Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Ұлттық гвардияның қатарын 200 жас сарбаз толықтырды
Семейдегі 5511 әскери бөлімінің қатарына Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы және Жамбыл облыстарынан келген 200 жас сарбаз келіп қосылды.
Әлем • 17 Шілде, 2017
Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада каллиграфия көрмесі өтті. Шарада Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан Ислам тарихы, өнер мен мәдениет ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған халықаралық байқау жеңімпаздары мен қатысушыларының туындылары ұсынылды.
Бизнес • 17 Шілде, 2017
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,5 % деңгейінде сақтап қалмақ
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/-1 пайыз дәлізімен 10,5 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
ҚР Омбудсмені елдегі Православ шіркеуінің басшысымен кездесті
ҚР Омбудсмені Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен бірге елдегі рухани және қоғамдық өмірдің өзекті мәселелерін талқылады. Бұл туралы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі хабарлады.
Футбол • 17 Шілде, 2017
Стойлов: Алдымен «Спартактан» айламызды асырумыз керек
«Астана» футбол клубының бас бапкері Станимир Стойлов Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі латвияның «Спартак» командасына қарсы матч алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басшысы қызметінен кетті
«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы, директорлар кеңесінің шешімімен тараптардың келісімі бойынша басқа қызметке ауысуына байланысты басқарма төрағасы Ерлан Сапарғалиұлы Ыдырысовтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлады primeminister.kz.
Парламент • 17 Шілде, 2017
Сенаторлар Батыс Қазақстанда кездесулер өткізуде
Парламент Сенатының депутаттары Е.Мұқаев пен Н.Төреғалиев Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлады аталған палатаның баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Рухани жаңғыру – басты тақырып
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген мәселелер мен ұсынылған бағдарламалар күн өткен сайын жер-жерде талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. Осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Дархан Мыңбай бастаған топ Алматы облысына келді.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
«Астана» ХҚО мен Malaysia Debt Ventures Berhad компаниясы Ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Бүгін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) GreenTech Catalyst Sdn Bhd (Малайзия) бірлесіп бір аптаға созылатын семинарды ұйымдастырды. Ислам қаржыландыруы мен жасыл қаржыландыруға арналған семинар Малайзия павильонында 23-шілдеге дейін созылады.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
ОҚО-дағы тоқыма иіру-ширату фабрикасы жұмысын бастады
Еліміздегі тоқыма өндірісіндегі көшбасшылардың бірі - «OxyTextile» ЖШС-і жұмыс аясын кеңейтті. Бұл мақсатта «Azala Cotton» мен «OxyTextile» ЖШС-і барлық мүліктік кешенін біріктіріп, «Azala Cotton» ЖШС болып қайта құрылып отыр, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Алматы облысында дуатлоннан жарыс өтті. Өңір бойынша тұңғыш ұйымдастырылған таңсықтау спорт түрінің әлем бойынша дами бастағаны да күні кеше ғана. Дуатлонның шарты – адғашқы белгілі қашықтық жаяу жүгіруден, одан соңғы аралық велосипедпен, үшінші, соңғы этап қайтадан жүгірумен түйінделеді. Екі спорт түрін біріктірген спорт кез келген адамның қатыса алатындыңымен ерекшеленеді.
Мамандықты тек грант үшін таңдау дұрыс па?
Жаз айлары біреу үшін демалыс болса, мектеп түлектері мен олардың ата-аналары үшін уайымға толы кезең. Алдымен жыл бойы қорқа күткен ҰБТ-ға қатысады, одан кейін мамандық таңдап, құжат тапсырады, соңынан конкурс нәтижесін тағатсыздана күтеді. Бұл күндері аталған үш уайымның біреуі өте өзекті болып тұр – түлектер мемлекеттік грант конкурсына құжат тапсыруда. Осы орайда, қайтсем де грант иеленуім керек деп жүрген жастар өте көп. Бұлай ойлау дұрыс па, әлде қателік пе – осы жайлы ой қозғауды жөн көрдім.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Алдағы күндері Қазақстанда жауын-шашын болады
18-20 шілдеда еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр және найзағай болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Қазақстан халқы бір жылда 239,2 мың адамға көбейді
Еліміздің халқы бір жылда 239,2 мың адамға көбейді. Дегенмен дүниеге келген балалардың саны 6,2%-ға азайып кеткен, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Президент • 17 Шілде, 2017
Назарбаев Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымымен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастормен кездесті, деп хабарлады akorda.kz.
Президент • 17 Шілде, 2017
Елбасы Испанияның Католиктік Изабелла Орденімен марапатталды
Мемлекет басшысына Испания Королі VI Фелипенің атынан Католиктік Изабелла Орденін Испания Корольдігі Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор табыс етті, деп хабарлады akorda.kz.
