілде күні XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысу үшін Астанаға келген болатын.
Аймақтар • 24 Шілде, 2017
Атырауда қала маңындағы елдімендердің көшелерін асфальттау жұмыстары жалғасуда
Облыс орталығында автокөлік жолдарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 58,1 км болатын 70 көшеге асфальт төселді. Сонымен қатар ұзындығы 200 шақырымнан асатын 311 көшеде жұмыс басталады, - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Президент • 24 Шілде, 2017
Назарбаев Өзбекстан президентін туған күнімен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Шілде, 2017
«Tokyo Rope Almaty» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы тағайындалды
«Tokyo Rope Almaty» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы болып Румиль Тауфиков тағайындалды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Шілде, 2017
Темір жол бойына жаңа қоршаулар орнатылды
Республика өңірлерінде темір жол бойына малдардың шығып кетуін болдырмау мақсатында 60 шақырымға жаңадан қоршаулар орнатылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қаржы • 24 Шілде, 2017
Блокчейн технологиясы «индустриалды төңкеріс» жасай ала ма?
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы маусым айында өткен Х «Астана» экономикалық форумында халықаралық есептік төлем бірлігін енгізу мәселесін көтерген болатын. Ол валютаның қарапайым, пайдаланушыға бағынышты болуы тиіс екенін айтып, «Блокчейн» сынды технологиялардың дамуын, цифрландырылуды ескере отырып, криптовалюта түріндегі есептік бірлікті құруға болатынын атап өтті.
Польша президенті сот реформасына вето қоятынын айтты
Польша Президенті Анджеа Дуда дүйсенбі күні үкіметке Жоғарғы сот судьяларын зейнетке жіберу құқығын беретін заңға вето қоятынын айтты, - деп хабарлайды CNN журналисі Элиза Макинтош.
Аймақтар • 24 Шілде, 2017
ОҚО-да шыны шығаратын зауыт көмірқышқыл газын өндірмек
Оңтүстік Қазақстанда шыны ыдыстарын шығаратын «Еврокристалл» зауыты жұмыс істеу аясын кеңейтуді қолға алып, көмірқышқыл газын өндіруді бастамақ. Ол үшін кәсіпкерлер арнайы итальяндық құрылғыларды сатып алуды жоспарлап отыр. Зауыт қожайынының мәліметінше, көмірқышқыл газын сусындарды газдау үшін пайдалану көзделіп отыр, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Бокс • 24 Шілде, 2017
Қанат Ислам WBA рейтингінде екінші орынға көтерілді
Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) жаңартылған рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп жазды Vesti.kz.
Аймақтар • 24 Шілде, 2017
Даму үшін тұмшаланып жатып алу жарамайды. Инвестиция тарту, алыс-беріс, барыс-келіссіз алға жылжу болмақ емес. Алматы облысы шаруашылықтың барлық саласында осындай әріптестікті дамытуға күш салып келеді. Мүмкіндігі мол халықаралық деңгейдегі инвесторлар мен компанияларды ел экономикасының нығаюы үшін пайдалана білу де маңызды. Осы мақсатта облыс әкімі Амандық Баталов «Еуразиялық іскерлік кеңес» коммерциялық емес серіктестігінің үйлестіру кеңесінің төрағасы Олег Сосковецпен кездесті.
Аймақтар • 24 Шілде, 2017
Бір айда Астана өзендерінен 63 тонна қоқыс жиналды
Есіл өзені мен Ақбұлақ және Сарыбұлақ бұлақтары бір айда 63 тонна қоқыстан тазартылды. Оның жартысына жуығы тұрмыстық қалдықтар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Қазақстан • 24 Шілде, 2017
Жұмабек Кенжалинмен қоштасу Жазушылар одағында өтеді
«Қазақ газеттері» ЖШС-нің бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалинмен қоштасу рәсімі ертең, 25 шілде күні ҚР Жазушылар одағы ғимаратында өтеді, деп хабарлайды «Қазақ газеттері» ЖШС.
Аймақтар • 24 Шілде, 2017
Алматыдағы «Саяхат» маңында жол бағыты өзгереді
Алматыда Райымбек және Сүйінбай даңғылдарының қиылысындағы учаскеге көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізілді, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Шілде, 2017
Алматыда қарттарға арналған қайырымдылық шара өтті
Қамкөңіл қарттар мен ардагерлерді ардақтау баршаға ортақ міндет. Оларға материалдық көмек көрсетумен қатар рухани қамқорлық таныту әрдайым басты назарда болуға тиіс. Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қарттарына, Ауған соғысы ардагерлері мен ҰОС және еңбек ардагерлеріне арналып қайырымдылық көрсетілім өтті.