Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Берекелі күз айлары да таяп қалды. Биылғы ауа райы еліміздің диқандары үшін күрделі болатын түрі бар. Табиғат бұрын-соңды болмаған тосын мінез танытуда. Бір жерде жұмыртқадай бұршақ жауса, екінші бір жерде күн күйдіріп тұр. Осыған қарағанда, өсіп келе жатқан астықты шашпай-төкпей жинап алу оңайға соқпайтын секілді.
Президент • 17 Шілде, 2017
Шығыс Қазақстанның даму қарқыны қуантады
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды. Мемлекет басшысы облыс орталығы – Өскемен қаласындағы «Нұрлы жол» саябағының ашылу салтанатына қатысып, өңірдегі қоғамдық ұйым өкілдерімен жүздесіп, Глубокое ауданындағы «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.
Қазақстан • 17 Шілде, 2017
Беларусьте жұмыс сапарымен болды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Шілде, 2017
Бұл жәрмеңке бұрынғыдан бөлек еді. Қостанайдағы Сити-орталықта Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының облыстық және қалалық әкімдіктермен бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауының өңірлік сатысы – көрме-жәрмеңке өтті. Оған облыстан 24 кәсіпорын қатысты.
Аймақтар • 16 Шілде, 2017
Тарбағатайда ұлы Абай мен Дәулетбай батырға еңселі ескерткіш қойылды
Кеше Барқытбелдің баурайында, қасиетті Тарбағатай жерінде, бұрынғы аудан орталығы – Ақжар өңірінде елдің көңілін серпілткен бірқатар тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазақстан • 16 Шілде, 2017
Астанада Сыр өңірінің жәрмеңкесі өтті
Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл жәрмеңке биыл осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқысы 3-4 маусым күндері ұйымдастырылған болатын.
Аймақтар • 16 Шілде, 2017
Өскеменде жас инспекторлардың республикалық слеті өтіп жатыр
Өскеменде балғын инспекторлардың бәсекесі басталды. Ғазиз Байтасов атындағы жас инспекторлар қозғалысының 17-ші республикалық слеті 9 күнге созылатынын айтады ұйымдастырушылар.
Кино • 16 Шілде, 2017
Қазақстандық актер Владимир Толоконников дүниеден озды
Бүгін түнде қазақстандық актер Владимир Толоконников дүние салды.
Аймақтар • 16 Шілде, 2017
Алакөл жағасында дуатлон жарысы басталды
Алматы облысындағы Алакөл жағалауында дуатлон жарысы басталды. Алғаш рет ұйымдастырылған шараға Мəдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ыбрайымов, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс медаль иегері Әділбек Ниязымбетов, әнші Жеңіс Сейдолла сынды бірқатар азаматтар арнайы келді.
Аймақтар • 16 Шілде, 2017
Қызылорда облысында құс фабрикасы салынып жатыр
Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылында жылына 1500 тонна дайын өнім шығаратын құс фабрикасының іргетасы қаланды.
Аймақтар • 15 Шілде, 2017
Оңтүстік Қазақстанда су электр станциясы іске қосылды
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданында «Манкент» шағын су электр станциясы іске қосылды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Бокс • 15 Шілде, 2017
«Астана арландары» ‒ үш дүркін чемпион!
«Астана арландары» Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) ақтық сынында «Куба қабыландарынан» айласын асырып, жетінші маусымының жеңімпазы атанды.
Қазақстан • 15 Шілде, 2017
Түркі жастарының халықаралық лагері өз жұмысын аяқтады
Бүгін Түркі кеңесі халықаралық жастар лагері өз жұмысын қортындылады. Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан мен Түркиядан келген 100-ден астам жастың басын қосқан лагерь бір апта ішінде бірнеше семинар ұйымдастырды.
Бокс • 15 Шілде, 2017
WSB: Асланбек Шымбергенов таразы басын теңестірді
Оныншы болып ринге көтерілген Асланбек Шымбергенов қарсыласы Роньель Иглесиас Сотолонгоны жеңіп, жалпы есепті теңестірді.