Медицина • 17 Шілде, 2017
Биыл Атырауда 492 бала шала туған
Атырауда айы-күні жеткен әр бесінші әйел баласын кесарь тілігі арқылы өмірге әкеледі. Тіпті қазір толғақтың азабын ауырсынып, ота жасатуды сұрайтын аналар қатары көбейді. «Әйел денсаулығы үшін кесарь тілігінің кесірі көп» дейді дәрігерлер.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
ОҚО-да 4,7 млрд теңгеге 7 нысан салынады
Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы уақытта мемлекеттік-жекешілік әріптестігі аясында жалпы құны 4,7 млрд. теңгені құрайтын 7 нысан бой көтеретін болады. Қазірдің өзінде 2 балабақша мен 500 орындық емхананың құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Бұдан бөлек, 11 жобаға конкурс жарияланыпты. Бүгін бұл туралы облыстық әкімдікте өткен жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Айыртау ауданында бірнеше нысан ашылды - СҚО
“ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесі аясында Айыртау ауданында бірнеше туристік және сауда нысандары бой көтерді.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
СҚО-да «Ақ бидай-2017» ауыл спорты ойындары өтті
Мамлют қаласында өткен «Ақ бидай-2017» ауыл спорты ойындары үш күнге созылып, өз мәресіне жетті.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Астанада Атырау облысының мәдениет күндері басталды
Бүгін «Астана» концерт залында «Атырау облысының Астанадағы мәдениет күндері» аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі ашылды.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Қызылорда облысында шекара заставасына Жанқожа батыр есімі берілді
ҚР Үкіметінің Қаулысымен «Оңтүстік» өңірлік басқармасы 2019 әскери бөлімінің «Қызылқұм» шекара заставасына және Қармақшы ауданындағы №269 орта мектепке ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, отаршылдарға қарсы Сыр бойындағы халық көтерілісінің басшысы, қазақ даласының қас батыры - Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі берілді.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Өңірлік семинар діни радикализмнің алдын алуға арналды
Діни радикализм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері Атырауда өткен өңірлік семинарда айтылды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев діни қатынастар мәселесі айрықша назар аударуды қажет ететінін атады. «Адамның діндарлығы діни мәдениет қалыптастыру қарқынынан озып кету мүмкіндігін көріп отырмыз. Бұл радикалды идеологияны қабылдау бейімділігінің артуына ықпал етеді, сондықтан діндарлықтың жедел өсуі потенциалды қауіп-қатерге әкеледі», - деді министр.
ОҚО-да трансформатор зауыты іске қосылады
Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Asia Trafo» ЖШС-і қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаруды қолға алғалы отыр. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысанды іске қосу жұмыстары 2018 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Бокс • 17 Шілде, 2017
Головкинге қарсы дайындықта Альвареске қазақстандық боксшы көмектеспек
Жуырда қазақстандық кәсіпқой боксшы Бобыржан Момынов мексикалық боксшы Сауль Альварестің Геннадий Головкинге қарсы өтетін кездесуіне спарринг-серіктес ретінде көмектесетіні туралы ақпарат шыққан болатын. Осыған орай, жартылай орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз Бобыржанға хабарласып, мән-жайды сұраған болатынбыз.
Технология • 17 Шілде, 2017
WhatsApp жаңа қызметін іске қосты
WhatsApp мессенджері қолданушыларға кез келген құжатты бөлісуге мүмкіндік беретін жаңа қызметін іске қосты, - деп хабарлайды Mashable.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Қарағанды қаласына күн көзінен қуат алатын көше атаулары жазылған тақтайшалар орнатылып жатыр. Көше үйлеріне жалпы екі жарым мың тақтайша орнатылады, оның 900-і жанында орнатылған күн батареяларының арқасында жарықтандырылып тұрмақ. Әзірге мұндай аншлагтар қаланың орталық көшелеріне жоспарланыпты. Басқа жерлерде олар электр желісіне қосылады.
Қаржы • 17 Шілде, 2017
Бюджет қаражаттарын желге ұшырды
Бүгінгі күннің басты талаптарының бірі – кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігін көтеру. Соның ішінде бюджеттен бөлінген қаражаттардың үнемді әрі ұқыпты жұмсалуының маңызы жоғары. Алайда, Ақтөбе облыстық білім басқармасына қарасты кәсіптік-техникалық білім беру колледждерінде бұл талаптар белден басылып келгені аудиттік тексерулер барысында анықталды.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Egov қызметтерінің топ бестігі белгілі болды
2017 жылғы бірінші жартыжылдықта электрондық үкімет порталы арқылы азаматтарға 18 млн астам қызмет көрсетілді. Бұл ретте, танымал қызметтердің бестігіне «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» енді, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.
Әлем • 17 Шілде, 2017
Нигериядағы мұнай қоймасында өрттен 30 адам қаза тапты
Нигерияда Калабар еркін сауда аймағындағы мұнай қоймасында жарылыс болып, 30-дан астам адам қайтыс болып, тағы соншама адам түрлі дәрежедегі күйіктер алды.