Соңғы жаңалықтар
Медицина • 17 Шілде, 2017
Қазақстанның егемен ел болған 25 жылдық мерейтойын атап өткенімізге де көп уақыт бола қойған жоқ. Ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар аңсаған тәуелсіздігін жақындаттырған, сол үшін еңбек еткен азаматтар баршылық. Соның бірі һәм бірегейі Жаманқұл Шайдаров еді десем қателеспеспін.
ЭКСПО-2017 • 17 Шілде, 2017
Жәшіктер толғанын өздері «хабарлайды»
ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығының әр бұрышына «ақылды» қоқыс жәшіктер орнатылған. Төңіректің тазалығын сақтау үшін арнайы жасақ жұмылдырылған. Сонымен қатар, электр қуатымен жүретін 9 шағын жүк көлігі де бар. Шара басталғалы бері 9 мың тоннадан астам қоқыс шығарылыпты.
ЭКСПО-2017 • 17 Шілде, 2017
Кілем – сақ мәдениетінің бір бөлшегі
Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында «Тәуелсіздік» сарайында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің «Сақ мәдениеті» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Онда көпшілікке «Алтын адамның» құпиясымен, Жетісу сақтарының жаңа табылған археологиялық олжаларымен, дүниедегі ең көне «Пазырық кілемімен» және «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі, әйгілі археолог Б.Нұрмұханбетовке арналған фотокөрмемен танысуға мүмкіндік бар.
ЭКСПО-2017 • 17 Шілде, 2017
Польшалық инвесторлар «Астана – жаңа қала» экономикалық аймағында болып, индустриалды саябақтағы зауыттардың жұмыс барысымен танысты. «Астана Инвест» инвесторларға қызмет көрсету орталығының өкілдері шетелдік меймандарға жер телімі инфрақұрылымы мен салықтағы жеңілдіктер туралы толық мағлұмат берді.
Медицина • 17 Шілде, 2017
Абаев Қазақстан еріктілеріне арналған әлеуметтік роликпен бөлісті
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасы арқылы еліміздің еріктілеріне арналған әлеуметтік роликпен бөлісті.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Тараздық студенттер ұлттық дәстүрді ұлықтауда
Халықтық қолөнерді насихаттау мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан ашылған Сән орталығында студенттер ұлттық нақыштағы ерекше киім үлгілерін тігудің қыр-сырымен танысып, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдауда, деп хабарлайды оқу орнының ақпараттық-имидждік қызметі.
ЭКСПО-2017 • 17 Шілде, 2017
Кариб өнері көрме думанын қыздырды
ЭКСПО қалашығында Кариб теңізі елдері ұлттық күндерін атап өтті. Салтанатты шарада халықаралық бірлестіктің туы көтеріліп, оған мүше мемлекеттердің, мәдени бағдарламасы көрсетілді.
ЭКСПО-2017 • 17 Шілде, 2017
Чех елі көрме аумағында ұлттық күнін мерекеледі
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Петропавл әскери институтына жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен Ұлттық ұлан Петропавл әскери институтының басшысы болып Серікхан Әбселемов тағайындалды.
Жекпе-жек • 17 Шілде, 2017
Қазақстан каратэ-додан Азия чемпионатында 8 «алтын» алды
Астанада шығыс жекпе-жегінің ең тартысты спорт түрлерінің бірі каратэ-додан Азия чемпионаты мәреге жетті. Жарыста Қазақстан құрамасы сегіз алтын медаль еншіледі деп жазады Sports.kz.
Әлем • 17 Шілде, 2017
Түркиядағы оқиғаны еске алу жиыны өтті
Астанадағы Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінде 2016 жылдың шілде айында түрк елінде орын алған төңкеріс әрекетінің бір жыл толуына арналған еске алу жиыны өтті.
Әлем • 17 Шілде, 2017
Венесуэладағы дағдарыстың сыры неде?
Ең қажетті тауарлардың тапшылығы, өршімелі инфляция, жабық шекаралар, өз саяси қателерінің кесірінен қаражатсыз қалған социалистік үкімет: қазіргі Венесуэланың жағдайы Кеңес Одағының соңғы кезеңдеріне әбден ұқсас. Алайда, КСРО жалпы алғанда ірі жанжалсыз қирап қалса, латынамерикалық елдегі төрт айға жуық уақыт бойы тоқтамай өтіп жатқан наразылық акциялары мен қақтығыстардың салдарынан 90-нан астам адамның өмірі қиылды деген дерек айтылады.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
«Жол жүрісі туралы» Заңға бірқатар өзгерістер енді
2017 жылдың 3 шілдесінде Мемлекет басшысы жол жүрісі саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Бизнес • 17 Шілде, 2017
Польшалық инвесторлар елімізге қызығушылық танытуда
Қазақстанға инвестиция тарту мақсатында «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы мен Польша делегациясы арасында кездесу өтті. Алыстан ат терлетіп келген қонақтар елімізде инвесторларға жасалған жағдаймен танысып, оны жоғары бағалады. Сондай-ақ, қонақтар «Selena Group» компаниясының жұмысымен танысты.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Дін істері және азаматтық қоғам министрі түсініктеме берді
Дін істері және азаматтық қоғам министрі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін азаматтықтан айыру мүмкіндігін қарастыратын заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы түсініктеме берді.