Бокс • 15 Шілде, 2017
WSB: Зәкір Сафиуллин Лазаро Альваресті ұтып кетті
Шаршы алаңға тоғызыншы болып көтерілген Зәкір Сафиуллин кубалық Лазаро Альварестен айласын асырып, есепті 5:4-ке дейін қысқартты.
Бокс • 15 Шілде, 2017
WSB: Олжас Боқаев тәжірибелі қарсыласын қапы қалдырды
Аса ауыр салмақта рингке шыққан Олжас Боқаев тәжірибелі кубалық боксшы Йоанди Тойракты тас-талқан етіп ұтты.
Аймақтар • 15 Шілде, 2017
Қызылорда облысында 268 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қызылорда облысында 268 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64 пайызға артық.
Бокс • 15 Шілде, 2017
WSB: Олжас Cәттібаев қарсыласынан айласын асыра алған жоқ
«Астана арландарының» капитаны, 52 килограмда шаршы алаңға шыққан Олжас Сәттібаев қарсыласына есе жіберді.
Бокс • 15 Шілде, 2017
WSB: Арман Рысбек Олимпиада чемпионы Ла Крузға есе жіберді
Финалдың екінші бөлігінде шаршы алаңға алғаш болып Хулио Сезар Ла Круз бен Арман Рысбек көтерілді. Тәжірибесі мол, Олимпиада чемпионы Ла Круз Арманға еш мүмкіншілік бермей, 3:0 есебімен басым түсті.
Қазақстан • 15 Шілде, 2017
Абаев: Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрылады
Қазақстанда әлеуметтік роликтер базасы құрылып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі өзінің парақшасында жазды.
ЭКСПО-2017 • 15 Шілде, 2017
Милан Штех: ЭКСПО-2017 тақырыбы Чехия Республикасы үшін өзекті
Бүгін ЭКСПО-2017 аумағында Чехия Республикасының Ұлттық күні аталып өтті. Іс-шараға ресми өкілдерден Чехия Парламенті Сенатының Төрағасы Милан Штех, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов қатысты.
Бокс • 15 Шілде, 2017
WSB: «Куба қабыландары» алға шықты
Ұлттық құрама сапынан «Арландарды» күшейтуге қосылған Аманқұл Әбілхан қарсыласы Рио Олимпиадасының чемпионы Арлен Лопезтен айласын асыра алмады.
Бокс • 15 Шілде, 2017
WSB: Ақтық бәсекенің есебі теңесті
64 килограмда сынға түскен кубалық Энди Круз килодағы биылғы жобаның дебютанты Ділмұрат Мижитовтен басым түсіп, ақтық ойындағы есепті теңестірді.
Бокс • 15 Шілде, 2017
WSB: «Куба қабыландары» финалдық бәсекедегі есепті қысқартты
Шаршы алаңға үшінші болып шыққан Эрисланди Савон «Арлан» Антон Пинчукті 3:0 есебімен жеңіп кетті.
Бокс • 15 Шілде, 2017
WSB: «Арландар» екінші жекпе-жекте жеңіске жетті
«Астана арландары» финалдық кездесудегі қорытынды есеп санын 2:0-ге жеткізді.
Аймақтар • 15 Шілде, 2017
Таразда архив құжаттарының көрмесі өтті
Жамбыл облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен облыстық көрме залында «Мөр – тарих таңбасы» атты архив құжаттарының көрмесі мен дөңгелек үстел өтті.
Бокс • 15 Шілде, 2017
WSB: «Арландар» финалдық кездесуді жеңіспен бастады
Дәл қазір Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы финалдық жекпе-жегі өтіп жатыр.
Аймақтар • 15 Шілде, 2017
Түркістанда шағын аудан бой көтеріп келеді
Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан қаласын дамыту мақсатында соңғы жылдары кешенді жобалар қолға алынып келеді.
Қазақстан • 15 Шілде, 2017
Астанада Қызылорда облысының жәрмеңке күндері өтуде
ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Астана қаласында Қызылорда облысының жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл жәрмеңке биыл осымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқысы 3-4 маусым күндері өткен болатын.
Парламент • 15 Шілде, 2017
Қ. Тоқаев Чехия Сенатының төрағасымен кездесу өткізді
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Парламенті Сенатының төрағасы Милан Штехпен кездесу өткізді.