Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
Зейнеткер аштық құрбандарына белгі орнатты
Қостанай қаласының іргесінен ағатын Тобылдың жағасында Қостанай ауданына қарасты Алтын дала деген ауылдың шетінде үлкен зират бар. Бұрын осы зираттың орнында биік үйілген топырақ болады екен.
ЭКСПО-2017 • 27 Шілде, 2017
Салқындату жүйесі сұранысқа ие
ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығындағы Сингапур елінің павильоны ұлттық күнін мерекелегенін хабарлағанбыз. Аз уақытта экономикасын тіктеп, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналған мемлекет жұртшылыққа озық технологияларын ұсынды. Ұлтарақтай жері болса да ұлы державалармен иық тірестіріп отырған Сингапурдың табиғи ресурстары шектеулі. Сондықтан, бұл ел тәуел- сіздігін алған жылдардан бастап баламалы энергия көздеріне иек артып, инновацияны дамытуды қолға алған.
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағындағы Қытай павильонында Юньнань провинциясының күні өтті. Шара аясында Қазақстан мен Қытай өкілдері арасында іскерлік кездесулер мен келіссөздер ұйымдастырылды. Басқосуға қонақтар тарапынан Юньнань провинциясының халық конгресінің тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Ван Шуфэнь, Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй, ҚХР халықаралық сауда палатасының бас хатшысы Юй Цзаньпун және өзге өкілдер қатысты.
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
Тәуелсіздік жылдары өлкетану ісі жаңа бағытқа, жаңа мазмұнға бет бұрды. Атырау облысының тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы 2014-2016 жылдар аралығында өлкемізге қатысты тарихи деректерден тұратын «XVIII-XX ғасырлардағы Атырау тарихы мен мәдениеті – орыс дереккөздерінде» атты бес томдық деректер жинағын шығарды.
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
Бауырлас елмен байланыс нығая береді
Чолпон-Ата қаласында Қазақстан және Қырғызстан ішкі істер министрліктерінің Бірлескен екінші кеңесі өтті деп хабарлады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 27 Шілде, 2017
Қарағандыда ескі көліктерді қайта өңдейтін зауыт іске қосылды
Бүгін Қарағандыдағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында істен шыққан ескі автокөліктерді қайта өңдейтін «RecyclingCompany» ЖШС зауыты құрылысының бірінші кезеңі іске қосылды. Ендігі уақытта еліміздің кез келген азаматы іске жарамсыз темір тұлпарларын ескі көліктерді қабылдайтын арнайы орындарға тапсырып, ақысын ала алмақ.
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Сингапурдың Қазақстандағы резидент емес елшісі Зулкифли бин Бахарудинмен кездесті.
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
Бағдар – нақты, мақсат – айқын
Бес институттық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында әлеуметтік салаларды дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктелгені белгілі.
Футбол • 27 Шілде, 2017
Жозе Моуринью – әлем футболындағы әйгілі есім. Білікті футбол маманы, қазір «Манчестер Юнайтед» футбол клубының бас бапкері. Оның шалт мінезі мен тіке айтатын өтімді жауаптары әлем ақпаратының аузында.
ЭКСПО-2017 • 27 Шілде, 2017
Коста-рика қазақтарды қонаққа шақырды
ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында Коста-Риканың ұлттық күні мерекеленді. Табиғаттың қуатын таңдаған елде өндірілетін энергияның 98 пайызы баламалы қуат көздеріне тиесілі. Сондықтан, латынамерикалықтар ЭКСПО көрмесіне қызығушылық танытып, осы салада жеткен жетістіктерімен бөлісуге арнайы келген.
Сам даласындағы ескерткіштер елеусіз қалмасын
Тау-тау сары алтындай Сам құмы – Сабыр ақын тілімен айтсақ, талай тарихты ішіне бүккен «бөтеке құмдар».
Әдебиет • 27 Шілде, 2017
Қардыбай жездем қалжыңбас адам. Ауыл арасында «Қардыбайдың қағытпалары» деген желілес әзіл-қалжың әңгімелер желдей есіп жүретін.
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
«ЕУРАЗИЯ-2017» халықаралық кинофестиваліне қатысушы режиссерлермен баспасөз мәслихаты өтті
Ұлы Дала империясын құдіретпен негіздеген Шыңғыс ханның керемет қабілет-әрекеттермен мұздай қарулануы, өзі тапқан-таныған өнерін, өнегесін, тәжірибесін мемлекет басқару ісінде даналықпен қолдана білуі, 1206 жылы мамыр айында Онон өзенінің бас-тауында Керуен-Сарайда баһадүрлер, көсемдер, ағыл-тегіл шұбырған тайпалар, палуандар, құсбегілер, атбегілер, жыршылар жиналып, Ұлы құрылтай ұйымдастырып, ескі заңдарды іріктеп-сұрыптап, таңдамалыларын біртұтас жүйеге түсіріп, саяси-тарихи, әскери, құқықтық-конституциялық құжат «Ұлы Жасақты» мәлім етуі – міне, заманалық тұлғаның осындай бай, байтақ эпикалық шежіресі түгесілмейді.