Парламент • 17 Шілде, 2017
Депутаттық куәліктер тапсырылды
Орталық сайлау комиссиясында (ОСК) Мемлекет басшысының 2017 жылғы 13 шілдедегі Жарлықтарымен тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу жөніндегі ОСК-ның кезекті отырысы өтті.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Екіжақты байланыстардың келешегі зор
Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мен Чехия Республикасы Парламенті депутаттары палатасының вице-спикері Войтех Филиппен кездесіп, екі ел парламенттерінің ынтымақтастығын дамытудың басым бағыттарын талқылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Бокс • 17 Шілде, 2017
«Астана арландары»: жігерлі команда жеңіске жетеді!
Сенбі күні елордадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы финалы өтті.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Астанада үлескерлерді қолдау орталығы құрылды
Орталықтың жұмысы өтініштер мен шағымдарды қабылдауға, өтінімдерді, қылмыстық, əкімшілік және азаматтық істерді (оның ішінде жауаптардың көшірмесін беру) қарау туралы мәлімет беруге, тұрғын-үй құрылысында үлескерлік қатысу саласындағы қолданыстағы Заңнаманы түсіндіруге бағытталған, деп жазады әкімдіктің ресми сайты.
Бокс • 17 Шілде, 2017
Мен мұндай жекпе-жекті 20 жыл күттім - Головкин
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин қыркүйекте болатын мексикалық Сауль Канело Альвареспен жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Әдебиет • 17 Шілде, 2017
Латын әліпбиіндегі кітаптар таныстырылды
«Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысы «Men qoldaimyn» деген тақырыппен түрлі шаралар өткізуді бастап кетті. Қозғалыс мүшелері алдымен елордадағы Ұлттық академиялық кітапханамен бірлесіп, латын әліпбиінде шығарылған кітаптардың көрмесін өткізді.
Бизнес • 17 Шілде, 2017
Ауылшаруашылық кооперативтері қалай қаржыландырылады?
Елбасы алдағы 5 жылдың ішінде 500 мыңнан астам үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге біріктіру міндетін қойды. Осыған орай, Үкімет Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекітті, оның негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенінің өнімін нарыққа шығару болып табылады.
Үкімет • 17 Шілде, 2017
Индустриялық-инновациялық даму барысы қаралды
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Ерейментау өңірінің солтүстік шығысындағы қыратты далада Қоянды-Қойтас деген жер бар. Ол үлкен-кіші шар секілді мың сан түрлі тастар шашырап жатқан алқап. Ертеде мұнда Қашқын атты батыр өмір сүріп, садақшы сарбаздарына мына жықпыл-жықпыл қойтастарды жау оғынан өздеріне қалай қалқа қылуды үйреткен деседі.
Медицина • 17 Шілде, 2017
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Қалалардың қалыпты дамуы қашанда маңызды
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында елордада «Жаһандық мәселелерге жауап ретінде қалаларды тұрақты дамытудың жаңа бағдарламасы» деген атаумен ТМД-ның астаналары мен ірі қалаларының халықаралық ассамблеясының XXV сессиясы өтті. Алқалы кеңесте қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер жағдайында қаланың кешенді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша инновациялық шешімдерді іздестірудің мәселелері талқыланды.
Медицина • 17 Шілде, 2017
Алла тағала жаратқан пендесіне жамандық тілемейді. Бірақ адамның өзі адасайын десе, не шара. Әсіресе, дұрыс жолды біле тұрып, қасақана бағытын өзгертсе, сөйтіп өзгелерге зиянын тигізетін теріс ниетті таңдаса – адасудың нақты белгісі сол болмақ. Демек, өзгелердің арбауына алданып, теріс жолға түсудің салдары кешірімге жатпайды. Өйткені, бұл жолда ол адам талайға зиян да, қауіп-қатер де төндіретіні күмәнсіз.
Медицина • 17 Шілде, 2017
Нарушима Минами: Домбыра өмірге құштарлығымды оятты
Қазақтың дәстүрлі әндері мен күйлерін күн сайын тыңдап сол туралы жазбаларын ғаламторға түсіріп отыратын жанды білесіз ба? Бала кезінен ән-күйдің ырғағымен тәрбиеленіп, болмаса кәсіби музыкант болса бір сәрі. Ал қазақтың өнерімен бертінде танысқан оның үстіне басқа ұлт өкілі болса ше. Таңданасың және ризашылық білдіресің. Нарушима Минами осындай жан. Ол әрбір қазақ әншісінің өзіндік ерекшеліктеріне мән берумен қатар, жыршы-жыраулар шығармаларын, ұлттық аспаптарды зерттеумен айналысады. Жақында сол Минами санмен әңгімелесу сәті түскен еді.
Ұлттық рухты жоғалтпау – ұлағатты парыз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», деген болатын. Бұл болашақтың мамандарын даярлайтын мұғалімдер мен оқытушылар қауымы үшін жауапкершілікті бұрынғыдан да арттыра түседі.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Жаңғырудың негізі – тұрақтылық
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қазақ мемлекеттілігін нығайтып, оны дамыту бағытында жүргізілген қыруар жұмыстар бүгінгі күнмен үндесіп жатыр.