Кезінде Уинстон Черчилльдің айтқан: «Біреуге жасағаның өзіңе қайтып келеді» деген нақыл сөзін көпшілік жақсы білетіні анық. Мұны ол ойынан шығарып айтпағаны және мәлім. Өз басынан өткен оқиғадан өмірлік қағида түйгені дейміз.
Oның күрделі жөндеуіне қомақты қаржы жұмсалғанымен, қазіргі кейпіне қарап қалпына келтірілді дегенге сену қиын
Қазақстан • 27 Шілде, 2017
Жаңа қазақстандық арманға қол жеткізудің бағдары ретінде белгіленген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысын халыққа уақытылы жеткізіп отыру тиісті мемлекеттік органдардың басты міндеттерінің бірі.
Футбол • 26 Шілде, 2017
Яцек Магера: Варшавада «Астананы» жеңу үшін барымызды саламыз
Бұл ойын біз үшін өте ауыр өтті. Бәрі ойлағанымыздай болмады. Бізге жасанды алаңда доптың жылдамдығына үйрену үшін аздап уақыт қажет болды. Михал Кухарчиктің гол соғатын мүмкіндіктері болған. Бірақ пайдалана алмады. Ал екінші голды біз жібермеуіміз керек еді. Болмашы жерден кіріп кетті. Үзілісте қандай тактика қолданып, кімді алмастыратынымызды ақылдастық. 46 және 49-минуттарда кемінде бір гол соғуымыз керек болатын. Бірақ бұл жолы да сәттілік жолдас болмады. Артынан «Астананың» мүмкіндігі туды. Олар да пайдалана алмады. Бұл матчта «Астана» үздік болғаны анық. Дегенмен алда Варшавада 90 минут күтіп тұр.
Медицина • 26 Шілде, 2017
Айдос Сарым: Жаңа әліпбиге өту – ұлттық нартәуекел
Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланып, қоғамда талқыланып жатқанына үш айдан астам уақыт өтті. Бұл ретте Елбасының мақаласында атап көрсетілген бағыттарға қатысты қоғамда ұлттық консенсус толық қалыптасты десек, латын қарпіне өту туралы мәселеде әлі де болса қобалжу бар сияқты. Осыған орай баспасөзде, Интернет пен әлеуметтік желілерде айтылған сыни пікірлерге, нақты сұрақтарға, жұрт ішіндегі күдік пен күмәнге нақты жауап беріп, латын қарпіне көшуді қолдайтын қауым атынан нақты пікір айтатын кез келді деп ойлаймын.
Футбол • 26 Шілде, 2017
Стойлов: Мүмкіндіктеріміздің жартысын ғана пайдалана алдық
"Астана" футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Польшаның "Легия" командасына қарсы ойыннан кейін өз ойымен бөлісті.
Футбол • 26 Шілде, 2017
"Астана" алғашқы ойында "Легиядан" басым түсті
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Астана" өз алаңында Польшаның "Легия" командасын қабылдап, 3:1 есебімен басым түсті.
ЭКСПО-2017 • 26 Шілде, 2017
Испандық көше театры EXPO-2017 көрмесінде
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Испания корольдігі үстіміздегі апта бойы көрермендерге әдемі шоу сыйлауда.
Қазақстан • 26 Шілде, 2017
Украина мен Қазақстан қатынасының орнағанына 25 жыл толды
Орталық коммуникациялар қызметінде Украина мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдағы мен даму тарихына арналған баспасөз конференция өтті.
Үкімет • 26 Шілде, 2017
Бағдар – нақты, мақсат – айқын
Бес институционалды реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында әлеуметтік салаларды дамытуға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктелгені белгілі. Осыған байланысты кеше Үкіметте баспасөз мәслихаты өтіп, онда Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап берді.
Аймақтар • 26 Шілде, 2017
ОҚО-ның сыртқы тауар айналымы 928 млн АҚШ долларын құрады
ОңтүстікҚазақстаноблысының сыртқы тауар айналымы осы жылдың жарты жылында 928 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 169 млн. АҚШ долларына өсіп отыр. Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен баспасөз мәслихатында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев мәлім етті.
ЭКСПО-2017 • 26 Шілде, 2017
Испания Корольдігі павильоны 200 000 қонағын қарсы алды
Кеше EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі бел ортасынан асты.
Бокс • 26 Шілде, 2017
Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды
Бокстан 2019 жылғы әлем біріншілігі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан • 26 Шілде, 2017
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне 25 пайыз үстеме жалақы төленеді
2019 жылдан бастап ағылшын тілінде өтетін пәндердің мұғалімдеріне 25 пайыз үстеме жалақы төленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әлеуметтік және білім салаларында жүзеге асырылуына арналған брифингте Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 26 Шілде, 2017
Оңтүстіктегі шағын несие ұйымы 16 мыңға жуық жобаны қаржыландырды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ырыс» Микроқаржы ұйымы 2006-2017 жылдар аралығында жалпы соммасы 27,6 млрд. теңгені құрайтын 15731 жобаға қолдау көрсеткен. Қаржы ұйымынан қолдау тапқан жобалардың іске асуының нәтижесінде 13 383 жаңа жұмыс орны ашылған.